Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұңғыманы қалдықсыз бұрғылау кезіндегі теңіздің



Pdf көрінісі
бет201/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

18.2 Ұңғыманы қалдықсыз бұрғылау кезіндегі теңіздің 
ластануының алдын алу
Пайдалануға жататын қалдық 

 
артық сазды ерітінді болып табыла-
ды. Оның құрамында теңіз ортасына түскенде акваторияның биологиялық 
өнімділігін және гидрохимиялық құрамын бұзуы мүмкін улы органикалық 
заттардың қатары бар. Артық бұрғылау ерітінділері қалыптандырылып, 
бұрғылаудың технологиялық қажеттіліктеріне, ұңғылардың күрделі жөндеуіне 
қолданылатыны, сонымен қатар жағалаулық шлам үйінділеріне шығарылатыны 
белгілі. Осыған ұқсас жағдай ұңғыны сынау кезінде сазды ерітіндіні қолданған 
кезде болады. Қалдықтар мөлшерін азайтуға және сазды ерітіндінің қажетті 
құнды компоненттерін қайтара қолдану үшін 
бұрғылау ерітіндісін игерудің 
технологиясын
қолданады. Мұнда ондағы барлық өлшенген қатты бөлшектерді 
бұрғылау ерітіндісін центрифугалау арқылы жоюды қарастырады, оның 
нәтижесінде одан көлемі 20 мкм және одан да көп бөлшектер жойылады. Цен-
трифугалаудан кейін ерітіндіге диаметрі 20-дан 2 мкм-ге дейін және одан да 
төмен бөлшектерден қауыздардың түзілуі үшін фланкулирлейтін агентті қосады. 
Алынған қауыздарды сүзіп, құрамында қатты бөлшектер жоқ, бұрғылау ерітінді 
ретінде қайта қолдануға болатын ерітіндіні алады.
Бұрғылау үдерісінде негізгі қалдықтардың бірі – бұрғылау шламы болып 
табылады. Бұрғылау ерітіндісі және шлам мұнай-газ кен орындарын игеру 
және пайдалану жүрісіндегі шығарындылардың көп бөлігін құрайды. Теңіздің 
айтарлықтай терең болмағандығының және мұз жағдайларының, органикалық 
материалдың ыдырау жылдамдығының аздығының әсерінен бұрғылау 
сұйықтығын қайта қабатқа айдау тиімді шешім болады. Мұнайқұрамды 
қалдықтарды қайтадан айдау Солтүстік теңіз тәжірибесінде кеңінен таралған.
Керамзитті пластикалық тәсілмен алу мақсатында Каспий теңізі кен 
орнының бұрғыланған жынысын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жоғарыда айтылған тәсілді енгізу мынадай мүмкіндіктер берді

1) шлам үйінділеріне кеткен жер учаскелерін босату және шлам үйінді-
лерінің құрылысына, сонымен қатар оларды қамтамасыздандырудың 
шығындарын жою; 
2) топырақтың, ауа және су бассейндерін зиянды қоспалардан қорғау; 
3) керамзит өндірісінде кенішті саздың шығымын азайту; 
4) бұрғылау үдерісін қалдықсыз өндіріске ауыстыру туралы сұрақтарды 
қарастыру.


460
18.1-сурет. СБОУ-6 25/6-И1 түріндегі бұрғылау шламдарын
бейтараптандыру агрегаты:
1 – жүктеу механизмі; 2 – барабан; 3 – қаптама; 4 – футеров-
ка; 5 – қыздырғыш элементтер; 6 – жүктеу механизмі; 7 – бара-
бан айналымының жетегі; 8 – пеш жағдайын реттеу бұрандалары; 
9 – бу және газды шығару патрубкасы; 10 – клемдік қораптар
НИПИ «Гипроморнефтегаз», ПО «Азэлектротерм» екеуі бірлесіп
қалдықтардың мөлшерін азайтуға және оларды залалсыздандыруға мүмкіндік 
беретін бұрғылау шламының бейтараптандыру агрегатын жасады (
18.1-сурет
).
СБОУ-6 25/6-И1 түріндегі бұрғылау шламдарын бейтараптандыру агрега-
ты: жүктеу механизмінен (1), барабаннан (2), қаптамадан (3), футеровкадан (4), 
қыздырғыш элементтерден (5), айналыс жетегінен (7), жүктеу механизмінен (6), 
басқару шкафтарынан (8) құралады.
Жүктеу механизмі (1) мөлшерленіп, бункерден шламды агрегат бара-
банына шнекпен береді. Жүктеу механизмінің жетегі червякты редуктор, 
электроқозғалтқыш және шынжырлы беріліс негізінде орындалған. Берілістің 
шлам мөлшері шнек айналысының санына тәуелді.
Агрегат барабан (2) тотықпайтын болаттың беттік тегістеуінен дайындалған. 
Барабан ішінде жабысқақ қабатты кетіретін пышақтар орнатылған. Өңделмеген 
материалды жүктеуге беруді болдырмау үшін барабанда конусты саңылаулары 
бар екі диафрагма орнатылады. Барабан және агрегаттың осінде реттелетін 
еңкею бұрышы болады.
Агрегаттың қаптамасы (3) беттік тегістеудің дәнекерленген қақпағы алын-
балы-салынбалы. Қаптаманың футеровкасы (4) және қақпағы дара орындалады 
және екі: өрттегеурінді және жылуоқшауланған қабаттан құрылады. Футеровка-
да қыздырғыштарды орнатуға арналған сөрелер бар.


461
Өнімдер агрегаттың жұмысшы бөлімінде бұрама түріндегі қыздырғыш 
элементтерімен (5) қыздырылады. Қыздырғыштар жанындағы қабырғада 
орналасқан. Барабандағы бейтараптанған шлам теңіз түбіне тікелей жүктеледі.
Барабан айналысы червякты редуктор, электроқозғалтқыш және шынжырлы 
беріліс негізіндегі жетекпен (7) жүзеге асырылады. Барабан айналысының санын 
өзгерту үшін бейтараптандырудың берілген технологиясына тәуелді, ауыспалы 
шынжырлы жұлдызшалар кешені қарастырылады немесе үшжылдамдықты 
қозғалтқыш орнатылады. 
Агрегат 2 аймақтан тұрады. Барлық аймақтың қыздырғыштары кернеуі 
30В айналымы ток желісіне қосылады. Агрегат жұмысы кезінде қыздырудың 
берілген режимін автоматты және қолмен қолдау қарастырылған.
Теңіз платформасында бұрғылау жабдығын жөндеу кезінде бейтараптау 
агрегаты бұрғылау ерітіндісін тазарту блогында тікелей виброелек астында 
жөнделеді. Агрегаттың виброелек және бункері арасында жүктеу механизмі ара-
сында жүктеу механизмінің бункеріне бағытталған арнайы лоток жабдықталады. 
Мұндай орналасу агрегатты шламмен қосымша механизмдерді қолданбай-ақ 
жүктеуге мүмкіндік береді, шлам берілісі шиберлі заслонкамен реттеледі.
Бұрғылау үдерісіндегі басқа да қалдықтары 

 бұрғылау ағынды сулар
 
бо-
лып табылады. Бұл сулар механикалық қоспалармен және кейбір органикалық 
заттармен тең құралады. Шет елдегі сияқты отандық тәжірибеде сулар қалдығын 
пайдаланудың әртүрлі сұлбалары және қондырғылары бар. Бірақ олар үлкен 
көлемді және жоғары өнімділікке ие. Бұл теңіз платформасында шектеулі 
аудандарының әсерінен олардың қолданыс мақсатына сай келтірілмейді. 
Айтылғандарды ескеріп, НИПИ «Гипроморнефтегаз» УОБС шағын габаритті 
қондырғыны және ағынды сулардың тазаруына, қайта қолданысына мүмкіндік 
беретін технологиялық сұлбаны жасап шығарды. 
Қалдықтарға,
сонымен қатар бұрғылау кезінде өндірілген 
жанар-жағар 
май материалдарды
 
жатқызуға болады. Олар шетел тәжірибесінде үлкен көлем 
кезінде арнайы қондырғылармен қайта қалыптандырылады. Отандық тәжірибеде 
жанар-жағар майлар аз көлемде жағалауға регенерацияға шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет