Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет11/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

 
Мұздық жағдайлар.
 
Гидротехникалық ғимараттарға мұз жүктемелері үлкен 
әсер етеді. Сондықтан мұз жағдайлары туралы (мұз түрлері, олардың сипатта-
малары, қозғалғыштығы және басқалары) нақты ақпараттар болу керек.
Құрылысы бойынша мұздардың түрлері:
– ине тәрізді (берік, мөлдір);
– кеуекті губкалы (түбінде қоспасы көп, кристалдары бағытталмаған);
– түйіршікті (қардан түзілістегі).
а) 
мұздардың бастапқы түрлері
.
Оларға мыналар жатады: ине мұздары; 
шарбымұз (сұр түсті); көксоқта – жауған қардан кесек түзетін тұтқырлы мас-
са; анжыр – кеуекті; бозғылттау кесектер; түсі сұр, диаметрі 30 см-3 м және 
қалыңдығы 10-15 см дейін болатын құймақ мұздар және қалыңдығы 10 см дейін 
болатын нилас; шынылы – сынғыш мұз қабатшасы.
ә) 
жас мұздар.
Қалыңдығы 15 см дейін сұр түсті мұз, 15-30 см дейін ақшыл-
сұр түсті мұздар.
б) 
бір жылдық мұздар.
 
Қалыңдығы 30-70 см жұқа мұздар, 70-120 см – орта-
ша және 120 см жоғары қарлы мұздары.
в) 
ескі мұздар.
Қалыңдығы 60-180 см қалдықтық біржылдық және 
қалыңдығы 3 м дейін немесе одан да жоғары көпжылдық мұздар.
Припай
 
– жүздеген километрлерге созылған, тұтас, жағасы немесе түбі 
біріккен мықты мұздар. Қалыңдығы 2-3 м. Айлақтарда және биік кеңістіктерде 
көпжылдық припай пайда болады. Оның мықтылығы сондай, кейде ол грунтта 
жатуы мүмкін. Егер қалыңдығы 2 м-ден көп болса, оны қайраңдық деп атайды.
Стамуха 
– қайраңға отырған сеңді мұз шоғырлы түзілімдері. Солтүстік 
Сібір теңіздерінде припай теңіздің 25 м тереңдігіне дейін созылған. Припайдан 
соң ығу мұздары түзіледі.
Дрейфтік ығу мұздары
мынадай болады: құймақты (припайдан), мұз 
жазықтығы – 20 км-ден көп припайдан түзілген мұздың жазық кесегі. 
Көлденеңінде 20 км-ден көп болатын мұз жазықтығын 
алып
деп атайды, ал 2-10 
км – 
кең
немесе 
байтақ
, 0,5-2 км – 
үлкен
, 20-100 м – 
сынықтар
, 20 м-ден төмен 
– 
ұсақсынықты мұз
, ал 2 м-ден төмен – 
ұнтақталған
мұз деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет