521
мың баррельді құраған. Осы кезде ұңғының өнімділігі орнатылумен және бар-
лау жұмыстардың экологиялық ережелерінің жетілмеуімен шектелген.
2001 жылдың күз айында Шығыс Қашаған-2
құрылымында бірінші бар-
лау ұңғымасы үшін қорғаныс жүйесінің құрылысының аяқталғаны туралы
хабарлаған. Бағасы $1 млн. болатын конструкциясын Атыраудың «Промонтаж
К және В» ЖШКО дайындаған. Ол ұңғылардың сағасын сыртқы табиғи фактор-
лардан, соның ішінде мұздан қорғау үшін арналған.
Жаңа ұңғыларды бұрғылау теңіздегі тереңдігі 2-ден 4 м болатын жасанды
аралдардан әкелуге мақсатты болады. Бұрғылау қондырғыларын орналастыру
үшін бермдердің құрылысын Баутино ауылының
маңында орналасқан Аташ
карьерасында алынатын жыныстардан жүргізіледі деп шешілген. Жасанды
аралдардың құрылысын жүргізу тендерін американдық түрік Bechtel-Enka ком-
паниясы жеңіп алды.
Өлшемі 120x80 м бірінші жасанды арал Шығыс Қашаған-5
блогында
тұрғызылған. Оның құрылысы үшін 350 мың тонна тас керек болған.
Жасанды аралдарды бұрғылау үшін екінші бұрғылау қондырғысы алынған.
Бұрғылау платформасын әкелу бойынша халықаралық тендерді германиялық
Deutag компаниясы жеңіп алған. Алғашқыда бұл платформа Ұлыбританияда өте
терең ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылған.
Қазақстандық өндірушілерден Agip KCO 2001 жылы 113$ млн. сомасына
тауарлар мен қызметтерді алған, ал 2002 жылы бұл көрсеткішті 120$ млн. дейін
жеткізуді жоспарлауда. Келісімшарт негізінен жер өңдеу жұмыстарын жүргізуді,
жолдар мен елді мекендер құрылысын қарастырады. Сол уақытта ақшаның үлкен
бөлігін консорциум жоғарғы технологиялық
жұмыстар мен қондырғыларға
бағыттауда, онда қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері шектелген.
Достарыңызбен бөлісу: