Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мұнай мен газды өндіру кезінде қоршаған ортаны қорғау



Pdf көрінісі
бет203/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

18.4 Мұнай мен газды өндіру кезінде қоршаған ортаны қорғау 
Каспий теңізі ұңғыларының жұмыс істеп тұрған фондының жартысынан 
көбі фонтанды-компрессорлы тәсілмен игерілетіні белгілі. Бұл ұңғылардың 
қалыптасқан пайдалану режимін сақтау және олардың дебитін көтеру үшін 
жүйелі түрде:
– фонтанды ұңғылардың штуцерлерін тексеру және ауыстыру;
– ұңғылардың дебитін және сағалық параметрлерін өлшеу;
– көтеру құбырларын парафин түзілімдерінен тазарту;
– құбыр сыртына және сақиналық кеңістікке сұйықтықты айдау;
– геологиялық-техникалық;
– өтімділікті көбейту үшін ұңғының түптік аймағын өңдеу;
– ұңғылардың құм тығындарын жуу, т.б шараларды жүргізеді.
Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде теңіздің мұнаймен, мұнай 
өнімдерімен, химиялық реагенттермен, қабаттың құммен ластануы мүмкін.
18.5 Ұңғыманың ағымдағы және күрделі жөндеулері кезінде 
қоршаған ортаны қорғау
Ұңғының ағымдағы және күрделі жөндеуі теңіздің мұнаймен, мұнайқұрамдас 
сумен және құммен, сонымен қатар өңделген жуу ерітінділерімен ластанудың 
негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Теңіздің ұңғыны жөндеу қалдықтарымен ластануының алдын алу:
– ұңғыны жөндеу кезінде жуу ерітіндісінің айналымының жабық 
жүйесімен қолдану жолымен;
– жөндеу қалдығын кейін оларды теңізге лақтыру үшін жинау және тасы-
малдау немесе залалсыздандыру;
– құбырларды және штангаларды мұнайдан және жуу сұйықтығынан 
тазалауға арналған әртүрлі аспаптарды қолдану;
– құбырлардың ішкі қуысынан ағатын сұйықтықты айдау және шығару;
– лақтырысқа қарсы шағын көлемді сағалық құралдарды қолдану арқылы 
жүзеге асырылады.
18.6 Мұнай және газ ұңғылары өнімдерінің қалдықтары
Каспий мұнай-газ кен орнының ұңғыларының өнімдері құрамында негізгі 
компоненттер – мұнай, конденсат және газбен бірге бұл үдерістің қалдықтары 
ретінде олардың серіктері: қабаттық жоғары минералданған су және құм бола-
ды.


465
Отандық тәжірибеде қабат суларын қабат қысымын қолдау (ҚҚҚ) жүйесінде 
қолданады, ал басқа жағдайларда сорғыш горизонттарға айдайды, бұл 
технологиялық үдерістің улы қалдықтарын пайдалану шарасы болып табылады.
Аз қалдықты үдерістерді құрудың басқа да тәсілдері бар.
Шетелде мұнай ұңғыларында су ағыстарын шектеудің әртүрлі әдістері 
қолданылады. Бұл мақсатта көп жағдайда үдерістің селективтігіне жететін су 
серпінді сұйықтықтар қолданылады. Тұтқыр-серпінді сұйықтық ретінде пу-
шер-500 және пушер-700 түріндегі суда ерігіш полимерлер қолданылады. 
Сулардың селективті оқшаулануы үшін, сонымен қатар гельдер түзетін компо-
зицияны пайдаланады. Бұл кезде гель түзілу үшін айдалатын реагентпен жанасу 
кезінде сәйкес келетін компоненттері бар қабаттарды таңдайды. 
Отандық тәжірибеде полиакриламид түріндегі суда ерігіш полимерлер-
мен суды оқшаулаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Бұл полимердің орнына 
американдық өндірістегі пушер-500 және пушер-700 полимерлері алынады. 
Сонымен қатар полиакриламид пушер-500 және пушер-700 полимерлері 
мұнайды қабаттан ығыстыруға қолданылады. Бұл ұңғы өнімінің сулануының 
күрт азаюына әкеледі. 
Каспий теңіз мұнай-газ кен орындарының кейбір қабаттары әлсіз цемент-
телген жыныстардан құралғанын ескеріп, өндірудің технологиялық үдерісі 
қабат құмын рауалы таңдау кезінде жер бетіне шығуымен жалғасады.
ТМД және шетелдерде құммен күресу үшін түптік аймақта дымқыл кол-
лекторларды бекітуінің әртүрлі әдістері қолданылады және әртүрлі сүзгілер 
құралады. 
Егер ұңғыға қабаттан құм келуін болдырмау мүмкін болмаса, онда 
шығарылатын құмның пайдаланылуы үшін мұнайдан тазарту керек және кейін 
құрылыс материалы ретінде қолдануға болады.
Ілеспе және табиғи газдардың қалдықсыз өндіру технологиясы алдымен жи-
нау жүйесінің толық тұмшалануын және атмосфераға газдың шығарындыларын 
жоюды қарастырады. Бұған кен орнының қазіргі кездегі газ жинау және көліктік 
құбырөткізгіштер желісімен, қажет болса, комперессорлы қондырғымен 
жабдықталуымен қолжеткізіледі. Компрессорлы қондырғы газды тасымалдауға 
немесе кен орындарда мұнайды газлифтімен өндіруге тікелей қолдануға, қабатқа 
айдауға және энергетикалық қондырғыларда отын ретінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет