471
- Жел және ағыстардың максималды жылдамдығы;
- Су деңгейінің экстремалды өзгеруі;
- Толқындардың биіктігі мен кезеңдерінің тағайындалуы, жел және
ағындардың
жылдамдықтарының тағайындалуы;
- Ағындардың профильдері, жел және толқындардың спектрлері,
толқындардың ерекшеліктері;
- Жел және толқындардың параметрлері және жылдамдықтары.
18.9-сурет. Теңіздегі бұрқасын
Негізгі мәліметтердің параметрлері олардың қайталану периодымен
келтіріледі (жылына 1 рет, 100 жылда – 5, 10, 20, 50 рет). Гидротехникалық
құрылыстарды тұрғызу және пайдалану, техникалық-жүзбелі құралдарды бук-
сирлеп (сүйреп) тасымалдау және оларды жұмыс жағдайында орнына қондыру.
Демонтаж кездерінде режимдіктен басқа, жедел,
шұғыл диагностикалық
және болжамдық гидрометеорологиялық ақпарат қажет: желдің жылдамдығы
мен бағыты, беттік ағыстардың жылдамдығы және бағыты, толқындар
биіктіктерінің қамтамасыз етілуі, толқындар мен кіші толқындардың периодта-
ры, толқындардың таралу бағыты, мұздық жағдайлар, көз көрерлік жауын-ша-
шындар, бұлттылық ауа температурасы, мұздану.
Қажетті гидрометеорологиялық параметрлерді анықтаудың негізгі тәсілдері
төмендегідей.
Экспериментальдық мәндерді анықтау үшін:
- бақылау мәліметтерінен эксперименталдық шамаларды таңдау (мыса-
лы, температура, ылғалдылық және т.б.);
472
- синоптикалық, ең ауыр бақыланған (дауылдық су деңгейінің көтерілу
ағысы және т.б.) жағдайлардағы мәліметтер бойынша параметрлерді
есептеу;
- параметрлерді периоды 50 немесе 100 жыл (толқындар биіктігі)
гипотетикалық «жобалық»
дауыл бойынша есептеу;
- математикалық модель бойынша есептелген мәндердің экстраполяция-
сы;
- өлшенген және бақыланған мәндерді, олардың сәйкес ықтималдық та-
ралу
функцияларымен аппроксимациялау арқылы экстраполяциялау.
Нормаға жақын параметрлерді анықтау үшін төменгі мәліметтердің
қолданылуы мүмкін:
- әдебиеттік көздер (атластар, жылдық есептер және т.б.);
- жағалаулық және кемелік бақылауларды, берілген нүктелердегі
бақылауларды талдап, қорыту;
- типтік жағдайлар үшін есептелген мәндерді, мысалы, басым желдік
жағдайлар үшін ағыстарды есептеу;
- шұғыл синоптикалық карталар бойынша есептеулер (толқындауды
есептеу);
- түйіспейтін бақылау әдістерімен, жер серіктері арқылы және басқа
мәліметтерден алынған.
Барлық жүргізілетін есептеулер әдістемелерге сәйкес орындалады. Олар
эксперименталдық зерттеулер арқылы жүйелі түрде жетілдіріледі, оның ішінде
көбінесе және мақсатты жағдайлар нәтижесінде есептеудің жаңа әдістері жаса-
луы мүмкін.
Ақпараттарды жинақтауға арналған техникалық
құралдар комплексі бар,
оның құрамына: ғылыми-зерттеу кемелері, ауа райы кемелері, жүзбелі бағдар
шырақтары, зәкірленген және дрейфтеуші буйлар, Солтүстік полюс дрейфтеуші
станциясы, жағалық және сағалық теңіз гидрометеорологиялық станцияла-
ры, іздеу кемелері, гидрографиялық кемелер, әуе және космостық бақылаушы
платформалары, су асты аппараттары, су асты аппараттарының жетектері,
адам тұрмайтын жер серіктері және космос лабораториялары, ұшақтар, тік
ұшақтар, шарлар-зондтар, тұрақты теңіз платформалары (мұнай кәсіптік және
бұрғылау), гидрометеорологиялық мәліметтерді, конструкциялар элементтеріне
жүктемелерді өлшеуге арналған аспаптармен жабдықталған комплекстер және
басқалар кіреді.
Қоршаған ортаны зерттеу салалық талаптарға сәйкес арнайы мекемелер-
де жасалынып, бекітілген арнайы әдістемелерді, басты нұсқауларды, ережелер
жинақтарын қолдау арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортада жүргізілетін жұмыстардың өзіндік құнына және ол
мұнай-газ өндірістерінде қолданылатын бірегей, күрделі
теңіз техникасының
параметрлерін,
техникалық
сипаттамаларын
және
конструкциялық
473
ерекшеліктерін анықтау, ортаның гидрометеорологиялық жағдайларының
толық, сапалы мәліметтеріне байланысты.
Әсіресе, солтүстікте және арктикада мұнай және газ саласындағы жұмыстар
құны өсуінің басты факторы қоршаған орта екендігін ескерген жөн.
Гидротехникалық құрылғыларды орнатуда болжамдық гидрометео-
рологиялық ақпарат қажет.
- Жел жылдамдығы және бағыты;
- Құрлықтағы ағыстың жылдамдығы және бағыты;
- Толқындардың биіктігі;
- Толқындардың орташа кезеңдері;
- Мұздық шарттар;
- Көруге мүмкіншілік;
-
Ауа температурасы;
- Сұрлану;
- Бұлттылық;
- Жауын-шашын.
Қоршаған орта жұмыстың бағасына қатты әсерін тигізеді, себебі
гидрометеорологиялық шарттарға мұнай өнімдерінің күрделілігі мен
ерекшеліктері байланысты.
Қоршаған орта температурасының теңіз скважина жұмыстарына әсер етуі.
Алынып жатқан мұнай температурасы екі шарттарда анықталады:
қоршаған ортаның табиғи жылылық ауданымен және сұйықтық іс-әрекетінің
жылдамдығымен. Жер беті нейтралды қабыршақтан тұрғандықтан, темпера-
тура еш өзгермейді. Сондықтан температураның өзгеруі сұйықтықтың қозғалу
жылдамдығына байланысты. Егер скважина бағаны сумен шайылса,
өзгеріс
қатты байқалады. Осы себептен жер бетінің мерзімдік температура өзгерістерін
ескеру қажет. Сонымен қатар, қыс мерзімінде сұйықтық температурасын көтеру
үшін скважина бағанындағы жылылықтың жоғалуын қамтамасыз ететін ша-
ралар өте қызық. Теңіз шарттарында колоннаның жоғарғы эксплуатациялық
бөлшегі жылдық температуралық өзгерістерге тән ортада орналасқан. Бұл зо-
наны температураның мерзімдік өзгеру зонасы деп алалық. Екінші зонада
нейтральді қабыршақтың температурасы жылдық температура өзгересіне бай-
ланысты емес. 1 және 2 зона үшін төмендегідей формула жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: