Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет229/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

20.3.2 Оңтүстік Америка
Бразилия
Мұнай.
Бразилияда мұнай қорларының 8,15 млрд. баррельді бар. Бірақ ол 
Аргентинада, Сауд Арабиясында және Венесуэлада тұтынылатын мұнай мен 
мұнай өнімдерінің 40%-ын импорттайды. 2002 жылы мұнайды өндіру күніне 
1,269 мың баррельді, ал тұтыну күніне 2,155 мың баррельді құраған. 
Рио-де-Жанейродан оңтүстік шығыста орналасқан Campos бассейні мол 
мұнай қорларына ие және дәл осында оны қазіргі уақытта өндіру жүзеге асы-
рылуда. Campos бассейнінің ауданында Бразилияның мұнай қорының 80%-ы 
жинақталған. Жаңа ашылулар нәтижесінде бұл ауданда мұнай қоры екі есеге 
көбейген және қазіргі кезде 1,5 млрд. баррельді құрайды: 9-MML ұңғымаларын 
бұрғылау барлық қорларға 270 млн. баррельді, I-ESS-121- ұңғымалары 600 млн. 
баррельді, Jubarte кен орны 600 млн. баррельді қосты. 
Венесуэла 
Мұнай.
Венесуэлада дәлелденген мұнай қорлары 77,8 млрд. баррельді 
құрайды. Ол әлемдегі он ең ірі мұнай өндірушілер қатарына жатады. 2002 жылы 
елде күніне 2,9 млн. баррель алынған, олардың 2,46 млн. экспортқа кеткен. Бұл 
мұнайдың 62%-ы танкерлер көмегімен тура АҚШ-қа тасымалданған. АҚШ-тан 
басқа Венесуэла мен Мексика Орталық Америка мен Кариб бассейндерінде 
көршілес елдерді де мұнаймен қамтамасыз етеді. 
Венесуэлада мұнай қорлары, негізінен төрт: Маракайбо, Фелкон, Апуре 
және Ориентал бассейндерінде шоғырланған. Қорлардың көпшілігі ауыр мұнай 
болып табылады. 
Маракайбо өзенінен мұнайды экспорттау 1918 жылы басталды және 1927-
1970 жылдары аралығында Венесуэла әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы ел 
болған, 1914 жылдан бастап, 17 мың ұңғымалар бұрғыланған, олар 37 млрд. 


536
баррель мұнай берген. Қалған өндірілетін қорлар 20 млрд. баррельді құрайды. 
Әртүрлі бағалаулар бойынша, 25000 км-ден 45000 км-ге дейін құбырлар теңіз 
түбіне төселген. 
Газ.
Венесуэлада табиғи газдың дәлелденген қоры 148 трлн. куб. фут. деп 
бағаланады, көлемі бойынша, Батыс жартышарында АҚШ-тан кейінгі екінші, 
ал әлемде сегізінші орында. 2001 жылы мемлекет 1,1 трлн. куб. фут. газ алған, 
оның барлығы мемлекеттің ішкі тұтынуына жұмсалған. 
Deitana платформасы – Тринидат пен Тобаго арасы шекарасындағы 
Венесуэаланың атлантикалық жағалауында орналасқан. Дәлелденген газ қорлары 
4,4 трлн. куб. футты құрайды. Кен орындарында өндірілген төмендетілген 
газдың АҚШ-қа алғашқы тасымалдануы 2017 жылға жоспарланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет