Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет193/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Мұнай сақтау баржалары
Мұнай сақтау баржалары деп арнайы жүзгіш қозғалтқышы жоқ аспап
танкер формалы келетін, арнайы көтерілмелі нүктелі айлаққа байланған
мұнайды сақтауға арналған көлем. Жел әсерлерін минимумға қысқарту үшін 
баржаның төмен суүсті бортын иеленуі керек. Темірбетон баржаны салуға кет-
кен шығындар эквивалент болат конструкция құнының 75 пайызын құрауы 
мүмкін. Үлкен суығыстырғыштыққа орай темірбетон баржа толтырылмаған 
көлем жағдайларында орнықтылығы үлкейеді. Сонымен қатар болат баржала-
рына қарағанда оның өртке қауіпсіз қасиеттері бар және жөндеуді аз талап етеді. 
17.2 Теңіздегі мұнай сақтау жүйесін жетілдіру жолдары
Мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі кен орнының көрсеткіштері 
арқылы анықталады, дегенмен сыйымдылық көлемінің аз ғана өсуі бір күндік 
өндіру көлеміне тең, оның тиімділігін 10% көбейтеді. Бұл көп құбылыспен 
түсіндіріледі: мұнайды өндіруге кедергі болатын және мұнайды түсіру (мы-
салы, сапар желісінде танкердің болмауы, механикалық қондырғылардың 
бұзылуы, күшті жел және т.б.) ұзақтылығы бір тәуліктен аспауы керек. Жалпы 
тенденция бойынша сақтау сыйымдылығының көлемі оның табиғи-климаттық 
жағдайының қолайсыздығына байланысты өсуі тиіс, сол себепті 58° солтүстік 
ендікте ол 2 тәулікті өндіру өнім көлеміне тең болса, 68° солтүстік ендікте ол 
6-ға тең.
Мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі оның желқайықты танкерлер 
қатынасымен тікелей байланысты. Егер кен орын жоспарлаған бергіштігі, 
кем дегенде 90%-ды құраса, онда мұнай сақтау сыйымдылығының көлемі 
танкердің құрлықтағы терминалына кеткен кезеңіндегі барлық мұнай көлемін 
сыйдыра алуы керек. Сонымен бірге, қажет болса, мұнай сақтау сыйымдылығы 
табиғаттың қолайсыз кезеңдерінде кедергісіз мұнайды өндіру үшін қосымша 
көлемі болуы. Мұнайды су астында сақтау арнайы болжай құрастырылған сақтау 
сыйымдылықты, бірақ олар алдын ала пайдалану платформасында гравита-
циялық конструкциясын енгізеді. Бұл жағдайда мұнай сақтау сыйымдылығы 
шықпалы нүктелі айлақпен үлкен диаметрлі құбыр арқылы қатынасады. Со-
нымен бірге сыйымдылықтар шықпалы нүктелі айлақтың табанында (SISSAC 
жүйесі) немесе шықпалы нүктелі айлақтың қасында (GAPS жүйесі) орналасуы 
мүмкін. Мұнайды су астында сақтау жүйесіндегі шығындарды азайту үшін 
және оған көрсетілетін қызмет түрін жеңілдету үшін, біріншіден теңіз түбінде 
екі жақты рұқсаты бар сақтандыру конструкциясын орнатуға болады. Кейін 
оның астында мұнай толуына байланысты кеңейіп-кішірейіп отыратын баллон 
түріндегі иілгіш сыйымдылықты орнатуға болады. 
Жартылай батырылған SEMI-SPAR сияқты жүйе мұнай сақтау сыйымдылығы 
үлкен емес көлемді және кіші кен орындары үшін қымбат болып табылады.


444


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет