Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет124/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   274
Бақылау сұрақтары:
1. Платформалар не үшін қажет?
2. Қандай платформалар түрлерін білесіз?
3. ГТТП жетістіктерін атаңыз.
4. ГТТП-ны қандай жағдайларда қолданады?
5. ГТТП-ның қандай кемшіліктері бар?
6. Платформалардың тағайындалуы неде?
7. Гравитациялы-свайлы платформалар деген не?
8. Гравитациялы-свайлы платформалар неден тұрады?
9. Гравитациялы мен гравитациялы-свайлы платформалардың айырмашылығы 
қандай?
10. Негізгі тізбектердің кезеңі деген не?
11. Серпімді мұнара деп нені атайды?


273
11-ТАрАу 
ТЕМІрБЕТОНДЫ ПЛАТфОрМАЛАр
11.1 Темірбетонды платформаларды салу жолдары 
Орнықты құрылыстарды салуда темірбетон бұрыннан бері қолданып келеді, 
бірақ мұндай тәсілдің кеңінен қолданылуы беріктігі жоғары бетонның пайда бо-
луы мен алдын ала кернеу техникасын қолданудан кейін басталды. Темірбетонды 
платформалардың кеңінен қолданылуы 1965 жылы Солтүстік теңізде мұнай және 
газ кен орнындары табылғаннан кейін басталды, темірбетонды конструкциямен 
қатар өтпелі темір конструциялар көп қолданылды. Қазіргі уақытта 70-150 метр 
тереңдікте орналасқан 20-дан аса темірбетондық платформалар жасалған.
Темірбетоннан жасалған платформалар бірқатар артықшылықтарға ие, олар 
темірбетонды платформалардың бәсекелестігін арттырады. Олардың 
ішіндегі негізгілері:
- Бастапқы құнның едәуір төмендігі, себебі темірбетонды платформа кон-
струкциясына қолжетімді бастапқы материалдар қолданылады, онда 
жұмыс күшінің дәрежесі төмен болуы мүмкін, бұл жағдай әсіресе да-
мушы елдерге қолайлы, себебі шетелде жоғары сапалы болат алу қажет 
емес және шетел компанияларын шақыруды қажет етпейді;
- Оларда кез келген технологиялық тұрғыдан қарағанда форма беруге бо-
лады;
- Жоғарғы жүзгіштікке ие болатындықтан темірбетонды платформалар-
дың жоғарғы бөлігінің ауданы едәуір үлкен болады, бұл техника 
қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді;
- Құрылысты жасағанда монтаждау жұмыстарын жүргізетін монтаждау 
кранының қуатының едәуір аздығы;
- Игеру шығыны темір конструкцияға қарағанда бес есе төмен болады;
- Конструкцияның қолдану ұзақтығы металл конструкцияға қарағанда
біршама көп болады;
- Конструкцияның сенімділігі, жергілікті бүліну тұтас конструкцияға 
айтарлықтай әсер етеді, материалдың тозу беріктігі жоғары болады, 
өртке қауіпсіз болады.
- Конструкцияның қатаңдығы сыртқы жүктеменің әсерінен болатын де-
формация арқылы қол жеткізіледі;
- Тіреу колонналары арқылы бұрғылау мүмкіндігі қоршаған ортаның 
ластануын төмендетеді.


274
Гравитациялық типті темірбетонды конструкцияға теңіздің тереңдігі орна-
тылатын жері әсер етеді.
150 метрден жоғары тереңдікте, жоғарыда бейнеленген қондырғы 
сызбанұсқасы шектен тыс материал шығынына алып келеді және соңғы кезде бір-
бірімен бірыңғай қатты жүйеге біріктірілген бірнеше жеке тірек элементтерімен 
ұсынылған тірек базасы қондырғысының жобалары жасап шығарылды.
Мұндай концепция Кондип Т-300 темірбетонды платформасының негізінде 
қаланған еді, ол Солтүстік теңізде қолайсыз ауа райы жағдайында 350 метр 
тереңдікке дейін орнатуға арналған. Платформаның жалпы түрі 
11.1-суретте
көрсетілген.
11.1-сурет. Кондип Т-300 темірбетонды платформасы
Кондип Т-300 платформасының негізгі сипаттамалары
- биіктігі, м 328
- ені, м 188
- орталық мұнараның минималды ішкі диаметрі, м 20,9
Көлбеу тіректер:
- ұзындық, м 175
- диаметр, м 22
- көлбеу бұрышы, градустар 16
Жоғарғы құрылым:
- ұзындық, м 76
- ені, м
76
- жалпы алаңы, мың м2 
16,4
- бұрғылау және технологиялық қондырғының массасы, мың т 13
- жоғары құрылым конструкциясының массасы, мың т
9
- жетекке алу кезіндегі жоғарғы бөліктің массасы, мың т 471
- жетекке алу кезіндегі шөгу, м
24


275


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет