Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз қайраңындағы іздеу-барлау жұмыстары



Pdf көрінісі
бет6/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
1.4 Теңіз қайраңындағы іздеу-барлау жұмыстары. 
Гидрометрологиялық режим элементтері
Қайраңда мұнай-газ кен орындарын меңгеруде техникалық жағынан өте 
күрделі және қымбат бағаланатын үдерістер бір-бірімен байланысты толық 
кешенді кезеңдерден тұрады.
Іздеу
-
барлау жұмыстары
. Мұнай-газ жиналатын геологиялық құры-
лымдардың орнын анықтау мақсатында жүргізілетін барлау жұмыстары үш фа-
зада орындалады:
1) алдын ала геологиялық ақпаратты алу мақсатында аймақтық зерттеу-
лер.


18
2) геологиялық құрылымды жалпы зерттеу, мұнай-газдылығының 
келешегін бағалау және геологиялық-геофизикалық әдістермен іздеу-
барлау аудандарын бұрғылауға даярлау;
3) өндірістік категориялар бойынша қорды есептеу арқылы кенішті (кен 
орынды) игеруге дайындау.
Бірінші фазада
графиметриялық және магнитті барлау әдістері, сонымен 
қатар спутниктерден жер бетін суретке түсіру, инфрақызыл техника құралдары 
арқылы өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Екінші фазада
іздеу-барлау және бөлшектеп геологиялық-геофизикалық 
жұмыстарды орындау жүргізіледі.
Үшінші фаза
аяқтау болып табылады, онда кен орынды ашуға әкеледі (терең 
барлау бұрғылары). Осы кезде кен орынды қоршау, ұңғымаларды сынау және 
мұнай-газ қорларын есептеу жүргізіледі.
Гидрометрологиялық режим элеметтер туралы түсінік
Теңізде мұнай және газ кеніштерін меңгеру, құрлықтағы барлау және игеру-
ден түпкілікті өзгешеленеді. Бұл жұмыстарды теңізде жүргізудің өте күрделілігі 
және арнайы ерекшеліктері қоршаған ортамен, инженерлік-геологиялық іздеу 
жұмыстарымен, өте жоғары құндылығымен және техникалық құралдардың 
бірегейлігімен, дәрігерлік-биологиялық проблемаларымен, жұмыстарды суа-
стында жүргізу қажеттілігіне, теңіздегі объектілер құрылысының технологиясын 
пайдалануға және жұмысты ұйымдастыруға, тиімді жұмыстармен қамтамасыз 
етіуге және т.б. тығыз байланысты.
Континенталдық қайраңның ерекшелігі, акваториялардың 75% солтүстік 
және арктикалық аудандарда орналасуы болып саналады. Олар ұзақ мезгіл 
мұздармен жабылып жатуы, бұл жағдай өндірістік игеруде қосымша қиындықтар 
туғызады. Қоршаған орта теңізде жүргізілетін жұмыстардың жағдайларын 
анықтайтын гидрометеорологиялық факторлармен, мұнай кәсіптік объектілер 
мен техникалық құралдарды тұрғызу және пайдалану мүмкіншіліктерімен си-
патталады.
Олардың негізгілері:
• температуралық жағдай;
• жел;
• толқындар;
• су ағымдары;
• су деңгейі;
• теңіздің мұз қабаты;
• судың химиялық құрамы және т.б.
Бұл факторларды ескеру, іздеу-барлау жұмыстарының және теңіздегі мұнай 
мен газды өндірудің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне олардың 
әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теңізде мұнай кәсіптік құрылыстарды 
тұрғызу, теңіз түбінде инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізуді 


19
талап етеді. Мұнай кәсіптік құрылыстың негіздерін жобалағанда жұмыс 
орнындағы топыраққа, су түбіне және зертханалық жағдайларға, толық және са-
палы инженерлік-геологиялық іздеулердің жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінеді. 
Алынған мәліметтердің сенімділігі мен толықтылығы құрылысты қауіпсіз 
жүргізудің және жобаның айтарлықтай тиімділігін пайдалануды анықтайды. 
Арктикалық теңіз акваторияларында ең үлкен қиыншылықтар туғызатын мұздар 
мен
 
теңіз тереңдіктері. Желдің бағыты мен күшіне, теңіз тереңдігі мен теңіздік 
ағыстарға, жер рельефі мен мұздың қасиеттеріне байланысты мұздық жағдай 
үзіліссіз өзгереді және оны болжау қиын.
Теңіз мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру – техникалық жағынан өте 
күрделі және қымбат бағаланатын үдерістер. Меңгеру кезінде негізгі мәселелер 
– осы жұмыстарды өндіру технологиясы мен техникасы болып табылады.
Теңіз кеніштерін барлау және игеру әдетте екі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезеңде геологиялық-барлау жұмыстары мұзаралық маусымда 
жүргізіледі және бұл жағдайда қоңыржай аймақтарда жұмыс жасай алатын 
техника қолданылуы тиіс. 

Екінші кезеңде, кеніштерді игеру кезінде, яғни мұнай мен газды өндіру, 
дайындау және тасымалдау, өндірістік циклдің үзіліссіз жыл бойына 
жүргізілуі, оның ішінде қыста (теңіз беті мұзбен жабылған кезде), 
бірегей әрі сенімді техника қажет,
 
оның техникалық және технологиялық 
параметрлері мен конструктивтік шешімдері, жоғары сенімділігі, ұзақ 
мерзімді жұмыс жасауы, әр ауданда жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздігін 
сақтау талаптарынан туындайды.
Құрылымдарды дұрыс орнату мәселесінің дұрыс шешімінің негізгі шарты 
– қоршаған орта туралы толық және сапалы мәлімет алу. Космостық бақылау 
құрылғылардың тез дамуына байланысты келешекте ақпараттың өсу мерзімі 
азаюы мүмкін. 
Мұнай-газ кен орындарын меңгеруде гидрометеорологиялық жағдайларды 
мұқият зерттеу өте қажет. Өйткені гидротехникалық құрылымдар қорғалмаған 
акваторияларда аса қиын ауа райында құрылып, пайдаланады. Қоршаған орта 
жағдайында құрылымдар жұмыстың сенімділігін кен орынды толық пайдалану 
мерзімінде қамтамасыз ету қажет (25-30 жыл).
Теңізде мұнай кәсіптік құрылымдарды жобалау кезеңінде кен орнының 
алаңына гидротехникалық құрылымдарды орналастыру орындары мен сұлбасын 
анықтау үшін үлкен көлемде мәліметтер қажет. Осыларға келесі мәліметтер жа-
тады:
 
толқындардың ең үлкен биіктігі және оларға сәйкес кезеңі;
 
жел мен ағымдар жылдамдығының ең үлкен мәндері.
 
ағымның келулерін ескере отырып су деңгейінің өзгерулері;
 
мұз жағдайлары;
 
толқындардың биіктіктерінің, кезеңдерінің және параметрлерінің режимді 
таралуы;


20
 
ағым профилі, жел және толқын спектрі, толқындардың топтық қасиеттері;
 
әдеттегі және өте қатты шторымдарда жел жылдамдығының жүрісі, толқын 
параметрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет