Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғыма өнімдерін даярлаудың мақсаты неде?
2. Платформаларда орындалатын мұнай мен газ даярлаудың технологиялық
үдерістері қалай жүзеге асырылады?
3. Ұңғымалық өнімді дайындаудың технологиялық жабдықтар кешеніне не
кіреді?
4. Айырудың екінші сатысында не жүзеге асырылады?
5. Өлшеу айырғышы немен жабдықталады?
439
17-ТАрАу
ТЕҢІЗ ҚАЙрАҢЫНДА ҰҢҒЫМА ӨНІМІН
сАҚТАу ЖӘНЕ ТАсЫМАЛДАу
17.1 Мұнайды теңіз суы астында сақтау
Мұнайды сақтау үшін жүзгіш қондырғыны пайдалану келесі пайдалану мен
қызмет көрсету жүйелерін талап етеді:
шикі мұнайды сорып алу үшін сорап жүйелері;
балласт жүйесі;
конденсацияланбаған өнім резервуарларына арналған бумен тазарту
жүйелері;
инертті газды алу мен тарату жүйелері;
мұнайды қыздыру жүйелері;
электр энергияны алу мен тарату жүйелері;
Өрт сөндіретін жүйелер;
байланыс пен басқару жүйелері;
қызметкерлерді орналастыру тұрғындары;
корпустарды коррозиядан қорғау жүйелері.
Айналым сұйықтығы бар резервуарлары мұнайды сақтау суасты мұнай
жүйелерін пайдалану кезінде жоғарыда аталған алғашқы үш жүйелері
қолданылуы мүмкін, оған қоса өлшеу-бақылау сору қондырғыларын жұмысқа
келтіру жүйесі қолданылуы мүмкін.
Танкер типтес мұнайды сақтау жүйелері
Стационарлы (тұрақты) байланған танкерлі шикі мұнайды уақытша
сақтау үшін теңізде нүктелі айлақты орнатуды талап етеді. Солтүстік теңіз
жағдайларында қайықтық танкерге мұнайды тиеу тек рет-ретімен байлау
арқылы жасалады, мысалы, көтерілмелі қайықтық байлау.
Танкер типті мұнайды сақтаудың қолдану аймақтары
Шикі мұнайды байланған танкерде уақытша сақтау теңізде шықпалы нүктелі
айлақты қажет етеді. Солтүстік теңіз шартында мұнайды желқайықты танкерге
құю тек оның байланған кезінде ғана жүзеге асады, байланған шықпалы нүктелі
айлаққа желқайықты танкердің тұмсығын байлайды.
Шықпалы нүктелі айлақты кез келген танкер мен супертанкерлерге есептеп
салады, бірақ кіші кен орындарында су сыйымдылығы 80 мың тоннадан жоғары
кемелерді қолданған жөн. Үйлесімді су сыйымдылығы белгілі түрде кем бола-
ды. Шықпалы нүктелі айлақта мұнайды сақтау сыйымдылығы (SBS), байлауы
бар мұнара, шықпалы біртіректі анкерлі бекітуі бар айлақ және мұнайды сақтау
440
сыйымдылығын (SALS) байлауда жиі қолданады. SBS жүйесіне шықпалы
нүктелі айлақ және танкер тұмсығында орнатылған шарнирлі байлау кіреді. Бұл
жүйе Солтүстік теңізде вертикалды күшті тербелістің әсерінен қолдануға жа-
рамайды. Мұнара байлауы өзімен бірге тиемелі шарнирлі байлауы бар мұнара
түрінде болып, танкер тұмсығына байланады. Бұл жүйе Солтүстік теңізіндегі
Фулмар кен орнында қолданады.
SALS жүйесі шықпалы нүктелі айлақтың тиімді нұсқасы – оның болатты
райзер элементінің санын минимумға жеткізуін қолдану, ал қалқу функциясы-
на байлануы беріледі, ол өзімен бірге суасты камераларының қалқымалылығын
сақтайтын конструкциясын көрсетеді.
Мұнай сақтау танкерлік түрі жүйесінің ерекшеліктері келесідей:
– танкерлердің төмен бағасы;
– қондырғылар және оларды қолдану тәжірибесінің мол болуы.
Бұл жүйенің кемшілігі – байланулы танкерге қоршаған ортадан үлкен
салмақ түсудің болуы. Сол себепті шықпалы нүктелі айлақ және байлануы 100
жыл периодпен қайталанатын теңіз дауылының әсеріне төтеп беру үшін өте
берік болуы қажет.
Төменде су бетінде қалқымайтын, яғни теңіз түбі тірек болатын мұнайды су
астында сақтау жүйесін қарастырамыз.
Мұнайды су астында сақтаудың артықшылықтары және кемшіліктері
Мұнайды су астында сақтаудың артықшылықтары:
1. Мұнайды сақтауға арналған су асты сыйымдылығы қалқып жүретін
сыйымдылыққа қарағанда толқынды жүктемелердің әсеріне
ұшырамайды.
2. Мұнайды су астында сақтау кезінде сыйымдылықтың кемелермен
соқтығысу қаупі болмайды.
3. Мұнайды су астында сақтау айлақтың (причал) бағасы мен өлшемдерін
азайтуға мүмкіндік береді, себебі оған теңіз тыныш болған кезде аз ғана
танкерлер швартталады, сонда мұнайды сақтау үшін қайта жабдықталған
танкер түрінде қалқып жүретін сыйымдылық болған кезде айлақ 100
жыл аралығында қайталанатын теңіз дауылының жүктемесіне есептелуі
керек.
Мұнайды су астында сақтаудың кемшілігі
Мұнайды су астында сақтаудың кемшілігі: оның барлық сораптары, реттегіш
клапандар және мониторлы жүйелер су астында орнатылады және дистанцион-
ды түрде танкер немесе платформадан басқарылады. Сонымен қатар, инспек-
ция, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары сүңгуірлер немесе арнайы су асты
(робототехниктер) қондырғыларын керек етеді, ал олар белгілі тереңдікке дейін
жұмыс істейді. Мұнайды су астында сақтау өте қомақты қаржыны талап етеді.
Мұнайды сақтау сыйымдылығын нүктелі айлақ қасында пайдалану не
платформа түбінде орнатуға болады. Екінші нұсқаға мысалы, Берил, Брент
және Статфьорд кен орындары “Кондип” платформалар түрі орнатылған. Бұл
441
жағдайда энергиямен қамтамасыздандыру жүйелері, сорап деген рұқсат және
т.б. жеңілдетілген. Бірақ көлемді мөлшерде танкерді толтыру екпіні кезінде
жоғары қуатты сораптар және үлкен диаметрлі лақтырылғандардың түзуі,
кейде нүктелі айлаққа дейін 2 шақырымға созылады. Егер мұнайды сақтау
сыйымдылығы көсем жегілген нүктелі айлақ қасында орналасса, лақтырылған
түзу құбыр кіші диаметрлі болады, себебі мұнай ағынының жылдамдығы іріктеу
қарқынына сай келеді. Мұнайдың теңізге өтіп кету қаупінен сақтану үшін су та-
залау қондырғысын қолдану керек. Тиімді әдістің бірі мұнай мен су арасындағы
иілгіш диафрагма қондырғысын қолдануға болады, бірақ оған қызмет көрсету
жағынан қиындықтар туындайды.
Маурин кен орнындағы мұнайды суастында сақтау сыйымдылықтары.
Төменде тек қана мұнайды су астында сақтау сыйымдылықтары
қарастырылады. “Phillips Petroleum UK Limited” компания операторы өз
таңдауын көлемі 103,3 мың метр куб мұнай сақтау сыйымдылығында тоқтады,
ол жуықтап 9 тәулік өндірілген өнімнің көлемі.
Компания екі желқайықты танкер қолдануға және толассыз теңіз дауылы
мен құрылғылардың тоқтауы кезінде өндіруді минимумға дейін төмендетуге
шешім қабылдады. Екі танкер сыйымдылығы 85 мың тонна, балласт көлемінің
35%-ын қамтиды. Сонымен, мұнайды тасымалдауда танкердің сыйымдылық
көлемі 55 мың тонна.
17.1-сурет. Маурин кен орнында мұнайды су астында сақтау цистерналары:
1 – пайдалану платформаларының тірек элементі; 2 – мұнай
сақтау бөлігі; 3 – гравитациялық тірек конструкциясы.
Мұнайды су астында сақтауды үш үлкен цистерна қамтамасыз етеді, қоса
салынған тік тұру тірегі болатты гравитационды конструкция, “Tecnomare” ком-
паниясы өндірген тірек блогы ретінде пайдаланатын платформа қолданылады.
442
GAPS жобасы
“Goodfellow Associates” компаниясы “Vickers Design and Projects” (VDP)
компаниясымен бірге ынтымақтасып GAPS су асты пайдалану жүйесін игеру-
де. Жобаның басты идеясы – теңіз түбінде көп мөлшерде ұңғыны аяқтау және
пайдалану жабдықтарын, мұнайды сақтау сыйымдылықтарын орналастыру.
Мұнайды түсіру және газды жағу колонна түбінде мұнайды түсіруге арналған
шарнирлі бекітудің көмегімен жүзеге асады.
Мұнай сақтау цистерналары мұнара айналасында жинастырылады.
Цистернаның сақтау көлемі кен орнына байланысты әртүрлі, бірақ әдетте ол 8
тәулікті өндіру көлеміне тең болады. Жүйе әдіптелген кен орындарында игеруге
арналған және олардың тереңдігі 300 метрге арналған.
Баржа астында мұнай сақтау сыйымдылығы ретінде арнайы двигательсіз
салынған жүзбелі құрал енгізілген, танкер тұрқын қамтитын және нүктелі
айлаққа стационарлы лақтырылып байланған. Баржаға әсер ететін жел күшін
минимумға жеткізу үшін оның су үсті борты төмен болуы керек. Темірбетоннан
жасалған баржа құны болатты конструкциясының 75%-ына эквивалентті.
Су сыйымдылығының көлемді болуы темірбетонды баржаның мұнай сақтау
сыйымдылығы толмай қалған жағдайда тұрақтылығын сақтайды. Сонымен
қатар ол темір баржаға қарағанда отқа төзімді және аз жөндеуді талап етеді.
17.2-сурет. Су асты пайдалану жүйесі:
1 – мұнай сақтау цистернасы; 2 – шарнирлі бекітпесі бар толтыру
мұнарасы; 3 – желқайықты танкер; 4 – тікұшақ алаңы; 5 – факел
консолі; 6 – басқару орны; 7 – тірек рамасы және манифольд
443
Достарыңызбен бөлісу: |