Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет222/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

20.1.3 Инвестициялар мен перспективалар
Каспийдің қазақстандық қайраңдарының кен орындарын өңдеуге кет-
кен жалпы инвестициялар 14 жыл аралығында 20 млрд. доллар деңгейінде 
бағаланады. 
2002 жылдың басында консорциум Қашаған кен орнында жұмыс жүргізу 
үшін 1,2 млрд. доллар салған, соның ішінде 1993 жылдан 1997 жыл аралығында 
консорциум сейсмикалық жұмыстарды жүргізу үшін 300 млн. доллар 
шығындаған. 
1998 және 1999 жылдары жобаға 158-160 млн. доллар инвестицияланған, 
2000 жылы 200 млн. доллар, 2001 жылы 420 млн. доллар жұмсалған.
2002 жылдың жұмыстарының бағдарламасын қамтамасыз ету үшін 800 млн. 
доллар инвестиция талап етіледі. 
2003 және 2006 жылдар аралығында Қашаған кен орнын игеруге 7 млрд. 
доллардан астам қаржы салынды. 
Agip KCO Қашаған кен орнында мұнайды осылай алуды 2015 жылы, ал 
коммерциялықты 2016 жылы бастауды жоспарлап отыр. Өндірістік өңдеудің 


522
бастапқы сатысында консорциум күніне 5 млн. тонна мұнай алуды жоспарлау-
да. Бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш 15 млн. тоннаға дейін жоғарылауы 
мүмкін. 
Қашаған кен орнында болған жұмыс аралығында Қазақстанның бюджеті 
250 млн. доллар алды. 20013 жылы Қазақстан тағыда 50 млн. доллар бонус ала-
ды деп болжамдалуда. Ал 2016 коммерциялық алу басталатын кезде 150 млн. 
доллардан 200 млн. долларға дейін алуы мүмкін. 
20.1.4 «Құрманғазы» жобасы
Қазақстан Ресеймен бұрынғы «талас аумақ» болып есептелетін Каспий 
қайраңдарындағы Құрманғазы құрылымында жүргізілген сейсмикалық зерттеу-
лер нәтижелерінен үлкен үміт күтуде. 
Екі көршілес елге Каспий қайраңында жұмыстарды интенсификациялауға 
мүмкіндік беретін позитивті өзгерістер 2002 жылдың 13 мамырында болған. 
Қазақстан және Ресей президенттері пайдалы қазбаларды пайдалануға суверенді 
құқықты жүзеге асыру мақсатымен Каспийдің солтүстік бөлігінің түбін бөлу 
туралы Екіжақты Келісімге арналған Хаттамаға 1998 жылдың 6 шілдесінде қол 
қойды.
Ресей мен Қазақстан арасында пайдалы қазбаларды суверенді 
пайдалануға құқықты орнататын хаттама Каспий теңізінің солтүстік бөлігін 
модификацияланған орта сызығының географиялық координаттарын бекітті. 
Модификацияланған орта сызықтың бастапқы нүктесі ретінде 46 гра-
дус 13,3 солтүстік ендік және 44 градус 26,4 шығыс бойлық қабылданған. Ал 
соңғы нүктесі ретінде 42 градус 33,6 солтүстік ендік және 49 градус 53,3 шығыс 
бойлық қабылданған. 2002 жылдың 13 мамырында қол қойылған құжатқа сай 
РФ Орталық және Хвалинск құрылымында пайдалы қазбаларды пайдалануға, 
ал ҚР Құрманғазы құрылымын пайдалануға құқылы. Егер модификацияланған 
орта сызығын кесіп өтетін жаңа құрылым табылса, онда бөлек келісім бойынша 
пайдаланылады. Құрманғазы құрылымындағы пайдалы қазбаларды игеру ҚР 
заңдылығына сай жүргізілетін хаттамада бекітілген.
Құрманғазы құрылымында шикізаттарды қолдану ҚР заңдылықтарына 
сай жүргізілетіні хаттамада жазылған. Құрманғазы құрылымы үшін шикізатты 
қолдану келісімшарты ретінде өнімді бөлу туралы шешім қабылданған. 
Ресурстарды бірігіп игеру үшін жауапты ұйымды бекітеді. Жобада Қазақстан 
мен Ресейдің үлестері 50%-дан. Ресейдің жауапты ұйымы Құрманғазы 
құрылымында шикізатты қолдану жабасында конкурссыз қатысу мүмкіндігіне 
ие болған. 
Мемлекеттер арасындағы келісімдерге сай Қазақстан мен Ресейдің жауапты 
ұйымдары олардың қатысу үлесіне сай құқық пен міндеттерге ие болады. Бірақ 
Ресей жаққа бекітілген опционды коммерцияға енгізер алдында қазақстандық 
және ресейлік арнайы құрылыстардың құқықтары мен міндеттері тең болады.


523
Кен орнын ашқаннан кейін алты ай өткеннен кейін кәсіпорын опционды сату 
туралы Ресей жағына коммерциялық ұсыныс жасауы керек. Ресей ұйымдарына 
опционды белгілі бір ретте пайдалануға мүмкіндік береді. Ресей опционнан бас 
тартқан жағдайда кәсіпорын жобадағы 25% еркін пайдалануға мүмкіндік алады. 
Опционды сатқаннан түскен пайда жобаны дамытуға бағытталады.
2002 жылдың 13 мамырындағы құжаттарға сай жауапты ұйымдар өздерінің 
кәсіпорындағы қатысу үлесін өз мемлекетінің рұқсатымен басқа өкілдерге бере 
алады. Бірақ бұл приоритетті құқық басқа заңгерлер ұсынғандардан кем емес. 
Келісім бойынша өздерінің қаржылық міндеттерін қамтамасыз ете алмаған 
жауапты ұйымдар өз үлестерін жоғалтады. 
Алыс шығыс аумақтарда шамамен, 300 перспективті антиклиналды 
қоймалар ашылған. Шамамен, 140-тан астам кен орындарын ашу болжамдануда, 
олардың 100-ден астамы Охотоморск қайраңында. Мұнай-газ алушы кешеннің 
толығымен дамуы кезінде Охот теңіз қайраңында алу деңгейі 2050 жылға мұнай 
бойынша шамамен, 100 млн.т, газ бойынша 200 млрд м
3
жетуі мүмкін.
Қазіргі кезде «Сахалин-П» жобасы жүзеге асырылуда. 
Пильтун Астох кен орны мұнайлы болады және Сахалин аралының 
солтүстік шығыс жағалауынан 16 км орналасқан. Кен орнын игеру Асхот 
учаскесінен басталған. Мұнда Ресейдегі бірінші Molikpaq бұрғылау платформа-
сы орналасқан, онда 1999 жылы жазда алғаш рет өндірістік нысаналарда мұнай 
алынған.
«Сахалин-II» жобасын жүзеге асыру шегінде алынған бірінші мұнай 1999 
жылдың шілдесінде алынған.
«Сахалин-III» жобасы төрт блоктар шегінде мұнай мен газдың тоқтауын 
мүмкін болатын іздеу, қадағалау және өңдеу перспективаларын қарастырады. 
Осы жобаға сай тек Оңтүстік Кирин қадағалау ауданы бойынша алынатын 
қорлар шамамен, 400 млн мұнай және 30 млрд газ. Бұл аудан Сахалин өзенінің 
қайраңында ең үлкен кен орны саналады. 1998 жылдың ортасынан «Сахалин-
IV» жобасын жасау және жүзеге асыру басталды. 2000 жылы жүргізілетін 
геологиялық қадағалау жұмыстарының уақыты 6 жыл деп белгіленген. 
Сонымен бірге Сахалин аралының солтүстік бөлігінде мұнай қаныққан 
блокты игеру «Сахалин-V» жобасы бойынша басталды.
Ресейдің оңтүстігінде мұнай мен газдың көзі Каспий, Қара және Азов 
теңіздерінің қайраңдары болып табылады. Барланған немесе мұнайдың болжам-
ды құрылымы Каспий теңізінің Ресей қайраңында орналасқан, көбіне 2-30 м 
Солтүстік Каспийде және 10-60 м тереңдікте Батыс Каспийде. 1995 жылы мұнда 
81,6 мың тонна мұнай өндірілген. Бірінші кезекте нысандарға Инчхе-теңіз мұнай 
конденсатты кен орындарын және Солтүстік-Батыс Каспийде мұнай қаныққан 
локальді ауданды жатқызуға болады. 2010 жылдың аяғына таман бұл кен орын-
дарда мұнай өндіру көлемі бірнеше миллион тонна жылына болуы мүмкін. 
Каспий қайраңындағы кен орындары барлау және пайдаланылған техникалық 
құралдар қажет.


524
70-жылдың соңы мен 80-жылдың басында сынамалы пайдалануға Қара 
теңізінің газконденсатты кен орны дайындалған. Қазіргі кезде Қара теңіз бен 
Азов теңізінде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.
Одан басқа Балтық теңізінің кен орындарында игеру жұмыстары жүргізілуде. 
Болжанған қор 50-60 млн т құрайды, одан алынатыны – 16 млн т 1995 жылы бұл 
жерде 745,2 мың т мұнай өндірілген. Балтық теңізінің қайраңдарын қарқынды 
игеру, үлкен мұнай қоры бар Кранцов кен орнын игеруді енгізумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет