10.9.2 Теңізде тұрақты теңіз платформаларын қондыру
және жаңа орындарына тасымалдау
Платформаның тірек бөлігінің конструкциясына байланысты оны тасымал-
дау үш тәсілмен: пирамидалық типті моноблоктар-платформаларын баржамен;
мұнара типті платформалардың жүзу кезінде; арнайы понтонда жүргізіледі.
264
Ең көп қолданылатын бірінші тәсіл. Тұрақты теңіз платформасы монобло-
гын тасымалдаудың үш тәсілі
10.20 а, б, в-суретте
көрсетілген.
Моноблокты тіркеместен бұрын жүзіп өту кезінде кездесетін ең қолайсыз
дауылдық жағдайларға байланысты оның төзімділігін тексереді. Арнайы
қызметкерлер мен инспекторлар арқылы тасымалдаушы баржаның және
платформаның орнықтылығы тексеріледі. Бортта экипаж болған кезде және
баржа зақымдалған жағдайда, жеткілікті динамикалық тұрақтылықты сақтау
қажеттілігі тексеріледі.
10.20-сурет. Тұрақты теңіз платформасы тіректік бөлігін тасымалдау
в – баржамен ; б – суда қалқытып; в – понтонда;
1 – баржа; 2 – тіркемелер; 3 – платформаның тірек бөлігі; 4 – арнайы понтон
Құрыштан және темірбетоннан жасалған платформаларды тіркеу және
орнына қондыру үдерістерін модельдеу үшін, модельдік сынауларды кеңінен
қолданады. Балласты тиеу және түсіру үшін екі есе (есептік шамадан) мөлшерде
жабдықтау қарастырылады. Барлық жүйелерді тіркеместен бұрын, иеленуші
мен мекеме жобасының талаптарына сәйкес сынайды.
Тіркеу мен орынға қондыру кезіндегі өте қиын кезеңдер, тек ұзақ күткен ауа
райы болжамы қанағаттандырылған жағдайда ғана орындалады.
Платформаны коятын орынға тасымалдау күрделі және жауапты операция,
ол мұқият дайындалуды және алдын ала жобалауды, тіпті кей кезде бассейнде де
эксперименттік жұмысты өткізуді талап етеді.
Тұрақты теңіз платформаларды тасымалдаудың құжаттарын жасағанда,
баржаның саны мен жүк көтергіштігін, суға түсіру тәсілдерін (кран көмегімен
немесе крансыз) есепке алады. Платформаның баржаға орнықтылығы
және сенімді бекітілуі, қажет болған жағдайда баржаның балластировкасы
265
қамтамасыз етілгенде орналастырылады. Тіркемелердің қуаты және Тұрақты
теңіз платформасының баржаға бекітілген жерлері сенімді, әр тасымалдау
үдерістері кезінде пайда болатын теңіздегі қандай болмасын ауа райының
өзгерісіне шыдамды болуы тиіс.
Платформаны сумен тасымалдағанда оның барлық бөліктері су өткізбеуі
керек және балластировканы басқаратын органдарының қолайлы орналасқаны
жөн. Бұл жағдайда бассейнде платформалардың жиі модельдік сынауларын
және орнықтылық сипаттамаларын, тасымалдау, басқару басқа да анықтау
есептеулерін жүргізеді. Әдетте, платформаның тірек бөлігін тасымалдау үшін,
жүк көтергіштігі 20 мың т және одан да көп, ұзындығы 180, ені 40 және бортының
биіктігі 11,5 м және одан да биік баржаларды қолданады.
Баржаға ені 2,3 м-дей табан орнатылады және ол платформаның еніне
байланысты жылжи алады, талапқа сәйкес бекітіледі. Баржа көп бөліктерге
бөлінеді (50-ге дейін). Баржада әрқайсысының өнімділігі шамамен 1500 м
3
/сағ
болатындай сорабтар орналастырылады.
Бөліктердің бақылау, толтырылуы орталық басқару орнына шығарылған
V-тәрізді түтікшелермен қамтамасыз етіледі. Ысырмалар қолмен басқарылады.
Баржадан платформаны қисайған табан арқылы жылжытып суға түсіру
пневматикалық итергішпен жүргізіледі. Баржаның артқы бөлігі тербелмелі ап-
парельмен жабдықталған.
Модульдерді тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 50 мың т-ға дейінгі
баржаларды қолданады. Модульдерді баржаға лебедкамен көтеріп кіргізе-
ді, орынға жеткізілгеннен соң жүк көтергіштігі үлкен жүзбелі крандармен
түсіріледі.
Тірек бөлігі мен модульдерді құрылыс орнына тасымалдауға қажет ең аз
техникалық құралдар саны жүк көтергіштігі 2-2,5 мың т-ға дейін жүзбелі кран;
платформаны тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 20 мың т-ға дейін түсіргіш
құрылғымен жабдықталған баржа; модульдер мен қадаларды тасымалдау үшін
жүк көтергіштігі 5 мың т 3-4 баржалар; әрқайсысының қуаты 7353 кВт екі тірке-
мелер және екі жылдам жүргіш катерлер ұсынылуы мүмкін.
Платформаның тірек бөліктерін тереңдігі 100 м-ге дейінгі теңіздегі
жұмыстар үшін қуаты 4411 кВт тіркемелердің көмегімен тасымалдайды. Тір-
кемелерді таңдаудың негізі – тіркемелік су, толқын, жел, ағыстар және басқа
кедергілерге шыдай алатын қабілеті бар, қажет сенімділігі мен тасымалдау
жылдамдығын қамтамасыз ететін жеткілікті тарту күші болып саналады.
Тасымалдау механизмдері мен түйіндері құрамына: тіркеу лебедкасы,
арқаны, амортизациялау элементтері, басқару құрылғылары және т.б. кіреді.
Тіркеу жүйесінің түйіндерін беріктікке есептеуде, тіркеудің өте қолайсыз кезін-
де пайда болатын жүйенің барлық кедергілерінен, екінші жүйе істен шығатын
жағдайда, тарту күшіне бір жүйе (нүкте) шыдай алатындай етіп екі тіркеме-
лік нүктелерді жеке-жеке есептейді. Тіркеу лебедкасы тіркеу арқанынан тарту
күшін қабылдайды, арқанның ұзындығын реттейді. Тіркеу арқаны статикалық
266
тарту күшінен басқа, тіркелген тұрақты теңіз платформасы мен тіркеменің
қозғалысынан болатын динамикалық күштерге де төзуі керек. Арқанның берік-
тік қор коэффициентін 2,5-ке тең етіп алу ұсынылады.
Соққылар амортизациясы терең суларда ұзын тіркеу арқанының
салбырауымен жетеді (ұзындығы 1500 м). Қысқа тіркемелерді қолданып,
тұрақты теңіз платформаны таяз суларда тіркегенде олардың салбырауы
қажетті амортизациялауды қамтамасыз ете алмайды, сондықтан басқа тәсілдер
қолданылады (автоматтандырылған лебедкалар, нейлон арқандар және
басқалар).
Темірбетонды платформаларды тасымалдаудың ерекше өзгешелігі – оның
тік күйінде тасымалдануы. Оларды тіркеудің алдында мыналар: жүзбелі
құрылыс кезеңінде, құрғақ доктар мен қорғалған акваториялардағы, статикалық
тұрақтылық; құрылыс орындарынан теңізде орнатылатын жерге дейін жүзбелі
тасымалдау кезінде, сонымен қатар оны монтаждау үдерісінде тұрақты теңіз
платформаны батыру операциялары және оларды теңіз түбіне қондыру кезінде-
гі динамикалық орнықтылық тексеріледі. Бұл тексерулер тізбектердегі тұрақты
теңіз платформаның ауырлық центрі жағдайы және оның метацентрлік биікті-
гі, өз салмағымен берілетін әртүрлі жүктемелер тіркестері, бөліктердегі сұйық
балластарын ескеріп жасалған есептеулердің арнайы бағдарламасы бойынша
ЭЕМ-да жүргізіледі. Сонымен катар міндетті түрде есептеулерге қосымша, бас-
сейндерде платформаның тұрақтылығына модельдеулер жасалады. Есептеулер
мен модельдеулер мәліметтеріне талдау жүргізілгеннен кейін, тұрақты теңіз
платформаны тасымалдау дайындығына кіріседі. Тіркеу кезінде қажетті шөгуді
жасауға арналған балластардың артық мөлшерін платформадан алып тастайды.
Әдетте, тіркеуге дейін конструкцияның тұрақтылығын есептеуді тексеру үшін,
қажетті сынау жүргізіледі. Одан кейін тұрақты теңіз платформаға тіркемелердің
керекті санын қосады. Бұдан кейін сүңгуірлер 60 м-ден 70 м-ге дейінгі тереңдіктегі
анкерлік шынжырларды қияды және тұрақты теңіз платформаны тасымалдауға
дайын болады. Тіркеу үшін әдетте, жалпы қуаты 44,117-51,470 мың кВт төрттен
беске дейін тіркемелер қажет етіледі, ұстау және басқару үшін қуаты 3,676 -
7,353 мың кВт екі-үш тіркеме қосылады. Әдетте, тұрақты теңіз платформаны
тіркеу, тасымалдау кезінде басқа қосалқы кемелер (порттық тартқыштар, алып
жүретін кемелер және т.б.) ере жүреді. Ауа райының қолайлы, жақсы кезінде
тіркеудің орташа жылдамдығы 1,5-2 узелге тең. Тұрақты теңіз платформаның
тасымалдау операцияларын жобалау - тұрақты теңіз платформаны жобалау ке-
зіндегі күрделі кезең екендігін атап айту керек. Мысалы, “Нептун” фирмасының
мәліметіне сәйкес “Статфорд-С” темірбетонды платформасының жоғарғы
құрылымын жобалауға 27000 сағат жұмсалды. Солтүстік теңізде тұрақты теңіз
платформаны құру кезінде: жүк көтергіштігі 1450/1800 т бұрылатын жүзбелі
кран “Тор”; жүк көтергіштігі 1200/1600 т бұрылатын жүзбелі кран “Геркулес”;
қадаларды, модульдерді және басқа жабдықтарды тасымалдау үшін 13 баржа-
лар (баржалардың бас өлшемдері 91,5х27х6,1м); платформалардың тірек плат-
267
формамен бірге баржаларды тасымалдау үшін қуаты 8,9 мың және молульдерді
тасымалдау үшін қуаты 2,7 мың кВт тіркемелер қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |