Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет263/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Күштi және әлсiз жақтары
КТҚС-ын одан әрi игеру үшiн мынадай оң факторлар ықпал етедi:
- саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін және экономикалық дамудың 
жоғары қарқынын ұстануға жәрдемдесетiн Қазақстан Республикасының 
серпiндi әрi сындарлы iшкi және сыртқы саясаты;
- көмiрсутектерi жаңа қорларының өсiмiмен салыстырғанда энер-
гия қуатына сұраныстың озыңқы үрдiсiн туғызатын, әсiресе дамушы 
елдердегi экономикалық өсiм;
- көмiрсутектерi ресурстарының дүниежүзiлiк қорларының шектеулiлiгi; 
- көліктің, мұнай-химия өндірісінің әр алуан түрлері үшін 
көмірсутектерінің pecуpc ретiнде басым тұруы;
- iрi әлемдiк мұнай өндiрушiлердiң бағаның экономикалық тұрғыдан 
ақтаулы деңгейiн қамтамасыз етуге ұмтылысы;
- шетелдiк инвесторлардың КТҚС-на келуге дайын болуы;
- Каспий бассейнiнде теңiз мұнай операцияларынан тәжiрибесi және/не-
месе коммуникациялық инфрақұрылымы бар елдердiң болуы;
- Каспий өңiрi аймағының халқы мен ұйымдарының КТҚС-ын кешендi 
және жоспарлы игеруге мүдделiлiгi.
Сонымен бiрге, ұзақ мерзiмдi перспективада KTҚC-ын игеру қарқынына 
мынадай жекелеген тежеушi факторлардың әсер етуi ескерiледi:
- көмiрсутектерiнiң бiршама қымбаттауы, оларды шикiзаттың басқа 
түрлерiмен, энергия қуаттарымен және энергия көздерiмен ауыстыруға 
ынталандырады;


574
- құрлықтағы жобалармен салыстырғанда теңiз мұнай жобаларын iске 
асырудың жоғары құны және ұзақ мерзімі;
- өндiрiлген шикiзатты игеру және тасымалдау тұрғысынан алғанда басқа 
мұнай провинцияларынан көмiрсутектерiнiң көптеген алуға жеңiл 
көздерiнiң уақытша артықшылығы;
- күрделi таулы-геологиялық, гидрологиялық және климаттық жағдайлар;
- КТҚС-ы табиғат ортасының техногендi ықпалдарға сезiмталдығы;
- iлеспе мұнай газы мен өзге де компоненттердi (күкiрттi) кәдеге жарату 
проблемалары;
- объектiлердiң трансшекаралық аумақта және халықаралық көлде орна-
ласуы;
- өнеркәсiптiк және тасымал аварияларының болу ықтималдығы;
- көмiрсутегi шикiзатында күкiртi сутегiнiң улы уытты (күкiрттi сутегi) 
заттарының болуы;
- теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде төтенше жағдайлардың ал-
дын алу және оларға дайын болу мәселелерiнде құқықтық қатынастарды 
реттейтiн нормативтік базаның жетiмсiздiгi;
- КТҚС-да су бассейнін бақылау мен қадағалаудың тиісті жүйесінің бол-
мауы;
- теңізде төтенше жағдайларды жою үшін теңіз авариялық-құтқару 
қызметінің болмауы;
- мұнай төгілуінің алдын алу және жою саласында Каспий өңірі 
мемлекеттерінің халықаралық шарттарының болмауы.
KTҚC-ын игерудi оған елеулi табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлiк 
ресурстар тартылатын ұзаққа созылатын әрi күрделi жасампаз үдеріс ретiнде 
қарастыра отырып, осы Бағдарлама мемлекеттiк ұйымдар, жер қойнауын пайда-
ланушылар, инвесторлар, жеке тұлғалар мен осы процеске басқа да қатысушылар 
қызметiн келiсудi және тәртiпке келтiрудi көздейдi.
Теңiз мұнай операцияларын дамытудың саяси және экономикалық шарт-
тарын ecкepe, Каспий өңiрi аймағындағы жұмыстардың ауқымын және 
олардың елдiң экономикалық өсуiне оң ықпалын бағалай, сондай-ақ табиғи 
факторлардың маңызы артып отырғанын сезiне отырып, Бағдарлама КТҚС-ын 
игерудiң мақсаты мен принциптерiн белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет