Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет221/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

20.1.2 Іздеу-барлау жұмыстары
Іздеу-барлау жұмыстарының ұзақтығы күшіне енген күнінен алты жылды 
құрайды. 2002 жылдың тамыз айынан бастап, консорциум Қашаған кен орнын-
да төрт ұңғымаларды бұрғылаған, бесіншісін бұрғылау басталған және тағы бір 
ұғыманы бұрғылауға дайындау жүргізілуде. 
Келісім шартқа сәйкес бұл аудандардағы жұмыстар бағдарламасы бойынша 
кем дегенде алты ұңғымаларды, соның ішінде Батыс Қашағанда екі ұңғымаларды, 
Шығыс Қашағанда және Актоты, Қайраң және Қаламқас құрылымдарында бір-
бірден бұрғылауды қарастырады. 
Шығыс Қашағанда бірінші барлау ұңғысын бұрғылау 1999 жылдың та-
мызында басталған. Бұл уақытқа орай Астрахань верфінде кейінірек суасты 
негізінде қондырылатын «Сұңқар» бұрғылау баржасын жаңартып жабдықтауды 
бітірді.
Шығыс Қашаған-1 ұңғысын 5172 метр тереңдікте бұрғылау аяқталды. Есеп-
теулер нәтижесі бойынша мұнай дебиті тәулігіне 600 м
3
-ті құраса, газ дебиті 200 
мың м
3
-ті құрады. Мұнайдың температурасы американдық мұнай институты 
есептеулері бойынша 42-44 градусқа тең болды. Мұнайға қаныққан өнім қабаты 
ұңғының 4000 м тереңдігінен төмен екендігі анықталды.
2000 жылдың күзінде «Сұңқар» бұрғылау қондырғысы бірінші ұңғыдан
шамамен 400 км, Атыраудан шығысқа қарай 75 км орналасқан Батыс Қашаған 
құрылымына алмастырылған. 
Тереңдігі 4982 м Батыс Қашаған ұңғысын бұрғылауды консорциум 2000 
жылдан 2001 жылдың мамыр айына дейін жүргізген. Мұнай алып жүру көкжиегі 
4250 метрден төмен полеозойды карбонаттарда анықталған. Ұңғыны бұрғылау 
кезінде 32/64 штурцте мұнай дебиті күніне 540 м
3
, газ 215 мың м
3
-ке дейін 
құрайды. Осы кезде мұнайдың өлшенген тығыздығы 42, ал температурасы API 
стандартына сай 45 градус болады. 
2 жылға есептелген бағалау бұрғылаудың бағдарламасын жүзеге асыру 
2001 жылдың көктемінде басталған. Бұл бағдарлама мұнайдың коммерциялық 
қорларын дәлелдеу мақсатымен барлау бұрғылауымен қатар жүргізілген. 
Бағалау бағдарламасының шегінде 3-тен 8-ге дейін ұңғымаларды бұрғылау, 
сонымен қатар шамамен, 1600 м ауданда үш өлшемді сейсмикалық барлауды 
жүргізу жоспарланған. 
Шығыс Қашаған-1 ұңғымасынан солтүстікте 8 км және Атыраудан оңтүстік 
шығысқа шамамен, 70 км орналасқан Қашаған-2 бірінші барлау ұңғымасын 
бұрғылау 2001 жылдың мамыр айында «Сұңқар» бұрғылау баржасын Батыс 
Қашаған-1 барлау ұңғымасын бұрғылау орнынан алдыртқаннан кейін басталған. 
Бұрғылау 2001 күзде аяқталған, тереңдігі 4142 м ұңғының дебиті тәулігіне 7,4 


521
мың баррельді құраған. Осы кезде ұңғының өнімділігі орнатылумен және бар-
лау жұмыстардың экологиялық ережелерінің жетілмеуімен шектелген. 
2001 жылдың күз айында Шығыс Қашаған-2 құрылымында бірінші бар-
лау ұңғымасы үшін қорғаныс жүйесінің құрылысының аяқталғаны туралы 
хабарлаған. Бағасы $1 млн. болатын конструкциясын Атыраудың «Промонтаж 
К және В» ЖШКО дайындаған. Ол ұңғылардың сағасын сыртқы табиғи фактор-
лардан, соның ішінде мұздан қорғау үшін арналған. 
Жаңа ұңғыларды бұрғылау теңіздегі тереңдігі 2-ден 4 м болатын жасанды 
аралдардан әкелуге мақсатты болады. Бұрғылау қондырғыларын орналастыру 
үшін бермдердің құрылысын Баутино ауылының маңында орналасқан Аташ 
карьерасында алынатын жыныстардан жүргізіледі деп шешілген. Жасанды 
аралдардың құрылысын жүргізу тендерін американдық түрік Bechtel-Enka ком-
паниясы жеңіп алды. 
Өлшемі 120x80 м бірінші жасанды арал Шығыс Қашаған-5 блогында 
тұрғызылған. Оның құрылысы үшін 350 мың тонна тас керек болған.
Жасанды аралдарды бұрғылау үшін екінші бұрғылау қондырғысы алынған. 
Бұрғылау платформасын әкелу бойынша халықаралық тендерді германиялық 
Deutag компаниясы жеңіп алған. Алғашқыда бұл платформа Ұлыбританияда өте 
терең ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылған.
Қазақстандық өндірушілерден Agip KCO 2001 жылы 113$ млн. сомасына 
тауарлар мен қызметтерді алған, ал 2002 жылы бұл көрсеткішті 120$ млн. дейін 
жеткізуді жоспарлауда. Келісімшарт негізінен жер өңдеу жұмыстарын жүргізуді, 
жолдар мен елді мекендер құрылысын қарастырады. Сол уақытта ақшаның үлкен 
бөлігін консорциум жоғарғы технологиялық жұмыстар мен қондырғыларға 
бағыттауда, онда қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері шектелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет