Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 ресей теңіз кен орындарын меңгеру



Pdf көрінісі
бет223/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

20.2 ресей теңіз кен орындарын меңгеру
Ресейде мемлекетік теңіз қайраңында мұнай мен газдың қорларын өндірістік 
меңгеру алдында тұр. Қазіргі кезде негізгі континенталды қайраң кен орындары 
негізінен Батыс Сібірде орналасқан және олардың қоры біртіндеп азая бастауда. 
1994 жылдан бастап, болжанған қорлардың өсуі оны игерілген қорын өтемейді. 
Мұнай мен конденсаттардың қорларының өсуі жылына 200 млн.т деңгейінде 
(оны өндіру жылына 300 млн.т деңгейде), ал газ қорларының өсуі 200-250 млрд.м
3
деңгейде (оны өндіру жылына 590 млрд.м
3
деңгейде). 1999 жылы мұнай мен 
конденсаттың қорларының өсуі 199 млн.т болса (оны өндіру жылына 304 млн.т 
деңгейде), ал газ 210 млрд.м
3
, оны өндіру жылына 567 млрд.м
3
деңгейде болған. 
Өткен ғасырдың 90 жылдарында Ресейде мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну 
1,5-тен 0,9-ге дейін төмендеді, ал алдыңғы қатарлы мемлекеттерде (АҚШ, 
Жапон, Батыс Еуропа) жан басына шаққанда мұнайды пайдалану 2-3 т-ға жетті. 
Шығыс Сібірдегі болжанған мұнайлы аудандар аз көлемді әрі игеруге қолайсыз 
аумақта орналасқан. Сол кезде Ресей әлемдегі ең үлкен қайраңға ие ел болды 
(әлем қайраңдарының 22%-ы), оның ауданы 5,2 млн км
2
, соның ішінде изобаты 
200 м дейін, оның ауданы 4,5 млн км
2
, оның 75%-ы мұнай мен газға өте бай 
перспективалы болып есептеледі. Ресейлік қайраңының потенциалды ресурс-
тары әлемдегі ең ірі мұнай-газ провинцияларының қорларымен бірдей. Ресей 
қайраңының болжаланған мұнай-газ қорлары 100 млрд. т-дан асады. Оның 
45%-ы тереңдігі 50 м-ге дейін, 25%-ы 50-100 м және 30%-ы 100-200 м аралы-
ғында шоғырланғын.
Мұнай мен газдың жалпы ресурстарының 85%-ы Арктикалық теңіздерге 
сәйкес келеді, шамамен, 12%-ы алыс шығыс теңіздеріне, ал қалғаны ішкі 
теңіздерге (Каспий, Қара теңізі, Азов және Балтық теңіздері). 
Ресейдің арктикалық кеңейтілген зонасына Коль жарты аралынан 
Чукотканың Тынық мұхиты жағалауына дейінгі территориясы жатады. Өткен 
ғасырдың 90-жылдарына қарай Әзербайжан мен Қазақстанның мұнайлы аудан-
дарынан айырылған Ресейге Солтүстік Арктика қайраңдарының ресурстарын 
игеруге тура келеді. Арктикалық қайраңдардың мұнай-газ ресурстарын игерудің 
экономикалық құндылығы құрлық пен теңізде игерілетін көмірсутектердің 
бағасының теңесілуімен түсіндіріледі. Соңғы жаңа технологиялық жетістіктердің 
арқасында құрлықтағы кен орындардың қоры шектеулі болғандықтан, құрлықта 


525
өндірілетін мұнайдың өзіндік құны теңіз кен орындарынын игерудің өзіндік 
құнына қарағанда жылдам өсуде. Ғалымдардың есептеулері бойынша, Ресейдегі 
суасты және құрлықасты көмірсутектерін өндірудің өзіндік құны 2015-2020 
жылдары теңеседі деп болжануда.
Ресейдің арктикалық теңіздерінің континенталды қайраңдары отын-энерге-
тика ресурстары қорына айтарлықтай бай, оның көлемі 2,9 млн. км
2
. Бірнеше 
миллиондаған тонна көмірсутектердің ресурстары бар ірі зоналық нысандарға: 
Солтүстік Гуляв және Печера теңізіндегі Барандей; Штокманов, Баренец 
өзеніндегі Лудлов жатады. Көмірсутектердің қорларының болжамдары бо-
йынша, ең нақты зерттелгені және перспективтісі – Батыс Арктика акватория-
сы. Баренц және Печора теңіздерінде 70-тен астам, ал Карск өзенінің оңтүстік 
бөлігінде, шамамен 50 мұнай-газ құрылымдары шоғырланған. Көмірсутектердің 
көптеген түрі мен әртүрлі құрамы бойынша 15-тен кем емес, мұнай мен газды 
жинау аумақтары Баренц теңізді мұнай-газды провинциясында орналасқан, 20-
дан астамы Печерск теңізінде, 13-і Батыс Сібір мега провинциясының Оңтүстік 
Карск мұнай-газ алқабында орналасқан. Батыс Арктика бассейндерінде газ ре-
сурстары ондаған трлн. м
3
, анықталған газ кен орындарының қорлары олардың 
шамамен, 50%-ын құрайды, Баренц-Карск қайраңды зонасы 2,3 млн км
2
астам 
алқапты алып жатыр, соның ішінде Баренцев және Печероск қайраңдары шама-
мен, 1420 км
2
, ал Карск теңізінің қайраңы шамамен, 890 мың км
2
. Баренц-Карск 
қайраңның максималды ені – 1550-1700 км. Бұл Баренц-Карск қайраңды зонасы 
жақсы зерттелген. Мұнда мұнай мен газдың ондаған кен орындары ашылған, 
олардың төртеуі: Штокманов (газоконденсатты); Ленинград, Русанов (газды) 
және Приразлом (мұнайлы) қорлары бойынша алып кен орындарына жатады.
Баренц теңізінде ең перспективалы Штокманов газды конденсатты кен 
орны болып саналады, ол 1988 жылы ашылған. Ол Жаңа Жер архипелагы 
аралдарының жағалауынан батыста 290 км-де және Мурманск портынан 650 км 
жерде орналасқан. Мұнда теңіздің тереңдігі 280-360 м. Газдың алдын ала 
бағаланған қорлары 3,7 трлн м
3
, ол өндірістік игеруге дайын деп есептелінуде. 
Баренц теңізінде, сонымен қатар Лупинск, Арктикалық, Мурманск, Ахматов 
және басқа кен орындары ашылған. Баренц теңіз аумағында тағы да 20 шақты 
газ қорлары 12 трлн. м
3
кен орындары дәлелденген, олардан жылына 10 млрд. м
3
газ өндіруге болады. 
Печора теңізінің ресурстары сұйық көмірсутектерге өте бай. Мұнда При-
разлом мұнай кен орны, Варандей-теңіз және оларға жататын құрылымдар: Ме-
дынск, Солтүстік-Долгин, Алексеевка, Полярная және Паханчевская кен орын-
дары орналасқан. Приразломное кен орны 1989 жылы ашылды. Ол жағадан 65 
км қашықтықта жатыр және оның тереңдігі 20 м.
Батыс Сібір мұнай-газ провинциясының айтарлықтай бөлігі солтүстікте 
тереңдігі 30-100 м Карск теңізінің суы астында жатыр. Оның табанында жал-
пы мұнай қоры 37%-дан астам және 45%-дан астам газ қорлары шоғырланған. 
Бұл ресурстардың үлкен бөлігі теңіз түбінде 4 км тереңдікте орналасқан және 


526
тереңдігі 100 м қайраң учаскелерінде жайғасқан, яғни олар техникалық жағынан 
меңгеруге қолайлы. Карск қайраңының Приямаль ауданының батыс бөлігінде 
ең ірі газ кен орындары – Русаков және Ленинград ірге тепкен.
Мұнда Харасавей, Крузенштерн және Батыс Шарапов, сонымен қатар Обск 
мен Тазов перспективалы құрылымдары бар. 
Оңтүстіктен солтүстікке 30-дан 70 км-ге созылатын Обск губасының 
ұзындығы 750 км-ге жетеді. Губа шеңберінде судың тереңдігі 2-ден 20 м-ге 
дейін өзгереді. Тазов губасы 10-35 км ендікте Обск губасымен жалғанғанша 
300 км-ге дейінгі қашықтыққа созылады. Судың тереңдігі 2-ден 7 м-ге дейін 
ауытқиды. Мамандардың бағалауы бойынша, губалардың акваториясында 
көмірсутектердің жалпы геологиялық ресурстары 1500 млн. т шартты отынын 
құрайды. Харасавей газ-конденсатты кен орны Русанов және Ленинград пен 
бірге Карск теңізіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады. Оны игерудің негізгі 
әдісі – бұрғылау үдерісі және мұзға берік бұрғылау қондырғыларын немесе мұз 
аралдары мен жасанды себілмелі тас шиыршықты аралдарды ұйымдастыру. 
Әртүрлі табиғатта тектоникалық құрылымдардың үйлесуі, соның ішінде 
рифтогеинділер Лаптев теңізінің мұнай газ потенциалын жоғары бағалауға 
мүмкіндік береді. Шығыс Сібір және Чукотка теңізінің шектерінде Чукотка-
Аляска және Новосибирск-Чукотка перспективалы мұнай газ провинциялары 
орналасқан. Қарастырылып отырған теңіздер – Ресейдегі ең аз зерттелгендер. 
Ресейдің континенталды қайраңын меңгеру табиғи климаттық жағдайлары 
өте қатал болғандықтан аса қиын деп есептеледі. Алдағы 10-15 жыл аралығында 
Ресей қайраңдарында іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін болады, оның 
міндеті келешекте мұнай мен газдың шикізат базасын теңіз кен орындарында 
пайдалануға дайындау болып табылады. 
Осылайша, Арктикада орындалған іздеу-барлау жұмысының нәтижелері 
мұнай мен газдық теңіз қорлары бұл аумақта әлемдегі ең ірілердің бірі болып, 
қоры жағынан белгілі Таяу Шығыс аймағынан асып түседі. 
Мұнай мен газды өндіруге арналған дайын шикізат базасы бар теңіз аумағы 
ретінде Сахалин аралының солтүстік-шығыс қайраңы, мұнда көп мөлшерде 
құрамында газы бар мұнайға аударғанда, 1 млрд. т көмірсутек қоры барланған 
8 кен орны ашылды. Бұл Сахалин аралын және оған жақын Ресейдің құрлық 
бөлігін газбен бірнеше онжылдықтарға қамтамасыз етеді және әлем нарығына 
экспорттауға мүмкіндік тудырады. Сахалин аралы қайраңының табиғи жағдайы 
әлемдегі ең қатігездерінің бірі болып табылады. Олар ашық теңізде жүргізілетін 
жұмыстардың технологиясын таңдауға әсерін тигізеді, стандартты емес опера-
цияларды қолдануды талап етеді. Жұмыс кезеңінің ұзақтығының шектеулігін 
есепке алынған теңізде жүргізілетін құрылыс пен іздеу-барлау жұмыстарының 
алдыңғы қатарлы әдістерін пайдалануды талап етеді. 
Өндірістік игеруге дайын Чайво теңіз кен орны (1979 жылы ашылған), Одоп-
ту теңізі (1977 ж.), Лунское (1984 ж.) және Пильтун-Асохское (1986 ж.) болып 
табылады. Өндірістік игеруге дайындық үстіндегі кен орны – Аркутун-Дагий 


527
(1989 ж.). Бұл кен орындар жалпы қоры бойынша Сахалин аралының қорының 
92%-ын құрайды. Қазіргі таңда Ресейде «Сахалин-Ι» – «Сахалин-V» жобалары 
бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет