538
барлық мұнайы елдің батысында өндіріледі, оны тұтыну негізінен орталық және
шығыс
Канадада, сонымен қатар АҚШ-та шоғырланған. Альберта кен орны
мұнайдың канадалық экспортының төрттен үш бөлігін АҚШ-қа жібереді. 1999
жылы
Канада Венесуэла, Сауд Арабиясы және Мексикамен қатар ірі мұнай
жеткізушілер қатарына кірді. Елде өндірілген
мұнай мен газдың шамамен,
95%-ы құбыржелілер арқылы тасымалданады.
Сант Джонстан шығысқа қарай үлкен мұнай өндіруші аудандар орналасқан,
олар: Hibernia, Terra-nova, White-Rqse, Hebron/Ben Nevis кен орындары.
Hibernia кен орны Сент Джонстан 315 км қашықтықта 80 м
тереңдікте
орналасқан, ол Канаданың бес ірі кен орындарының қатарына жатады. Оны иге-
ру 1999 жылы басталған. Қорлар жеңіл мұнайдың үш млн. баррельін құрайды,
кен орнын пайдалану уақыты 18 жыл. Кен орнында биіктігі 224 м темір бе-
тонды гравитациялы
платформа орналасқан, оның негізінде сыйымдылығы
1,3 млн. баррель қойма орналасқан. Қазіргі кезде Солтүстік теңізде отыз плат-
форма орналасқанымен, олардың бірде-біреуі айсбергтерге қарсы тұру үшін
арналмаған. Hibernia платформасы ерекше. Ол қалыңдығы 15 м мұзды бетке ие;
қоршаған негізгі тісшелер барлық бет бойынша айсбергтердің әсерінен күштерді
тарату үшін арналған. Құрылыс салмағы 600 тонна,
құрғақ балласт салмағы
400 мың тонна. Платформа еш зақымданусыз салмағы 1 млн. тонна айсбергі
көтереді, жөндеуге келетін зақымданумен салмағы 6 млн. тонна айсбергтердің
әсеріне, бірақ олар 10 мың жылда бір рет пайда болады. Мұнайды дайындау
жоғарғы, орташа және төменгі сепараторларда үш сатыда жүзеге асырылады.
Мұнайдан
газ бен су бөлінеді, олар кейіннен қабатқа қайта айдалады.
Қондырғы күніне 200 мың баррель сұйықтықты дайындау үшін жобаланған.
Мұнай бір нүктелі айлақ арқылы танкерлерге тиеледі.
Достарыңызбен бөлісу: