542
ҚОрЫТЫНДЫ
Дүниежүзінің көптеген елдерінде өндірістік өнеркәсіптің өсуі адамзаттың
отынға, әсіресе мұнай мен газға деген үздіксіз артып келе жатқан қажеттілік-
теріне себепші.
Теңізде іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстары жүздеген мемлекетте жүргізіледі
және ол барлық континенттердің қайраңдарын қамтиды. 1986 жылы 2400 теңіз
мұнай және газ кен орындары ашылған болса, 1200 кен орын игерілуде болған.
Теңіз мұнай және газ кен орындарын игеруде үлкен серпіліс әсіресе солтүстік
теңізде технологиялық және техникалық мәселелерді шешу аймағында үдей
түсуде. Мұнай мен газды өндіру, терең суларда бұрғылау техникасы мен тех-
нологиясы аса жылдам екпінімен дамуда. Егер 1965 жылы бұрғылау жүргізуде
ең үлкен су тереңдігі 193 метр болса, онда 1979 жылы 1487 метр, ал келесі 10
жылда 2086 метр және одан да терең болды. Тереңдігі 1830 метр және одан
да көп терең суларда (2440 метрге дейін) ұңғымаларды бұрғылау кемелерде
жүргізілуде.
915 метр және одан да терең су тереңдіктерінде пайдаланып бұрғылау
және мұнай газ өндіру үшін техникалық жабдықтардың модельді және толық
масштабты сынау жүргізілген-ді. Қазіргі кездегі
пайдаланудағы теңіз кен
орындарының барлығы дерлік теңіз тұрақты платформаларда игерілуде. Теңіз
тұрақты платформасын орналастырудағы рекордты су тереңдігі 313 метрді
құрайды. Су тереңдігі 500 м дейінгі платформалардың бір қатары 1970-1980
жылдары солтүстік теңізде теңіз түбінде өзінің үлкен салмағының есебінен
тұратын гравитациялық типті темір бетонды платформаларда қондырылған.
Шетел мамандардың пікірі бойынша серпімді типті тұрақты платформа-
ларды, керілген тіректері бар платформаларды жобалау мен конструкциялау
болашағы зор перспективалы бағыт болып табылады деп есептелуде.
Терең сулардағы кен орынды меңгеру проблемалардың басқа шешімі сағалық
жабдықты тікелей теңіз түбіне орналастыру 01.01.96 жылы дүниежүзінің әртүрлі
аудандарында сағасы суастына орналастырылған 145 ұңғыма пайдалануда бо-
лып, 324 ұңғыма бұрғылаған. Осы уақыт ішінде ұңғыманы суасты пайдалану
әдісі оң нәтиже берді және суасты ұңғымаларды пайдаланған 16
жыл ішінде
ешқандай апаттар болмағанын көрсетті.
Соңғы уақытта аз зерттелген және қоршаған орта жайлы нақты мәліметтерді
талап ететін солтүстік және арктикалық жағдайларда қайраңдық зоналардағы
кен орындарды игеруге қызығушылық арта түсуде. Солтүстік мұзды мұхиттың
теңіз акваторияларда ең маңызды проблемалар бұл мұздық жағдайлар және
судың тереңдігіне байланысты. Бұл аудандар жұмыс жағдайының әртүрлілігіне,
мұздық жағдайына, тереңдігіне, ағыстарына және жергілікті рельефіне бай-
ланысты сипатталады. Мамандар болашақта әрбір
аудан жеке қарастырылуы
543
керектігін, нақты ауданда кен орнының жағдайлары толық сәйкесті зерттелуі
керектігін, ол үшін оларды меңгерудің сәйкесті техникасы мен технологиясы
жасалуы қажет деп есептейді.
Теңіз кен орындарының құрлықтағы кен орындарға қарағанда
артықшылықтары мен ерекшеліктері жеткілікті. Құрлықтағы жасақтардың
құнының 90 пайызы
ұңғымаларға тиетін болса, теңіз кен орындарының ең
басты ерекшелігі құнының қомақты бөлігі гидротехникалық жасақтарға,
бұрғылау платформалары мен кемелерге, суасты құбырларына, әмбебап жүзбелі
жасақтарға тиесілі.
Тағы бір ерекшелігі мұнай кеніштерінің теңіз түбінен терең жатпауы және
теңіз түбінің жыныстары көбінесе шөгінді болып келуі. Теңіз кен орындарын
игеруге кеткен жалпы шығындардың көлемі көп екендігін санағанда, тиімділікті
алынатын мұнай қоры үлкен және орта тәуліктік дебиті жоғары ірі алып кен
орны қамтамасыз етуі тиіс. Теңіз кен орындарында нарықта жоғары бағаланатын
конденсатты мұнай жиі кездеседі.
Соңғы жылдары континенталды қайраңда пайдалы қазбалардың дамуы
айтарлықтай көп мөлшерде жаңа гидротехникалық
құрылғылар типтерін
пайдалануға алып келді. Бұл құрылғылар өзінің тиімділігімен қатар құрастыру
тәсілдерімен ерекшеленді. Бұл орайда, бұрын инженер-гидромеханиктердің прак-
тикада кездестірмеген қиындықтар туындады. Қайраңдағы гидротехникалық
құрылғылар құрылысының көлеміне қарамастан, оның проектісіне байланысты
көптеген сұрақтар толықтай шешілді және осы орайда жұмыс жасайтын маман-
дар алдында күрделі де қызықты мәселелер тұрды.
Негізгі мәселелердің бірі: толқу, ағын, мұз, жел, сейсмикалық сияқты табиғи
факторлардан анықтау болды. Бұл ауыртпалықтар айнымалы қасиетке ие және
көбіне динамикалық болып табылады. Осындай ауыртпалықтарды анықтайтын
жаңа тәсілдер жұмыс сапасын үнемі анық көрсете бермейді, сондықтан
жетілдіруді қажет етеді.
Құрылғының типіне байланысты оны есептеу кезінде әртүрлі қиындықтар
туындайды. ЭВМ көмегімен қиын, үлкен көлемді есептерді шығаруға тура келеді
және есеп барысында мән нәтижесі бойынша алдын алуға келмейтін қиындықтар
туындайды. Мұндай баға тек ауқымды тәжірибелік мәліметтер құрастырылған
құрылғылардан алынған кезде ғана мүмкін. Мысалы: тереңсулы гравитациялық
платформалардың негізгі есептеулері айтарлықтай дәл болмайды,
өйткені
оның тереңдік базасы 10000 м
2
жоғары, свайлы-гравитациялық құрылғылар
платформамен керілген тросты системалар, т.с.с. Осы жағдайдың барлығы
үнемі Ресейдегідей, шетелдерде де, теңіз қайраңындағы гидродинамикалық
құрылғылармен байланысты барлық бағыттағы зерттеулер көлемін ұлғайтты.
Бұл зерттеулер теориялықпен қатар тәжірибелік мағынаға ие болды.
Біздің мемлекетімізде Каспий және Ресейде Боренцев теңіздеріндегі өте
бай теңіз кен орындарын, Сахалин қайраңы және Солтүстік Мұзды мұхитындағы
теңіздердің игеру және пайдалану үшін осындай зерттеулер жүргізу маңызды.
544
Қазіргі уақытта бүкіләлемдік мұхиттың байлықтарын игеру ең динамикалық
сала деп айтуға болады. Бұл теңіз қайраңы кен орындарын меңгеруде
гидротехникалық құрылыстарды пайдалану аумағына да қатысты. Болашақ
мұнай-газ ісі мамандарының тәжрибеде туындаған көптеген сұрақтардың
шешімі, қайраң құрылғыларының құрылысы мен жобалауына байланысты.
Ол осы аймақта зерттеулер нәтижесін түсіну мен оқып үйрену болып табыла-
ды.
Қорыта келгенде, осы оқулық материалдары алға қойылған талаптардың
шешімін жеңілдету үшін және әдістемелік нұсқау ретінде қолданылуы тиіс.