Жел режимі – толқын, ағым, мұз дрейфі сияқты гидрологиялық элеметтер-
ге әсер ететін негізгі гидрометеорологиялық фактор. Желдің күшін және оның
су бассейнінің гидрометеорологиялық күшіне әсерін Бофорт шкаласы арқылы
анықтайды.
Теңіз ағымдары – судың қозғалысты жылжуы. Атмосфера циркуляциясын-
да және жер шарының әр бөлігіндегі климатқа үлкен әсер ететін теңіз ағындары,
теңіз бетінде желдің үйкелуімен, су тұздығының біркелкі таралмауынан, су
ағыстарының есебінен болатын атмосфералық қысымның өзгеруімен болады.
Теңіз ағымдарының: өзгеретін; уақытша; кезеңді (сезонды); тұрақты түрлі
болады. Орналасуы бойынша: терең бетті; тереңдік.
Толқын деп кез келген деформацияланатын ортада толқулардың
(қозғалулардың) таралуын айтады. Көптеген толқындардың ішінен ең
маңыздысы: гравитациялық және желді. Оларды есептеу үшін ең маңызды
параметрлері – ұзындығы, биіктігі және жиілігі.
Теңіз деңгейі. Теңіз гидротехникалық құрылысын салу үшін орташа не-
месе басым режимді көрсететін деңгей сипаттамасының негізін, сонымен
қатар уақыт бойынша толқу деңгейінің шамаларын орналастыруды білу қажет.
Әсіресе нақты физикалық-географиялық жағдайдағы толқын деңгейлерінің
қосындысын анықтау маңызды.
Берілген пунктте орташа деңгей ретінде әдетте қарастырылып отырған пункт
деңгейі биіктігінің уақыттың белгілі бір кезеңінде тіркелген нөлден жоғары
қабылданған орташа арифметикалық мәні алынады. Орташалануға байланыс-
ты: орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа жылдық, навигациялық кезеңдегі
орташа және көпжылдық орташа деңгейлерді бөледі. Орташа деңгейді есепте-
уге арналған басты материалдар – деңгейлердің биіктігін сағаттық және жедел
бақылау, олар фондта сақталатын хронологиялық кестелер түрінде жазылады.
Деңгейлердің бақыланатын мәндері бойынша орта тәуліктік деңгейлер орташа
айлық – орташа тәулік бойынша, орташа навигациялық – орташа айлықтан және
орташа тәуліктен анықталады.
Көпжылдық кезеңде орташа жылдық және орташа навигациялық деңгейлер
орташаланады. Деңгейлерді есептеу әдістемесі теңіздің жағалаулық аймағындағы
және өзендер сағасында инженерлік ізденістер кезінде гидрометрологиялық ре-
жим элементтерін есептеудің нұсқауында келтірілген.