18.7 су бетінен мұнайды және мұнай өнімдерін оқшаулау
Су айдынының бетін мұнайдан және оның өнімдерінен тазарту – фактор-
лармен:
– мұнайдың жоғарғы тұтқырлығымен, ол оның судан бөлінуімен;
– тазалау ауданының үлкендігімен;
– жел және ағыс әсерінен мұнай дақтарының жылжымалығымен;
– гидрометеорологиялық жағдайлармен және т.б. қиындатылады.
466
Су бетін тазалау және мұнай төгілуін оқшаулау үшін әртүрлі қызмет
принциптеріне негізделген қондырғылар бар. Төгілген мұнайды бөлек
тәсілдермен және техникалық құралдармен немесе олардың кешенімен жояды.
Кешен мұнай ластануын жайылдырмайды, мұнайды механикалық құралдармен
жинайды, оны сорбенттермен жұтылуын, мұнайды жағуды, мұнай қабатшаларын
химиялық немесе биологиялық препараттармен ыдыратуды қамтамасыз етеді.
Мұнайды су бетінен кетіру тәжірибесінде
термиялық, механикалық,
гидробиологиялық, физикалық-химиялық әдістер
кең қолданылады. Бұл әдістің
артықшылығымен бірге олардың кемшілігін де білген жөн.
Термиялық тәсілде (мұнайды жағу) теңіз стационарлы және жылжымалы
инженерлік ғимараттар теңіз бетінде ағыстың не желдің әсерінен жылжитын
мұнай жазықтығында жанған дақтың эпицентрінде болуы мүмкін.
Гидробиологиялық тәсілдің кемшіліктері – теңіз суының 10ºС төмен тем-
пературасында бактериалдық ыдыраудың тоқтауы және төгілген мұнайды
пайдаланудың мүмкін еместігі.
Механикалық әдіс қымбат техникалық құралдардың қолданысын қажет
етеді. Сонымен қатар, теңіз бетінде механикалық жинау жерлерінде мұнайдың
жұқа қабатшасы қалады, ал судағы көмірсутектің концентрациясы нормаға тек
300-400 тәуліктен кейін ластану аймағын тазалаған соң жетеді.
Физикалық-химиялық әдіс диспергенттер бентосына және басқа да химия-
лық препараттарға кері әсермен, мұнайдың өзінің массасымен салыстырғанда,
төмен жұтымдылығымен сипатталады.
Мұнаймен ластануды жайылдырмаудың негізгі техникалық құралдары –
бондық қоршаулар.
18.3-сурет. Теңізде мұнайды оқшаулау
467
Бондық қоршаулардың құрылысы қалқымалы (жүзбелі), экрандаушы және
балласты бөліктерден тұрады. Бонның жүзбелі бөлігі ауамен толтырылған
жеке дара қалқымалар түрінде болуы мүмкін. Экрандау бөлігі бонның жүзбелі
бөлігіне бекітілген және орнықты болу үшін балласты шынжырмен, құбырмен
жүктелген иілгіш қатты пластина түрінде болып келеді.
Қазіргі кезде шетел фирмаларымен шығарылатын бон қоршауларының ша-
мамен 150 түрі белгілі.
Акваторияда бонды қоршау қондырғысының U-тәрізді тәсілі бір бағытта ұзақ
уақыт жүретін жел және ағыс әсерінен ығатын (
18.4-сурет
) мұнай төгінділерін
жайылдырмау үшін қолданылады. Қоршаудың әрбір ұзындығы қажет болғанда
(ірі төгінділер кезінде), бонды зәкірлерде әрбір 30-45 м аралықта орнатады.
18.4-сурет. Мұнай, газ өндіру аймағында мұнайды
жинау және қоршаудың типтік сұлбасы:
1 – буксир; 2 – 200 м бондар «Т-Т»; 3 – мұнай жинау
құрылғысы; І – қозғалыс бағыты; ІІ – мұнайдың төгілуі
Теңіздің ластанған учаскелерінің бетінен мұнайды және мұнай өнімдерін
механикалық жинаудың техникалық құралдарын: мұнай жинау қондырғысы
және арнайы жабдықталған мұнай жинау кемелері деп 2 топқа бөлуге болады.
Қозғалу және бекіту тәсіліне байланысты мұнай жинау қондырғылары:
өздігінен жүретін, стационарлы, сүйретілетін және сорапты болады, ал мұнай
және мұнай жинау принципі бойынша абсорбционды және адгезиондық, шектік
(порговые), ортадан тепкіш, сорғыш деп бөлінеді.
Мұнайөндірістік шаруашылығының ашық фонтандау, суасты мұнай
құбырларының жарылысы, сонымен қатар табиғат апаттарынан (дауыл, құйын,
мұз басу, т.б.) бұзылуы кезінде мұнайдың теңізде үлкен төгінділерін оқшаулау
және жайылдырмау үшін жүзу аймағы және табиғат жағдайлары бойын-
ша шектеуі жоқ экспедициялық кемелер қолданылады. Мұндай кемелердің
сыйымдылықтарын теңіз бетінен жиналған мұнайдың сыйымы ретінде пайдала-
468
нады. Арнайы айырғыш құралдары жиналған мұнайдың теңіз суынан бөлінуін
қамтамасыз етеді.
Кеме суға төгіндіні жинау және жоюға, жайылдырмауға қолданылатын
мұнайжинағыштарды,
бондық
қоршауларды,
басқа
техникалық
құралдарды көтеріп-түсіруге арналған құралдармен жабдықталған. Кемеде
гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және биологиялық зертханалар бар,
сонымен қатар кеме төгілу аймағын, төгілген мұнайдың қозғалу жылдамдығы
және бағыты автоматты бақылау құралдарымен жабдықталады. Арнайы
құралдар оперативті байланысты және төгіндіні жою бойынша операцияның
барлық қатысушылардың нақты өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Ашық теңізде мұнайдың апаттық төгілуін экспедициялық кеме қатысуымен
жою сұлбасы
18.5-суретте
көрсетілген.
18.5-сурет. Ашық теңізде мұнайдың апаттық төгілуін
экспедициялық кеме қатысуымен жою сұлбасы:
1 – теңіз мұнайжинағышы; 2 – мұнайжинағыш;
3 – авиабарлау құралы; 4 – экспедициялық кеме; 5 – мұнай жинау
қондырғысы; 6 – мұнай сыйымы; 7 – бондық қоршау.
Отандық мұнайқоқыс жинағыштарының ерекшелігі олардың әмбебаптығы
болып табылады. Олар жүзгіш ластанудың кез келген түрін, соның ішінде ірі
қоқысты жинай алады, акваторияның кез келген учаскелерін, кемелер, эстакада-
лар және басқа да гидротехникалық ғимараттар арасын тазарта алады.
Мұнайды және қоқысты жинау сұлбалары
18.6-
,
18.7-, 18.8-суреттерде
көрсетілген.
Мұнай төгінділерін жоюға мұнайқоқыс жинағыштарынан басқа торы
синтетикалық материалдармен толтырылған мұнайды сіңіргіш бондар, кеме-
лерден және жағадан қолданылуы мүмкін, өнімділігі 6 т/сағ мұнайды жинауға
арналған қосымша ауыспалы құралдар пайдаланылады.
469
18.6-сурет. Айлақтар арасы бұрыштарындағы мұнайды және қоқысты екінші
мұнайқоқыс жинағышты немесе катерді және бонды пайдаланып жинау:
1 – мұнайжинағыш; 2 – бондар; 3 – екінші мұнайқоқыс
жинағыш; 4 – мұнай және қоқыс; 5 – швартовкалар.
18.7-сурет. Акваторияның қоршалған учаскесіндегі мұнайды жинау:
1 – мұнай; 2, 3 – мұнайқоқыс жинағыштар (немесе
мұнайқоқыс жинағыш және катер); 4 – бондар
Соңғы жылдары теңіздің мұнаймен ластануымен күресу үшін мұнайды су-
дан жұта алатын әртүрлі материалдар қасиетіне негізделген әдістер кең қолданыс
тапты. Тығыздығы 1000 кг/м
3
төмен жүзбелі және тығыздығы одан да жоғары
батпалы сорбенттер ажыратылады. Жүзбелі сорбенттер ретінде көптеген
табиғи
(торф, мүк) және
жасанды
(полиуретан, резина) материалдары қолданылады.
Жасанды сорбенттерді синтетикалық материалдардан дайындайды және
материялық түйіршік түрінде шығарады. Табиғи сорбенттермен салыстырғанда,
жасанды сорбенттердің артықшылығы – оның қайта қолдану мүмкіндігінде.
Түйіршіктелген сорбенттер
материялылыққа қарағанда, тиімдірек және үлкен
аудандағы мұнай ластануларын жоюға қолданылады.
470
18.8-сурет. Акваторияның түбінде мұнайды бондарды қолданып жинау:
1 – мұнайқоқыс жинағыш; 2 – бондар; 3 – бондарды сүйрегіштер; 4 – мұнай
Достарыңызбен бөлісу: |