259
астыңғы жағында (2) тіректі базасында жүктемені реттейтін және платформаның
горизонтальды күйде ыңғайлы буксирлеуге көмектесетін балласты ыдыс (6)
қарастырылған. Тіректің жоғарғы бөлігінде, әдетте Тынық мұхиттың деңгейінен
төмен, жүзбелі камера (3) орналасқан. Ол платформаны буксирлеген кезде пон-
тон ретінде қолданылады, бірақ оның негізгі қызметі толқын, жел және ағындар
әсерінен платформаның вертикалды күйінен ауытқу
кезінде қалпына келтіру
моментін қалыптастыру болып табылады.
Карданды шарнир (5) платформаның ауытқу бұрышы 25° кезінде кез келген
бағытта тербелудің мүмкіндігін беретін негізгі элемент болып саналады. Кар-
данды шарнирде айналым екі өзара перпендикуляр біліктер арқылы іске асады.
Олардың біреуі тірек базасымен, ал екіншісі платформаның
тіректі бөлікпен
байланысқан. Шарнирдің конструкциясы платформаның тірек базасынан бөліну
мүмкіндігін береді.
Түптегі жылжымайтын құбырлар мен тербелмелі платформа тірегіндегі
орналасқан құбырлардың нық байланысын қамтамасыз
ету инженерлердің
күрделі мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқасы бар.
Соңғы жылдары Солтүстік теңіздегі орналастырылатын платформалар үшін
шарнирлердің жаңа түрлері ойлап шығарылуда (сфералық және торсионды).
Сипаттамасы платформаның арналуына байланысты технологиялық жабдыққа
ие жоғарғы құрылым (4) негізгі тірек бөлігіне тіреледі. Тірек не біртұтас ме-
талл немесе темірбетонды қабыршақтан, не
тесік конструкциялы металл
құбырлардан жасалады. Кейбір жағдайларда тіректің астыңғы жағын, жүзбелі
камераға дейін, тесік болып істейді, одан жоғарырақ – біртұтас қабыршақтан.
Шешімдердің әр қайсысында өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Цилиндрлі қабыршақты қолдану конструкцияны қарапайымдайды, қалқуды
реттеу кезінде қосымша мүмкіншіліктерді береді,
тесік тәрізді конструкция-
сы толқын, ағындар жүктемелерін айтарлықтай азайтады;
тіректің вертикал-
ды түтікшелі элементтері жоғары бөлікке мұнай немесе газды тасымалдайтын
құбырлар ретінде қолданылуы мүмкін. Маятникті платформалар оң және теріс
қалқулы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: