Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз платформаларында мұнай дайындау сызбалары



Pdf көрінісі
бет183/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

16.1 Теңіз платформаларында мұнай дайындау сызбалары
Мұнайды көп газ мөлшерімен даярлаудың қарапайым технологиялық сыз-
басы (
16.2-сурет
) болып, мұнай да, газ да сепарацияның бірнеше сатылары-
нан өтетін сызба саналады. Тек ол кезде мұнайдың қысымы газдың бөлінуін 
қамтамасыз ете отырып, баяу төмендейді, ал газ ауыр көмірсутектерін бере оты-
рып, сығылады (әрбір сығылудан кейін теңіз суы салқындайды) және бөлінеді. 
А
16.2-сурет. Мұнай мен мұнай газын даярлаудың технологиялық сызбасы
Бұл сызбада көрсетілгендей, өлшеуші сепаратор өндірілетін флюидтердің 
– газ, мұнай мен су әрқайсысы бойынша ұңғыма дебитін анықтауға, оларды 
даярлаудың жалпы үдерісіне жіберуге мүмкіндік беретін санау құрылғыларымен 
жабдықталған. 
Платформада газдың бір бөлігі (А легі) жекеменшік қажеттіліктерге: 
компрессорлардың газ құбырлы жетектерінде отын ретінде, жылыту мен энергия-
мен қамтамасыз етуде қолданылады. 
Газды фактор мен басқа да нақты жағдайларға байланысты мұнайды 
дайындаудың қарастырылған сызбасы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мысалы, 
егер қабатқа газ айдау қажеттілігі болмаса, сызбадан компрессор (14) мен 
оның жетегін (15) алып тастап, газ сепараторының (7) газ ағынын суасты газ 
құбырына бағыттауға болады. Басқа ұқсас шешім 
16.3-суретте
көрсетілген. 


410
16.3-сурет. Мұнай мен ондағы еріген газды кешенді дайындау сызбасы
Көптеген аппараттары бар бұл сызба күрделі және энергияны көп қажет 
етеді, бірақ басқа әдістерге қарағанда пайдаланудың барынша сенімді жүйесін 
құрастыруға, сұйық фракциялардың көлемін арттыруға, газдың қажетті 
шық нүктесін қамтамасыз етуге және факельде жағылатын газдың көлемін 
минимумға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Суреттен көрініп тұрғандай, 
мұнайды дайындау әдетте, мұнайдың сатылы тұрақталуы мен одан судың 
жақсы бөлінуіне алып келеді. Бұл сызбада бірінші сатылы сепаратор (2)
 
1,95 
МПа қысымда жұмыс істейді, екінші сатылы сепаратор (3) 1,2 МПа қысымда 
және үшінші сатылы сепаратор (4) 0,12 МПа қысымда жұмыс істейді. 
Қысымның осындай сатылануында мұнайдың тұрақтануы тиімді жүреді, оған 
ортаның жоғары температурасы да 55-60 
0
С әсер етеді. Сепарацияның үшінші са-
тысынан кейін шикі мұнай сораппен (6) платформалардағы ыдыстарға айдала-
ды, сонымен қатар будың серпімділігін төмендету үшін оны салқындатады. 
Сепарацияның үшінші сатысындағы газды компрессорлармен (13) және (16)
 
сығады (шамамен, 1,1 МПа қысымға дейін) және сепарацияның бірінші және 
екінші сатыларындағы газбен біріктіреді, одан кейін қоспаны бірнеше са-
тыда (бұл жағдайда компрессордың құрамында үш саты (19), (23) және (28) 
сығады. Сығылған газды сығудың екінші сатысынан кейін (шамамен, 4,2 МПа 
қысым жағдайында) абсорбердегі (27) гликоль көмегімен құрғатады. Сығудың 
үшінші сатысынан шығаберісте (28)
 
құрғатылған газ 17,5 МПа қысымға ие 
болады. Ол тауарлық газдың құбыры арқылы жағаға (XIV сызығы) жіберілуі 
мүмкін немесе қабатқа (ХІІІ сызық) айдау үшін әрі қарай сығылуы (41,5 МПа 
дейін) мүмкін. Сығудың әрбір сатысынан кейін тоңазытқыш-конденсаторлар 
(14), (17), (20), (24, (29) мен көмірсутектерді бөлу үшін сепараторлар (15), 
(18), (21), (25) және (30) орнатылады. Сығудың екінші және үшінші са-


411
тыларынан кейін конденсат сепараторлардан бірінші сатылы сепараторға 
(2) жіберіледі, ал төмен қысымды сепараторлардағы конденсат – үшінші 
сатылы сепараторға (4) жіберіледі. Отын ретінде конденсирленген судан 
сепараторда (11) бөлінетін және салқындатылатын, жылуалмасқышта (12) 
жылытылып, сызық (5) бойынша берілетін мұнай сепарациясының бірінші 
сатысының тұрақтандыру газы мен абсорбердің шығысындағы құрғатылған 
газ қолданылуы мүмкін

Осы қағида бойынша әлемнің көптеген аудандарында теңізді мұнай кен 
орындары салынған. 
Сөзсіз, жоғарыда қарастырылған нұсқалар кейбір нұсқалардан түйіндер 
жинайтын мұнай мен газды дайындаудың мүмкін сызбалық шешімдерінің 
барлық түрлерін жоққа шығармайды. Кейбір қондырғылардың қуаты аз және 
олар алыста теңізде орналасқан жағдайларда газды жағаға құбыр арқылы тасы-
малдау тиімсіз. Ол кезде сұйытылған газды платформада дайындап, оны жағаға 
құбыр немесе баржалар арқылы жөнелткен дұрыс.
Бразилия жағасында мұнай өндіру кезінде өнімдер әрбір кен орындарын-
да орнатылған платформаларда өлшенеді және орталық платформаға, ол жер-
де газды мұнайлы ағын үшфазалы сепараторда өлшенгеннен кейін қосымша 
өңдеусіз құбыр арқылы жағаға жіберіледі. 
Айтып кеткеніміздей, соңғы уақытта ағындар жиынын жеке кен орында-
рынан түрлі ағындардың (мұнай, газ, конденсат пен су) қажет кондицияларға 
дейін жеткізілуі жүретін орталық технологиялық платформаға (ОТП) жинау 
беталысы байқалады. Бұл жағдай Экофиск кен орнын Солтүстік теңізге орна-
ластыруда байқалады, біз оның жеке аспектілерін қарастыратын боламыз. Бұл 
кен орынға жеті жеке кәсіпшілік кіреді, олардың алтауы – мұнайлы, біреуі – газо-
конденсатты. «Албушелл», «Эдда», «Эко фиск» және «Топ» кәсіпшілік платфор-
маларында мұнай мен газ бірінші бөлінеді, газ гликольмен құрғатылады, сосын 
мұнай мен құрғатылған газ жеке құбырлар арқылы (қашықтық 15 км) ОТП-ға 
жіберіледі. «Код» платформасында газ газды конденсаттан бөлініп, гликольмен 
құрғатылады, конденсат сорғытылғаннан кейін газ бен конденсат біріктіріліп, 
жалпы құбыр арқылы ОТП беріледі (қашықтық, шамамен 93 км). «Батыс Эко-
фиск» платформасынан мұнай мен газ ОТП-ға екіфазалы ағын ретінде болжал-
ды сепарация немесе құрғатусыз тасымалданады (құбыр ұзындығы шамамен, 
9 км). Сонымен «Экофиск» платформасынан мұнай мен газ бөлінгеннен кейін 
жеке құбырлар арқылы ОТП-ға барады, онда біріктірілген мұнай және газды – кон-
денсатты ағындардың тұрақталуы жүреді, одан кейін мұнай сораппен жағаға алы-
нады. Мұнайда тұрақтандырушы газдар сығылады, «Эко фиск» платформасының 
газымен біріктіріледі және үшэтиленгликольмен кептіріледі (99,5%). Одан кейін 
барлық кәсіпшіліктердің біріктірілген газды ағындары олардың көмірсутектер 
бойынша шық нүктелерін төмендету үшін салқындатылады және газ сығылып, 
суасты құбыры арқылы жағаға жіберіледі. 


412
Айта кету керек, платформада газдан көмірсутекті конденсаттың бөлінуі плат-
формада жүргізіледі, себебі, газ бен конденсат (мұнайы бар қоспасында) жеке 
құбырлар арқылы түрлі жағалық станцияларға жіберіледі: газ – Эмденге (Герма-
ния), ал конденсат пен мұнай – Тиссайдқа (Ұлыбритания).
ОТП газ бойынша жалпы өнімділігі, шамамен 60-70 млн нм
3
/тәул. құрайды.
Солтүстік теңіздің голланд секторында газды кешенді орналастыру 
қызығушылық тудырады. Мұнда газ ұңғымаларына әрбір платформаларда 
гидраттүзілуді ескерту үшін метанол, сондай-ақ коррозия ингибиторы енгізіледі 
(себебі газда көмірқышқыл газы көп). Газ барлық платформалардан ену сепара-
торлары, газды құрғату мен үш-этиленгликольді регенерациялау қондырғылары, 
сондай-ақ метанол регенерациясы қондырғысы орнатылатын ОТП-ға жіберіледі. 
«Ричфилд Ойл Корпорейшн» фирмасы патенттеген дайындаудың осындай сыз-
басы бойынша газы бар метанолдың жоғалуы жойылады, себебі ол газ ағынын 
құрғату қондырғыларында үшэтиленгликольмен алынып, сосын сулы сепара-
торлардан метанолмен біріктіріліп, регенерленеді (берілген жағдайда – концен-
трация 98,7% салмаққа дейін). Сорғытылған конденсат пен құрғатылған газ 
ОТП-дан жағалық станцияға жөнелтіледі. Бастапқы газдағы конденсат мөлшері 
5,7 см
3


аспайды. Барлық ұңғымалардың жалпы өнімділігі (жоба бойынша) – 
10,2 млн нм
3
/тәу.
Су мен көмірсутектер бойынша газдың талап етілетін шық нүктелері 
өндірудің түрлі аудандарында әртүрлі. Мысалы, Солтүстік теңіз үшін олар
70 кгс/см

жағдайында сәйкесінше минус 9,5 және минус 4°С құрайды (ең суық 
айлар – қаңтар және ақпан үшін, ал қалған айлар үшін талаптар аса қатал емес).
Бұл бөлімде «ВНИПИморнефтегаз» жағалық құрылыстарға (алайда, нақтыланған 
қорлар аз болғаннан кейін кен орнын мұнайды мұзға тұрақты түсіру терминалына бере 
отырып, бір платформамен игеруге шешім қабылданды) мұнай берумен екі платформа 
арқылы игеру көзделген Приразломное кен орны үшін ұсынған игерулерді келтіре 
кеткен орынды, сондай-ақ кеніштің солтүстік бөлігін бір ЛСП-С платформасы 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет