Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Каспий теңізі кен орындарындағы мұнай мен газды өңдеу



Pdf көрінісі
бет196/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

17.5 Каспий теңізі кен орындарындағы мұнай мен газды өңдеу, 
тасымалдаудың технологиялық үдерістерін зерттеу және оларды 
жеделдету
Қазақстан бөлігіндегі Каспий теңізі кен орындарындағы мұнай мен 
газды өңдеу, тасымалдау технологиясын жасау және зерттеу нәтижелерін 
тұжырымдауға көшеміз. 
Құбыр желілерін мақсатына, аумақты орналасуына және ұзындығына қарай 
ішкі, жергілікті және магистралды деп ажыратады. Жалпы мұнай мен газды 
тасымалдауда магистралды құбырлар негізгі орынды алады. Келешекте маги-
стралды мұнай газ құбырлар желілері тасымалдаудың негізгі түрі болады, ал 
Каспий теңізі қайраңындағы қайтадан игерілуге салынып жатқан мұнай газ кен 
орындары үшін тасымалдаудың жалғыз ғана тиімді түрі болып қалады. Мұнай 
және газды кен орындардан мұнай газ өңдеу зауыттарына жеткізуде және зауыт-
тан таратқыш базадан ары қарай біздің республиканың ең алшақ өңірлерінде 
орналасқан халық шаруашылығына өнімдерді жеткізуде магистралды құбыр 
желістерінің жауапкершілігі аса зор. 
Мұнай тасымалдау желісінің дамуы тасымалдаудың басқа түрлеріне 
қарағанда мұнай және мұнай өнімдерін құбыр арқылы айдау едәуір экономикалық 
пайдаға байланысты. Мұнай және газды құбыр желілері арқылы тасымал-
дау үдерісі және осы үдерістерді басқару қиын болып табылады. Бұл үлкен 
өнімділікпен және кең торапты айдаушы және жылытушы станциялары, құю 
пункттері, аса ірі резервуарлы парктері бар құбыр желілерімен түсіндіріледі. 
Сонымен қатар мұнай кен орындарының өңдеу аудандарынан алшақ және 
тұтынушылардың территориалды шашыраңқы орналасуына байланысты. Бұған 
қоса қазақстан мұнайын магистиралды құбыр желілерімен тасымалдау үдерісі 
өнімнің жоғары тұтқырлығы (Маңғыстау жартылай аралының мұнайы) неме-


450
се құрамындағы жоғары мөлшердегі күкірттің болуы (Теңіздікі, Каспий теңізі 
қайраңының) қиындатады. 
Айтылғанға қоса тағы мынадай себептер қосылады, мұнай мен газды 
өндірудің артуы, теңіз кен орындарынан өндіру, өндірілетін мұнай сортының 
артуы және одан алынатын мұнай өнімдері, айдалатын өнімнің сапасын және 
санын сақтау талабы, экологиялық қауіпсіздік нормасын сақтау, тұтынушылар 
торабын кеңейту, мұнай өнімдеріне сұраныс коньюнктурасының қиындауы.
Құбыр желісті тасымал магистралды мұнай газ желістер жұмысын 
қамтамасыз ететін құрылымды комплексінен құралады. Магистралды құбырлар 
желістерін ерекшелейтін ерекшеліктері, ол ұзақтылығы (50-ден бірнеше мың 
шақырымға дейін), құбырдың үлкен диаметрі (200-ден 1220 мм дейін), бірнеше 
айдаушы және жылыту станцияларының болуы. Мұнай және газды құбыр 
желістерімен тасымалдау технологиясының келесі бір ерекшелігі үдерістің 
үздіксіздігі. Айдау үдерісінің саңылаусыздығы айдалатын өнімнің сапасын 
және санын сақтау (жоғалтуды және ластануды төмендету) талабына жауап 
береді, яғни бұл үдерістер (қалыпты, апатсыз жұмыс жағдайында) экологиялық 
қауіпсіздеу. Тасымалдаудың басқа түрлеріне қарағанда мұнай және газды құбыр 
желістерімен айдаудың өзіндік құны және магистралды құбыр желістерінің пай-
далану шығындары әлдеқайда төмен және айдаудың ұзақтылығы артқан сайын 
құбыр желісімен тасымалдаудың өзіндік құны едәуір төмендейді.
Магистралды мұнай желісі келесідей құрылымды комплекстерден тұрады:
• Құбыр желісінің басты құрылымдарымен мұнай көзін байланыстыра-
тын әкелуші құбыр желістері. Осы құбыр желістерімен кәсіпшіліктен 
басты станция резервуарларына мұнай айдалады;
• Басты айдаушы станциясы, онда магистралды құбыр желісі бойынша 
айдауға арналған мұнай жиналады;
• Аралық айдаушы станциялардан, оған алдыңғы станциялардан келетін 
мұнай ары қарай айдалады;
• Соңғы пункттер, мұнда өнімді құбыр желісінен қабылдап, 
тұтынушыларға бөледі немесе ары қарай тасымалдың басқа түрімен 
жіберіледі;
• Құбыр желісінің сызықты құрылымдары. Оларға құбыр желісінің өзі, 
трассадағы сызықты құдықтар, котодты және протекторлы қорғау стан-
циялары жатады;
• Теңіз құбыр желілері бағаналары;
• «Ыстық» құбыр желістеріне мұнайды қыздыру станциялары.
Магистралды газ желілеріне келесідей объектілер кіреді:
• Басты құрылымдар;
• Тармақталған болатты құбыр желісінен, ілмекті арматурамен сызықты 
құрылымдардан;
• Компрессорлы станциялар, газ қысымын арттыруға;


451
• Газ таратқыш станциялар, газ қысымын түсіруге және осы қысымды 
белгілі бір шектерде ұстауға;
• Сызықты және станционды байланыс құрылғысы;
• Катодты, протекторлы және дренажды қорғаныс құрылғысы.
Айдаудың қысымы және температурасы магистральды құбыр желілерінің 
жұмыс режимін анықтайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Осы 
және басқа көрсеткіштер (айдалатын өнімдер сипаттамасы, өнеркәсіптік пер-
сонал, техникалық қамсыздандыру және т.б.) магистралды құбыр желістері 
объектілерінің жұмысының сапасын жеке және жалпы анықтайды.
Магистралды құбыр желілері өздерінің ұзақтығы себебінен жоғары қысымда 
(50 кг/см
2
және одан жоғары) жұмыс істейді. Жоғары қысымды айдау келесідей 
артықшылықтар береді:
• Айдаушы станциялар арасының алшақтауы;
• Құбыр желісінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру мүмкіндігі;
• Тұтқырлы мұнайларды және мұнай өнімдерін және басқаны айдау 
мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет