Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұңғыма өнімін жинау және дайындаудың суасты жүйесі



Pdf көрінісі
бет187/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

16.3 Ұңғыма өнімін жинау және дайындаудың суасты жүйесі
Әдеттегі ферменді типті тірек блоктарын теңізде пайдалану жүйесінде аса 
ауыр үлкен массалы болып келеді, оны қолдану үлкен кемшілік болып табыла-
ды. Бұдан бөлек, ферменді типті блоктың жоғары массасы құрылыс тәсіліне, 
құрылыстың жоғарғы құнына және теңіздің тереңдігіне байланысты күрделі 
саналады. Құрылыстың жоғарғы массасы тірек блок массасына айтарлықтай 
әсер етпейді; ал теңіздің тереңдігі жоғарылаған сайын тірек блок массасы да өсе 
түседі. Жоғарғы құрылыс массасын төмендетудің бірнеше жолы көрсетілген. 
Оның бір нұсқасы – ұңғыманы алдын ала бұрғылау. Алайда, платформаны 
пайдалануда бұл ұңғыманың қызмет етуіне қиындықтар туғызады. Егер көп 
ұңғыманы бұрғылау керек болса, кен орынды тұрғызу уақыты ұзарады. Бұрғылау 
жабдығына 3 мың тоннадан да артық жоғарғы құрылысты масса болуы керек. 
Бұған қосылатын қиындықтар химиялық реагент қоры және бұрғылау құбырына 
керекті уақытша жүктеулер. 
Технологиялық жабдықтарды су астында орнату жоғарғы құрылыс масса-
сын айтарлықтай азайта алады. Егер суасты қондырғысы қарапайым болса, онда 


424
оны суасты бақылау және басқару тәсілі арқылы басқаруға болады (
16.11-су-
рет
).
16.11-сурет. Мұнайды дайындаудың және жинаудың су-
асты жүйесі блогының сызбасы
1 – пайдалану монифольді; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – корро-
зия ингибиторы; 4 – газлифт үшін газ; 5 – деэмульгатор және 
көбік өшіргіш; 6 – ұңғыма өнімін сепарациялау; 7 – сақтауға 
арналған ыдыс; 8 – мұнайды өндіру; 9 – суды сепарациялау.
16.12-сурет. Сағалық жабдық және монифольд


425
Сағалық жабдық және монифольд
(
16.12-сурет
). Суасты қондырғылар 
және сағалық жабдықтар мұнай өнеркәсібінде бүгінгі таңда қолданылуда. 
Суасты штуцерді игеру аяқталуда.
Сепаратор 
– құрамында қысымды және сұйықтық көлемін реттеу үшін 
қолданылатын қондырғылары бар резервуар. Олар су астында жұмыс істеуі 
мүмкін, бірақ ол толықтай суасты өңдеуге арналған деп айту қиын. Белгілі 
бір қиындықтар газ және сұйықтықты сапалы сепарациялауда және қысымды 
төмендетуде кездеседі. 
Сепарация тиімділігі
. Өнім буының серпімділігіне қысым мен температу-
раны бақылаудағы талаптарды орындағанда жетуге болады. Ағынның жылуын 
сақтау үшін оқшаулау жүйесінің талабын қатаң ұстану керек. Сонымен бірге 
теңізден судың кіріп кетпеуін қадағалау керек. Жылу шығынында немесе сұйық 
көмірсутектің парафин түзілімі жоғары болса, иммерсионды электр жылыту се-
параторы қажет болуы мүмкін. 
Мұнай және конденсатты сорап арқылы айдау қиындық туғызбау керек, 
себебі терең сораптар тереңдікте де жұмыс жасау керек. 
Ілеспе суды өндіру
қысымда болады және құрамында еріген және еркін 
көмірсутек компоненттері болады. Ол бірнеше уақыт суасты ыдыстарын-
да сақтала алады, одан соң тазартылмаған күйде теңізге ағызылады немесе 
сақтағаннан соң танкерге тиеледі.
Мұнайды және конденсатты тасымалдау.
Мұнайды танкер немесе құбыр 
арқылы тасымалдау екі немесе үш сатылы сепарациядан өткен, 10 немесе 100-
ге тең Рейд бойынша серпімділік буы бар сұйықты алуды болжайды. Мұндай 
құрылысты салуда негізгі мәселе – мұнайды су астында өңдеу, танкер немесе 
тиеу колоннасында минималды кешенді технологиялық қондырғыны жобалау.
Конденсатты сусыздандыру
суасты жағдайында гравитациялық бөлу не-
месе коалесценция арқылы жасалуы мүмкін. Бірақ суды тастау мәселесі қалады. 
Газды тазалау.
1. Мұнай газы
Кіші мұнай кен орындарында газдың қоры аз, сондықтан оны жеке игеруді 
ұйымдастыру қажет емес. Сепарацияланған газды тастау атмосфераға шығару 
немесе факельде жандыру арқылы жасалады. 
2. Газ және газконденсаттық кен орындарында игерілетін газ.
Газ және газконденсатты кен орынды игеру кезінде негізгі мәселе игерілетін 
газды ары қарата тасымалдай алуда. Бұл кезде:
- кристоллогидраттық түзілуі;
- коррозия;
- екі фазалық ағымның түзілуі сияқты мәселелер туындайды.
Кристоллогидраттық түзілуі еркін судың әсерінен күшейеді және олар 
коррозияның пайда болуына әкеледі. Коррозия көміртек диоксиді, әсіресе 
күкіртті сутегі құрамында бар парциалды қысым әсерінен көбейеді. Сұйық 
көміртегінің пайда болуы құбырдағы температураның төмендеуінен болады.


426
16.13-сурет. Газды дайындаудың және жинаудың су-
асты жүйесі блогының сызбасы
1 – өндіру ұңғымалары; 2 – пайдалану монифольді; 3 – коррозия-
ны ингибирлеу; 4 – метонолды айдау; 5 – ұңғыма өнімін сепара-
циялау; 6 – коррозия инибиторлары; 7 – гликольді айдау.
Қазіргі уақытта суасты газды өңдеу және компрессорлық жабдықтауды пай-
далану судың астында мүмкін емес. Газды өңдеу мәселесенің шешімі коррозияға 
қарсы және күкіртсутегінің түзілуіне байланысты ингибиторды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет