Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет194/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

17.3 Құбыржелілер арқылы тасымалдау
Мұнай мен газ өндіріліп одан алынатын өнімді тасымалдауға, өнімді 
қабаттан алғаннан кейін ол теңізден құбыржелілермен жағалауға тасымалдануы 
керек. Өндіруші қоңдырғылар мен құбырсалушы баржалар құбыржелілерді 
төсеумен айналысады.
17.3-сурет. Су астында құбыржелілерді төсеуге арналған баржа
Орын ауыстыру шегі бойынша құбыржелілер баржаның кормасынан теңіз 
түбіне түсіріледі. Дәнекерлеу учаскесінен құбырлар ренгеноскопия учаскесіне 
орын ауыстырылады, онда әрбір жаңа дәнекерлеу жігі тексеріледі. Егер ақаулар 
табылмаса, дәнекерлеу шовы коррозияға қарсы оқшаулаумен жабылады.
Құбыржелілер мұнайды 
17.6-суретте
көрсетілгендей мұнай базасына 
әкеледі, онда өнім мұнай өңдеуші зауытқа тасымалдауға дейін сақталады. 
17.4-сурет. Құбыржелілер кешені


445
Каспийде алғашқы құбырларды 40-жылдардың аяғында және 50-жылдарда 
құра бастады. Каспийдің мұнайкәсіптік акваториясынан жағалаудың көп 
алыстамауы, теңіздің аз тереңдігі және кіші диаметрлі құбырлардың қажеттілігі 
құбырларды құру техникасы мен технологиясын анықтады.
Ең алғашқы диаметрі 63-114 мм құбырларды теңіз түбі бойынша бұрғылау 
шоғыры арқылы тасу әдісімен қондырды. Кейін құбырларды орнату әдістері 
жүзбелі құрылғылар арқылы орындалды. Осы аталған әдістердің соңғысы ішкі 
кәсіптік қондырғыларды орнату үшін қазіргі кезде қолдануда.
Су астында магистралды құбырларды құру ең алғашқы рет 60-шы жыл-
дары Южное газ кен орнының ашылуымен байланысты жүзеге асты. Осы кен 
орнына газды жағаға тасымалдау үшін ашық теңіз жағдайында магистралды 
газ құбырын құру қажеттілігі болды. Газ өндіру аумағының жағадан алыс ор-
наласуы құбырларды құрудың жаңа технология бойынша ұзын километрлі 
құбырларды жалғау, оларды коррозиядан оқшаулау, транспортты понтондармен 
қамту сияқты жұмыстар жағадағы монтажды-пісіру алаңында орындалады. 
Жақсы ауа райы кезінде километрлік құбырларды монтажды алаңнан теңізге 
лақтырып, жүзу арқылы құру алаңына тасымалдап, онда понтондармен бірге 
трасса бойымен батырады (еркін батыру әдісі). Құбырлардың жеке өнімдерін 
40-тонналы кранды кемемен жалғайды.
Өнімдерді жүзбелі түрде тасымалдау үшін «Гипроморнефтегаз» институты 
құбырдан понтондарды автоматты түрде ажырату үшін құлыпты құрылысы бар 
арнайы понтондар жасап шығарды.
Қазіргі кезде аталған технологиялар бойынша теңіз тереңдігі 30 м-ге дейін 
диаметрі 500 мм-ге дейін суасты құбырларын еркін батыру әдісі арқылы оларды 
50-60 км-ге дейінгі арақашықтықта теңіздің екі балға дейін толқуында төсеуге 
болады.
Бұл саладағы көрнекті нәтижесі – 28 Апрель атындағы кен орнының 1 плат-
формасынан Нефтяные Камни (трасса бойынша максималды теңіз тереңдігі 
85 м) кен орнына дейін құбыр құру. Теңіз түбіне батыру кезіндегі құбыр іші 
кернеуін реттеу үшін стингер бағыттауыш қондырғы орнына босатқыш пон-
тондар қолданылатын бұл терең құбыр желісі жаңа технология бойынша 
құрылды. Бұл көрнекті түрде құбыр иілімдерін азайтуға және сол арқылы қатаң 
гидрометеорологиялық жағдайда оны апатсыз құруға мүмкіндік береді. 
Дюбенді порты Нефтяные Камни мұнай құбырын құру құбыр құру баржасы 
мен еркін батыру әдісін қолдануымен жүзеге асты. 
Қазіргі кезде «Гипроморнефтегаз» институты 28 Апрель кен орнынан Не-
фтяные Камни одан, әрі Шаховая Коса кен орнына (өзінің параметрлері бойын-
ша Каспийде бұрыннан құрылған құбырлардан асады, теңіз тереңдігі 100 м-н 
астам, құбыр диаметрі 500 мм) дейін құбырдың екінші желісін құру жобасын 
игеруді аяқтады.


446
Кең кәсіпшілік іші және магистральды желілерді құру Каспий теңізінде 
өндірілетін мұнай мен газды жағалауға тасымалдаудың тиімді тәсілі болып та-
былады. 
Құбыр жүйелерінің классификациясы
Әртүрлі теңіз құрылымдарды құбырлы жүйелері бойынша осы 
құрылымдарды және әртүрлі қондырғыларды дұрыс пайдалану үшін қажетті он 
шақты жұмыс орталарын тасымалдайды.
Құбырларды дайындауға қажетті материалдар ретінде жұмыс ортаның тасы-
малдау түріне және бұзылу белсендігіне байланысты күкіртті және тоттанбай-
тын болат, шойын, мыс, олардың қоспалары, алюминий, титан, әйнекпластик 
және полиэтилен қолданады. Құбырлардан басқа құбыр жүйесіне әртүрлі құбыр 
элементтер, кеме арматурасы, жетектер, механизмдер, аппараттар, цистерналар, 
резервуарлар, автоматика құрылғылары және басқа жабдықтар жатады.
17.5-сурет. Құбыр желілерін төсегіш баржа
Азаматты құрылыста құбыр желілерді оларда тасымалданатын өнімнің 
түріне байланысты классификациялайды (топтастырады) және осыған бай-
ланысты суқұбырлар, мұнайқұбырлар, газқұбырлар, аммиакқұбырлар болып 
бөлінеді.
Өндірілген өнімді алғаннан кейін ол теңізден жағаға тасымалдануы керек. 
Өндіретін жабдықты монтаждаумен қатар құбыр орналастырғыш баржалар 
және бригадалар платформадан арнайы орынға дейін мұнаймен газды тасымал-
дау үшін құбырларды орнатумен айналысады (
17.7-сурет
).
Осы баржалардың ұзындығы 150 метрге дейін, ал ол орналастыратын 
құбырлар диаметрі 1525 мм-ге дейін жетеді. Негізінен, құбырлар ұзындығы 12 
метрлі болып, орнатуға ыңғайлы болу үшін бетонмен қапталады. 
Құбыр орналастырғыш баржаның қозғалуымен ол өзінің соңына осы заттар-
ды сүйреп, теңіз түбінде траншея қазады. Құбырды осы траншеяға түсіріп, оның 


447
үсті теңіз толқуынан қорғану үшін құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады. 
Құбырларды орнату үдерісінде сүңгуірлер стингер мен құбырды үнемі тексереді. 
Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің 
орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін 
сүңгуірлер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін 
құбыр бөлігіне жалғайды.
 17.6-сурет. Теңіз жағалауындағы құбыр желілер
Құбырды пайдалануға дейін ол престеліп, тығыздыққа тексерілуі тиіс. Сол 
сияқты палубадағы барлық жабдықтар, құбыр, жетек, қақпақтар және өшіргіштер, 
шикі мұнайды жерден алатын сораптар, жағаға мұнайды ығыстыратын жүйелер 
адам және қоршаған ортаға зиянын келтірмей, дұрыс жұмысын жүргізу үшін 
бірнеше рет бақыланып, тексерілуі керек.
Кейін терең суларда құбырларды орнату үшін жаңа технология қолдана 
бастады. Оның маңызы теңіз түбіне құбырды батыру үдерісінде құбырда бо-
латын кернеулерді реттеуге бағыттайтын құрылғы-стингердің орнына арнайы 
понтондар қолданады. Оны қолдану құбырдың майысуын азайтып, қатаң 
гидрометеорологиялық жағдайларда қауіпсіз келеді, оларды түсіріп орнату 
мүмкіндігін береді.
Құбыр әртүрлі орындарға орналасуы мүмкін. Оларды теңіз жинау станция-
ларына апарып, онда мұнай мен газ ары қарай бөлініп, содан кейін кері қарай 
құбырға бағытталып, жағаға апарылып қосымша өңдеуге жіберіледі. Кейбір 
құбырлар үлкен мұнай базалары бар жағада тоқтап, мұнда көмірсутектер ары 
қарай мұнай өңдейтін зауыттарға тарату үшін сақталады. Көмірсутектер мұнай 
өңдеу зауытына жерасты құбырлар бойымен тікелей тасымалданады немесе 
теңіз терминалдарынан танкерлерге салынып, басқа жерлерге жеткізіледі.
Терминалдан бірнеше танкерлері жүк алып немесе жүктерін босатуға бо-
лады. Көп айлақты терминалдар ауа райы нашар жерлерде жасырын зоналарда 
орналасады. 


448
Якорлеу жүйесі бойынша танкер ірі диаметрлі шарнирлі қосылуы бар 
штангамен жалғанады. Ағымдар мен толқындардың әсерінен болатын кеменің 
орын ауыстыруына қарамай осы жалғанудың еркін орын ауыстыруы мұнайды 
жүктеуге мүмкіндік береді. Танкерлерден немесе жағадағы мұнай базаларынан 
шикі мұнай немесе табиғи газ жағадағы зауытқа жеткізіліп, онда олар мұнай, газ 
және химиялық кәсіпшілік өнімдеріне өңделеді. Осы зауыттарда көмірсутектер 
біз күнделікті қолданатын көптеген өнімдердің ингредиенттері болып келеді. 
Олар бензин және мотор майы, синтетикалық маталар және желімдер (плас-
стмассалар), асфальт, әрбір үйге қажетті жанармай болып шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет