Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз құбыржелілерін коррозияға қарсы қорғау



Pdf көрінісі
бет218/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

19.3 Теңіз құбыржелілерін коррозияға қарсы қорғау
Теңіз асты құбыржелілері деп су беті деңгейінен төмен орналасқан және 
мұнай, конденсат немесе газды теңіз кен орындарынан жаға базаларына 
тасымалдауға арналған құбырларды айтамыз.
Теңіз құбырларын жобалағанда немесе пайдаланғанда олардың ерекше 
сенімді болуын ескеру қажет, себебі сулы ортада болатын апаттар қоршаған ортаға 
өте зиянды әсерін тигізеді және оның салдарын жою қымбатқа, қиынға түседі. 
Теңіз құбырларының сенімділігі желге, теңіз толқуына, ағысқа, геологиялық 
және геотехникалық жағдайларға, су температурасына, су құрамына, ортаның 
коррозиялығына тәуелді болады. Тербеліс туғызатын жел әсерін ескере отырып 
тірек есебін есептеу қажет. 
Құбырларды өте берік және серпімді болаттардан дайындау себебі, 
құрылысында және пайдалану кезінде олардан талап етілетін жоғары 
сенімділікке байланысты.


514
Теңіз құбырлары дайындалатын болаттарға қойылатын негізгі талаптарға 
мыналарды жатқызуға болады:
• 
Қөміртекті болаттан дайындалған құбырлар үшін ағу шегінің уақыттық 
кедергіге қатынасы 0,75 аспау керек және аз лигерленген болат үшін 
0,80; 
• 
Бес құбырдың қосындысынан тұратын үлгінің салыстырмалы ұзаруы 
20 пайыздан аспауы керек; 
• 
Соққы тұтқырлық 0 
о
С-та 40 Дж/см
2
төмен болмауы керек. 
Осы және басқа да талаптар құбырдағы жұмыс қысымы мен гидростатикалық 
қысымның жоғары болуына, теңіз түбіне құбырларды төсеуінің ерекшеліктеріне 
және теңіз құрлымдарының құрлықтағыға қарағанда сенімділігін арттыру 
қажеттіліктеріне негізделген.
Болаттардың пісірілгіштік қабілетін көміртегі эквиваленті арқылы бағалауға 
болады, ол халықаралық пісіру институтының формуласы бойынша есептеледі.
С
э 
= С + Мn/6 + (V + Mo + Cr)/5 + (Cu + Ni)/15
Бұл жердегі 
С, Мn, V, Mo, Cr, Cu, Ni
– сәйкесінше құбыр металындағы 
көміртегі, марганец, ванадий, молибден, хлор, мыс және никельдің үлесі. 
Теңіз жағдайындағы пісіру жігінің коррозиясының зерттеуінің нәтижесі 
көрсеткендей коррозияның орташа жылдамдығы 0,06-0,18 мм/жыл құрайды, 
жіктердегі коррозияның максимал тереңдігі 0,13-1,6 мм/жыл тең. Құбырдың 
басқа бөліктерімен салыстырғанда пісіру жігіндегі коррозияның қарқындылығы 
жіктегі екі балқыманың байланысымен түсіндіріледі.
Пісіру жігінің коррозияға шыдамдығын ондағы электродты потенциалды 
арттыру арқылы қол жеткізуге болады, ол үшін мына әрекеттерді орындаған 
жөн;
• 
Пісіру жігін таза, тегіс, минималды тотығумен, кеуексіз және қосылыссыз 
жасау;
• 
Пісіру кезіндегі қоспаның құрылымының өзгерісі минималды болу 
үшін пісіру материалдарын дұрыс таңдау;
• 
Жіктегі балқыған металдың электродты потенциалын арттыру үшін 
оны жасанды түрде элементтермен қаптау; 
• 
Жіктегі электродты потенциалды арттыратын былқыма компоненттері 
өртеніп кетпейтіндей етіп пісіру үдерісін жүргізу.
Барлық теңіз құбырларында толық қызмет мерзіміне есептелген (20-30 жыл 
немесе одан да көп) коррозияға қарсы қорғанысы болуы қажет. Одан басқа теңіз 
құбырлары теңіз түбіне орнықты етіліп төселуі керек. Жағалау бойындағы құбыр 
орнықтылығы төсеу тереңдігіне, теңіз түбі рельефіне, әсер ету параметрлеріне 
және теңіз түбі ағыстарына, құбырдың теңіз түбіне орналасуына (топырақта не-
месе оның үстінде) байланысты. 


515
Сондықтан құбыр конструкциясы мен оның төсеу әдістерін таңдаудан 
бұрын трасса бойындағы теңіз түбін жан-жақты қарастырып және тасымалдау 
мен рефракция кезіндегі толқын параметрлерін анықтаған жөн. 
Технология және мұнай мен газды магистральді құбырлар арқылы тасымал-
дау үдерістерін үдету әдістерінің негізгілері мыналар: 
• 
Осы заманғы жаңа технологияларды, автоматизация әдістері мен теле-
механизация енгізу және дамыту;
• 
Үдерістер мен объектілерді басқарудың тиімділігін ғылыми негізіндегі 
әдістері (экономикалық-математикалық әдістер, шешім қабылдау тео-
риясы және т.б.) мен осы заманғы есептеу техникасы көмегімен арттыру 
(компьютер технологиясы). 
Бірінші бағыты – мұнай мен газды тасымалдау және өңдеудің тиімді жаңа 
технологиясын игеру және енгізу, экономикалық-экологиялық критерийлерге 
жауап беретін схемаларды қарастыру.
Магистральді құбырлар арқылы көмірсутек шикізаттарын тасымалдаудың 
технологиялық үдерістерін үдетудің басқару тиімділігін ғылыми әдістер 
негізінде артыруды қарастыру (екінші бағыт) 
Магистральді құбырларды басқару үдерісі, басқа да өндіріс объектілері 
мен кәсіпорнындағы кешенге кіретін мұнай мен газға байланысты көптеген 
өндірістік операциялар, құбырлар, резервуар, энергетикалық және басқа 
кәсіпшіліктерді пайдаланудағыдай шешім қабылдаумен байланысты. 
Бұл тапсырманы тиімді шешу үшін тауар тасымалдау операцияларына жа-
татын, кен орындарынан мұнайды қабылдау, оны түпкі пунктке жеткізумен 
қатар қосылған мұнай өңдеу зауыттарына айдау, мұнай құю пункттері мен 
мұнай базаларына және мұнайды түпкі тұтынушыға жеткізу жұмыстарына 
қатысы бар жұмысшылар коллективтері арасындағы қарым-қатынас пен өзара 
іс-әрекеттерінің үйлестігін қамтамасыз ету қажет.
ЛПР-дің дұрыс шешім қабылдауы, басқарылып отырылған магистральді 
құбырлар жөніндегі ақпараттың ЛПР-ге қажетті мөлшерде толық, уақытында 
және шындыққа сай болуына байланысты.
Толық, уақытында берілген ақпарат қабылданатын шешімнің тиімділігін 
қамтамасыз етеді, өйткені ол шешімнің ең қолайлы вариантын өндірістік 
жағдайдың анализіне және жиналған тәжірибеге сүйене отырып таңдалады. 
Осындай магистральді құбырларды басқару тапсырмалары шешімі мен форма-
лизациясы практикада жоғарыда айтылып кеткен ақпараттың жетіспеушілігіне 
байланысты қиындайды, осының себебінен тапсырма көп критерийлі болады.
Осындай тапсырмаларды шешу үшін анықталмағандық шарттарында жұмыс 
істейтін математикалық жаңа әдістерді қолдану керек. Тәжірбиеде жиналған 
ақпарат әдетте анық емес: келең түрдегі талқылау, сол облыстағы мамандардың 
білімі болып келеді. Осындай шала ақпаратты магистральді басқару жөніндегі 
шешім қабылдауда тиімді пайдалану және формализация әдістерін экспертті 
бағалау және тура емес көптік теориясына жатқызуға болады. 


516
Қазақстан секторында Каспий теңізі қайраңында орналасқан теңіз кен 
орындарының көмірсутектеріне жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендігі 
олардың құрамы теңіз кен орындағы көмірсутектерге ұқсас. Осыған байла-
нысты бұл теңіз кен орындарында теңіз кен орнындағы мұнай және газ өңдеу 
заводының технологиясының сұлбасына ұқсас сұлбалар қолданылуы мүмкін. 
Бұл теңіз кен орындарындағы мұнай құрамы бойынша күкіртті мұнайларға жата-
ды (салмағы бойынша 13 пайыз шамалас – күкірт сутегі H

S). Күкірт сутегі улы 
болғандықтан, теңіз кен орындарының мұнайы мен газын өңдеу зауытқа ерек-
ше мәселелер туғызады. Теңіздегі мұнай және газ өндеу зауытында қолданатын 
технологиялық сұлбасына қысқаша түрде талдау жүргізейік, бұл сұлба Кас-
пий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі теңіз кен орындарының мұнай және газын 
бірінші ретті тазалауда қолданылуы мүмкін.
Технологиялық сұлба тұрақталған және сусыздандырылған мұнай өндіруге 
арналған. Ілеспе газдан суытылған мұнай газының фракциясын бөліп алу қажет, 
ал қалған метанға бай газ жоғары қысымды құрғатылған тауарлы газ түрінде 
шығарылады. Өнімдер көмірсутектен тазартылуы керек, ал 
H

S
қарапайым 
күкіртке өндіріледі.
Шикі мұнай тұрақтандырылады, ал пайда болатын газдар екінші ретте 200 
қондырғысында сығылады. Осы қондырғыға келетін өнім F-201 сеператорында 
65 бар қысылысымен сұйық фазаға бөлінеді. F-202 сеператорына бағытталады, 
осы аппаратқа крер клапанында 25 бар дейін декомпозиция жолымен ағындағы 
сұйық көмірсутектердің үлесінің қосымша азаюы жүреді. Қысымды түсіру 
нәтижесінде пайда болатын бу F-202 сеперацияға ұшырайды.
Қалған сұйық мұнайға тағы бір рет осыған ұқсас жолмен дигазация 
жүргізіледі, сұйықтың сұйық қысымды F-203 сеператорына жіберіледі. Түзілген 
газдар екінші ретті компрессияға жіберіледі, осы уақытта сұйықтық (мұнай және 
қабат суы) тұрақтандыру колоннасы D-202 жібере деп бұрын электростатикалық 
тұзсыздандыру аппаратынан тұз бен ылғалды айыру үшін өтеді. Бұл коллоннада 
қажетсіз төмен қайнайтын компонент қалдықтары H
2
S қосып, сұйықтан кубты 
өнімді қайнату арқылы бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет