Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Суасты жағдайында мұнайды жинау және дайындау



Pdf көрінісі
бет188/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

16.3.1. Суасты жағдайында мұнайды жинау және дайындау
Суастындағы орнатылған кіші кешенді технологиялық жабдық мұнай, газ 
және судың сепарациясын және оларды жеткізуге дайындауды қамтамасыз 
ету керек. Осы үдеріс қиын болуы мүмкін, сол үшін кейбір төменгі ұсыныстар 
көрсетілді:
Саға және монифольд
. Осы компоненттер суасты жүйесінде игеріліп 
және сәтті пайдалануда. Газлифтті және сорапты игеру тек қана суасты 
жабдықтарының көмегімен іске асырылады.
Сепарация.
Кішкентай кен орындарда жоғарғы тиімділікті мұнай алу 
бұдан басқа қарапайым суасты жабдығы арқылы жүзеге аса алады. Суасты 
сепарациясы әзірге шектелген жағдайда қолданылады. Мұнайды тасымалдауға 
дайындауды қысқарту үшін сепарация саты санын бір-екіге дейін қысқартуға 
болады. Бу қысымын қамтамасыз ету үшін электрқыздырғыш қарастырылған. 
Барлық жүйелер сағасы жабық ұңғыманың статикалық қысымына есептелуі 
керек. Жылдам түсу қарастырылмайды.
Платформадан сепарацияның тиімділігіне деэмульгатор немесе көбік 
өшіретін агент енгізу арқылы жетуге болады. Сепаратор массасын және өлшемін 
төмендету, олардың жоғарғы тиімділігін сақтау үшін орталықтандырылған кон-
струкция немесе қиғаш сөрелі конструкцияны қолдану керек.


427
Өндірілген газ.
Минималды сепарация қысымын қамтамасыз ету үшін 
алынған газ түбінде бекітілген шарнирлі мұнара арқылы көтерілу керек және 
сонда орналасқан факельде немесе жеке орналастырылған қыздырмалы 
жабдықта жану керек.
Алынған газды салқындатқанда, оның температурасы көмірсутегінің шық 
нүктесінен төмен болуы керек. Кисталлогидрат пайда болу мәселелері метанол-
ды айдау арқылы шешіледі.
Қабат суы.
Су астында қабат суларын арнайы ыдыста сақтау үшін жағдай 
болуы тиіс. Сәйкес уақыт кезеңі өткен соң және деэмульгаторды пайдаланғаннан 
кейін суды тікелей теңізге айдау нұсқасы бар. Ал басқа нұсқа бойынша, 
өңделмеген су кезінде ол арнайы танкерге толтырылу керек.
Беттік жабдықтар.
Беттік жабдықтар кешені:
 
энергиямен қамтамасыз ету;
 
химиялық реагенттерді айдау;
 
факельді жабдықты орналастыру;
 
бақылау және басқару жүйесін орналастыру сияқты функцияларын 
орындау үшін керек.
Беттік жабдықтар өндіру ұңғымасынан алыста орналасуы мүмкін. 
Бұл кезде мұнайды тасымалдау суастында мұнай айдау сораптары 
орнатылған кезде құбыр арқылы жүзеге асады.
Тұрақты конденсат И-1 буландырғышынан өз қысымы арқасында Т-3 және 
Т-2 рекуперативті жылу алмастырғышынан өтеді және жылуалмастырғышта 
толық суытылған «конденсат-су» сыйымдылығы 200 м

жинау резервуарына, 
бұдан ортадан тепкіш сорап арқылы суасты конденсат сақтау орнына барады.
Қондырғыда Р-3 авариялық конденсат желдеткіші қарастырылған, ол 50-
60˚С температурадағы факельге газды лақтырып тұрақтандыру арқылы конден-
сатты тұрақтандырады.
Сағалар және монифольд.
Суасты жүйесінің бұл компоненттері бұрыннан 
қолданылуда, сондықтан ол қарастырылмаған.
Сепарация.
Газды суасты кешеніне конденсатпен бірге бір құбыр арқылы 
тасымалдау болжамдануда. Газды ұңғымадағы өнімді сепарациялау:
а) жабдықтардың эрозиясын болдырмау үшін құмнан тазалау;
б) коррозияны болдырмау үшін қабат суларынан тазалау мақсаттарында 
жүргізіледі.
Газды игеру үдерісінде ұңғымадан мұнайды игеруге қарағанда ілеспе 
су аз алынады, ол коллектордың қабат қысымы және температурада қанығу 
жағдайына байланысты.
Суды тастау әдісі мұнайды суасты өңдегендегі әдіспен бірдей болады.
 
Суасты сепараторы
– бұл жоғарғы қысымды сепаратор, бірақ қысымның түсуі 
сағалық штуцерде номиналды болады.
Беттік жабдық
. Газды суасты жинау және дайындау жүйесі, мұнайды 
суасты жинау және дайындау жүйесінің беттік жабдық кешеніне қарағанда, 


428
оның кешені алыста орналасқан деп болжамдалған. Беттік жабдық, кем де-
генде, сепарацияны орындауды, сонымен бірге газды және конденсатты 
дегидрлеуді қамтамасыз етеді. Газды және конденсатты тұрақтандыру бойынша 
қондырғының жұмыс жасауы үшін көмірсутегінің шық нүктесін бақылау керек. 
Энергия және химиялық реагентті беру
. Энергия және химиялық реагент-
тер (қондырғы және құбырды қорғау үшін) суасты кабелі және құбыр арқылы 
берілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет