530
Тайланд
Тайландтағы көмірсутек қоры негізінен
Тайланд шығанағы қайраңына
көзделген (94% табиғи газ қоры). Онда дәлелденген қор көлемі 12,7 трлн.
куб.фут газбен және 0,5 млрд. баррель мұнаймен бағаланады. 1998 жылы
мемлекеттің энергия көзін қолданыстағы мұнай бөлігі – 61,7%, газ – 22,4%
құрайды. Энергияны тасымалдау қажеттілігінің 23%-ын Тайланд ішкі ресурста-
рымен қанағаттандырады, ал 77%-ын импорттайды.
Алғашқы газ Тайландта Erawan кен орнында 1981 жылы өндірілген. Қазіргі
таңда мұнай, газ және конденсат 37 кен орындардан өндіріледі, соның ішінде 21
Тайланд
шығанағында, ал 16-ы құрлықта орналасқан.
Тайланд газының ірі қорының көп бөлігі Малайзиямен бірге игеруге 171
млрд. куб.метр бағытталған.
Шығанақтағы кен орындардың табиғи газ өндіру үлесі: Erawan және
көршілес құрылымда 61% (1150 млн.куб. фут.тәулік), Bongkot-24% (630 млн.
куб. фут.тәулік), Tantawan-61% (125 млн.куб. фут.тәулік). Мемлекеттің ең ірі газ
кен орны – Bongkot (қоры 4,5 трлн. куб.фут). Ол Тайландтың газға қажеттілігінің
3/1 бөлігін қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары
жаңа газ кен орындары ашылған, олар: Arthit, Pakarang,
Plamuk, Maliwan, North Jarmjuree және үш блок Малайзиядағы Lawit-Jernet және
Тайландтағы Bongkot арасында, қайраңда орналасқан. Arthit кен орны – әлемдік
кластағы газ
кен орны болып табылады, қоры 85-тен 170 млрд. куб.метр. тәулік
көлемінде жеткізіліп тұрады.
Tantawan кен орны 80 м тереңдікте орналасқан. Ол 300 млн. куб.м газ, 50
мың баррель мұнай мен конденсат береді. Кен орында газды қабатқа айдау және
біріншілік сепарацияны іске асыру үшін жабдықталған
сағалық платформа
орнатылған. Өнімнің соңғы дайындығы және мұнай түсіруі FPSO-да жүреді.
Өндіріс 1997 жылы басталды. Газ – Районгтағы газ дайындау зауытына Erawan
– Rayong магистральді құбырмен тасымалданады. Бірінші мұнай құрлықтағы
Fang кен орнында өндірілген. Қазіргі уақытта 41% мұнай Sirikit (құрлықта) кен
орнында және 42% Benchamas (Тайланд шығанағы) кен орнында өндірілуде.
Қалған 4%-ы кіші кен орындардан өндіріледі. 86% мұнайды Тайланд өзінің
өңдеу өнеркәсібінің қажеттілігіне импорттайды.
Достарыңызбен бөлісу: