Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Су асты мұнай-газ құбырларының конструктивті



Pdf көрінісі
бет198/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

17.5.2 Су асты мұнай-газ құбырларының конструктивті 
ерекшелігі, оларды теңізде төсеудің қиыншылықтары
Су асты мұнай-газ құбырларын құрудың техникалық-экономикалық 
көрсеткіштеріне олардың конструкциясы, құбыр металы, трассаның 
геоморфологиялық және гидрометеорологиялық көрсеткіштері және басқа фак-
торлар әсер етеді. Оларды қарастырайық.
Теңіз құбырларының конструкциясын бірнеше варианттарды талдау 
және олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жұмыс ауданның 
геоморфологиялық және гидрометеорологиялық мінездемелерін, жүзбелі 
құралдардың болуын, құбыр құруға арналған механизмдер мен құрылғыларды 
ескере отырып, салыстыру арқылы таңдайды. 
Құбыр үшін металды техникалық-экономикалық негіздеу негізінде жұмыс 
қысымын, құбыр өлшемдерін, құру орнын, теңіз тереңдігін ескеріп таңдайды. 
Су асты құбырларына арналған болат көнеруден тұрақты және жақсы пісірілу 
қасиетіне ие болуы керек. Құбырды пайдалану кезінде оның тұрақты, үзіліссіз 
жұмыс істеуі және сенімділігі пісірілген қосылыстардың сапасына байланысты.
Тігіссіз құбырлардың механикалық қасиеттері бүкіл көлденең қимасы 
бойынша бірдей, осыған байланысты су асты құбырларын құру кезінде тігіссіз 
құбырларды қалайды. 
17.10-сурет. Теңіз қайраңында құбыр желілерін төсеу


453
Гидродинамикалық жүктеме әсерінен теңіз түбінде жатқан құбырдың 
бөлек учаскелері шаршау қирауларын алып келетін дірілді сезеді. Түйісті 
электроконтактілі пісірумен қосылған құбырлар ауада және суда шаршау 
қирауларына ең тұрақты екені сынаулармен дәлелденді. 
Теңіз түбіндегі мұнай құбырларының тұрақтылығы үшін қарсы жүзгіштікті 
қамтамасыз ететін балластировка қажет. 
Түпке қатыстысы орналасуына байланысты құбырлар тереңдетілген 
және тереңдетілмеген болып бөлінді. Каспий теңіз кәсіпшілігін жайластыру 
тәжірибесінде коррозияға қарсы жабынмен оқшауланған, алдын ала торкрет 
әдісімен бетондалған тереңдетілмеген құбырларды қолданады. 
Теңіз мұнай газ кен орындарын пайдалану анализі мұнай кәсіпшілік ком-
муникация жүйесіндегі негізгі қиыншылықтар (гидраттар мен парафиндермен 
тығындалуы) қоршаған орта температурасы шайыр-парафин түзілімдерінің 
кристаллизация немесе гидрат түзілу (15-17
0
С) нүктесінен төмен түскенде, яғни 
күз-қыс мерзімінде болатынын көрсетті.
Су асты мұнай-газ құбырларындағы жылулық жоғалтуларды қысқарту 
үшін құбырларды тұйық кеуекті су өткізбейтін пенополиуретан қабатымен 
жалатудың үзіліссіз механизацияланған жоғары эффективті әдісі жетілдірілді. 
Пенополиуретан құбырдың берілген учаскесіне жалатылады. Соңғыларын ал-
дын ала тазартып, ыссы газ ортасында 20-30
0
С температураға дейін қыздырады. 
Осыдан кейін араластырғыш сыйымдылыққа пенополиуретанның бірінші және 
екінші бастапқы компоненттері беріледі. Химиялық реакцияның соңғы өнімімен 
құбырдың сақиналық кеңістігіндегі оқшауланған құбыр мен пішінді камераның 
арасындағы құбырды жалатады (
17.11-сурет
). 
17.11-сурет. Құбылжелінің қорғану сұлбасы


454
Бастапқы компоненттерді (№1 қоспа және №2 қоспа) сәйкесінше 6,7-і 
сыйымдылықтарға құяды.
№1 қоспа полиэфирдің 100 бөлігі мен активаторлы қоспаның қосындысы, 
оның ішіне триэтиламиннің 3 бөлігі, ОП-10 эмульгаторының 0,5 бөлігі, 
ализаринді майдың 4 бөлігі және дистилденген судың 2,5 бөлігі кіреді. 
Дайындалған активаторлы қоспаның ішіне полиэфирдің өлшенген мөлшерін 
қосады. Бүкіл қоспа 30 минут ішінде араластырылады. 
Камера ішінен кеуекті резеңке қабатымен қалалған. Камераның сыртқы 
бетіне араластырғыш-пистолет бекітілетін тез қосылатын салынбалы гайкасы 
бар бұрулар (5), (11) (сосок) пісірілген. Пистолеттің ішінде қоспа араластыры-
лып, құбыр мен камераның ішкі беті арасындағы кеңістікке беріледі. Бастапқы 
компоненттер химиялық реакцияға түсіп, тез көбіктенеді (1-2 мин ішінде) де 
тұйық-кеуек құрылымды жылу изоляция қабатын түзіп, өңделетін бетте қатады. 
Құбырдың пенополиуретан жылу изоляция қабатымен жалатылуы бо-
йынша пішінді камера құбырға қатысты коаксиальді, оқшаулағыш жабынның 
біртектілігін қамтамасыз ететін жылдамдықпен құбыр бойымен жылжиды. 
Аталған әдіспен құбырларды жалату жылдамдығы 1-ден 10-15 м/мин аралығында 
ауытқиды. Осылайша оқшаулағыш құрылымның біртектілігін қамтамасыз ету 
үшін камераның жылжу және жылуизоляция жылдамдығы сәйкес келуі керек. 
Сораптың (9), (10) айдау желілерінде орнатылған электроконтактілі мано-
метрлер қысым 0,15 МПа асқан кезде жетекті ажыратады. Бұл шашыратқыш 
камераның жылжу жылдамдығы 0,5 м/мин төмен түскенде болады. 
Зауыттық жағдайда жабынды жалату жылжымайтын пішінді камера ішінде 
орындау қарастырылған. Оқшауланатын құбыр жылжымайтын пішінді камера 
ішінде иілімді жабыны бар роликті стенд бойымен жылжиды, ол өз алдына қату 
кезінде оқшауланатын қабат деформациясын болдыртпайды. Берік гидроизоля-
цияны қамтамасыз ету үшін пенополиуретанды хлорвинил қабатымен қаптау 
керек, мысалы, экструзия әдісімен. 
Үлкен диаметрлі жылу изоляцияланған құбырлар қарсы жүзгіштік қасиетке 
ие болу үшін оларды алдын ала металл қаптамамен тазартып, бетондайды.
Құбырларды бетондау оларды ауырлатады және механикалық зақымданудан 
қорғайды. Бетон қалыңдығы берілген күштік әсерлер кезінде тұрақтылық пен 
беріктікті қамтамасыз ету шартарымен анықталады. 
Теңіз құбыр трассасын таңдау кезінде топогидрографиялық зерттеулер 
нәтижелерін қолданады, жағажай құрылыс алаңының, келу жолдарының және 
кеме тұрақтарының орналасуын байланыстырады. 
Мұнай-газ құбыр желілерін құрудағы жауапты операциялардың бірі 
құбырды теңіз түбіне төсеу болып табылады. Құбыр төсеудің түрлі әдістері бар: 
түппен сүйреу, суға батыру арқылы немесе құбыртөсегіш баржалар арқылы. 
Отандық тәжірибеде ең алғаш рет 1976 жылдан бастап Каспийде құбыр құру 
жұмысының негізгі көлемі «Сулейман Везиров» құбыртөсегіш баржасымен 


455
орындалды. Ол диаметрі 800 мм дейін құбырларды 200 м теңіз тереңдігінде 
төсеуге арналған (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет