Вьетнам
Мұнай.
Вьетнамның мұнай қоры 2,2 млрд. баррельді құрайды (басқа
мәліметтер бойынша 600 млн. баррель). 2002 жылы өндіріс күніне 339 мың бар-
рельге жетті. Мемлекетте мұнай өңдеу кәсіпшілігі дамымағандықтан, өндірілген
мұнайдың көп бөлігі Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, Сингапурға және АҚШ-қа
экспортталады. 2002 жылы экспорт күніне 153 мың баррельді құрайды. Мем-
лекет алты мұнай кен орнын пайдалануда, оның ішінде ең ірісі болып Backho
(White Tiger), Rang Dong, Hang Ngon және
Pall
Hung (Big Bear) табылады.
Өндіріс Cuu Long және Con Son қайраң бассейнінде көзделген.
531
2002 жылы мұнай және газдың үлкен қоры Ca Ngu Vang (Golden Tuna) және
Voi Trang (White Elephant) кен орындарында анықталды. Ca Ngu Vang қоры
250 млн. баррельмен бағаланады. Мұнайдың көп мөлшері Cuu Long, Block
15-1 бассейнінде анықталды. Зерттелген қоры 400 млн. баррельді құрайды. Su
Tu Vang (Golden Lion) және Su Tu Trang (White Lion) кен орындарының өнімі
тәулігіне 70 мың баррельге жетуі керек. Мұнай кен орнынан танкерлермен та-
сымалданады.
Газ.
Табиғи газдың қоры 6,8 трлн. м.куб-ты (220 млрд.м.куб) құрайды. 2010
жылғы болжам бойынша мемлекеттің газға қажеттілігі 110 млрд. м.куб болды.
Мемлекет алдағы 10 жылда табиғи газбен өзін-өзі қамтамасыз ете алады.
Ұзақ уақыт аралығында Вьетнам энергия алу үшін мұнай, көмір және ги-
дроэлектростанциясын пайдаланады. 1981 жылы Ханой жағалауының маңында
табиғи газдың аса ірі емес кен орны ашылды.
Табиғи газдың ірі көзі мемлекетте мұнай кен орнындағы газдың үлкен
мөлшері түсетін Cuu Long бассейні болып табылады.
Backho кен орны бүгінгі таңда мемлекетте газдың ірі көзі болып санала-
ды. Оның қоры 170-230 млрд.м
3
бағаланады. Ақ барыс (Белый тигр) мұнай
кен орнынан алынатын газ – бұл ілеспелі газ. Бастапқыда сәйкестендірілген
инфроқұрылымның қатысуымен ол жылына 1 млрд. м.куб өздігінен жандырыл-
ды (салыстыра қарағанда, ол Малайзиядан Сингапурға дейінгі газ құбырлары
бойынша, әр жылғы экспортталған газдың 64%-ы). 1995 жылы ілеспе газ пай-
даланыла бастады.
Nam Con Son бассейнінде газдың қоры 2 трлн. куб.футпен өлшенетін 2 газ
кен орны Lan Tay және Lan Do орналасқан. Кен орындар 125 м және 80 м-ге
сай су тереңдігінде орналасқан. 2002 жылы кен орынды Dinh Co терминалымен
Вьетнам жағалауына қосқан, ұзындығы 370 км магистральді газ құбырының
құрылысы аяқталды. Құбырдың өнеркәсібі жылына 247 млрд. куб.футты
құрайды, алайда, бүгінгі таңда оның қуаттылығы толығымен пайдаланылмай-
ды. Құбырдың толық қуаттылығы алдағы уақытта Hi Tach, Moe TinhH Rong Doi
кен орындарымен байланысқан өнімді тасымалдау есебінен өтеді.
2004 жылы РМЗ блогының газды кен орны мен Doc өзені координаттарын
қосатын құбыр салу жоспарлануда. Теңіз аймағының ұзындығы 289 км. Газды
электроэнергия өндіруде қолданылатын болады.
Оңтүстік СРВ қайраңдарында 700 км-ден жоғары теңіз құбырлары төселген
және жақын арада қайтадан төселетін теңіз құбырларының ұзындығы өседі деп
күтілуде.
Қытай
Мұнай.
Қытай әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші мұнай тұтынушы ел болып
табылады. Ол өзі сырттан тұтынатын 30% мұнайдың жартысын Орта Шығыс
(Оман, Йемен, Иран) мемлекеттерінен импорттайды. Мұнайды импорттауды
532
1996 жылдан, ал 1993 жылдан мұнай өнімдерін импорттауды бастады. 2002
жылы Қытайда 18,8 млн. тонна мұнай, 4,3 млрд. м.куб газ өндірілді.
Мұнайдың 90%-ын бұл мемлекет құрлықтан өндіреді. Аса ірі Daqing кен
орны (Солтүстік-шығыс Қытай) күніне 1 млрд. баррель мұнай өндіреді.
Қытайда 1,2 млрд. т мұнай қоры және 200 млрд.м.куб газ қоры бар.
ХХ ғасырдың 70 жылдары аяғында мемлекетте тек үш қайраңды кен
орны өндірілді. Соңғы 20 жылда Қытай мұнай мен газ өнімдерінің көп бөлігін
қайраңды кен орындарынан өндіруді бастады. Бүгінгі таңда олар Бохайвань
ауданында, Сары теңіз, Шығыс-Қытай теңізі және Оңтүстік-Қытай теңізінің
солтүстік континенталды қайраңында орналасқан.
1996 жылы Қытай 19 теңіз кен орындарын өз бетімен және бірлесіп өндіре
бастады. Қайраңды индустрия шетелдік инвестицияның қатысуымен қарқынды
дамуда. Қайраңды кен орындардың даму басылымдығы Шығыс-Қытай теңізі
мен Бохайвань жағалауына берілетін болады.
1996 жылы Оңтүстік-Қытайда ең ірі мұнай кен орны Liahua 11-1 ( LH U-1)
кен орны пайдаланыла басталды. Оның қоры – 1 млрд баррель. Өнімді дайын-
дау FPSO-да 720 мың баррель сақтау көлемімен 140 мың тонна су ерітіндісімен
жүзеге асырылады. Сұйықтың күнделікті өнімі 300 мың баррель, мұнай 65 мың
баррель. Мұнай жағаға танкермен жеткізіледі.
1997 жылы Xijiang 24-1 және Lufeng 22-1 кен орындары пайдалана бастал-
ды.
Lufeng 22-1(LF22-1) Сянганнан (Гонконг) 332 м тереңдікте, 310 км
қашықтықта Оңтүстік-Қытай теңізінде орналасқан. Оның тропикалық ци-
клон аймағында жел жылдамдығы 18-22 км/сағ, толқын биіктігі 8 м-ге жетеді.
Шығарылатын мұнай қорларының көлемі 30 млн. баррельмен бағаланады.
Тәуліктік өнім өндіру сұйықтық – 125 мың баррель, сонымен қатар мұнайдың
65 мың баррелін құрайды. Мұнайды FPSO-ға көтеру үшін, теңіз табанында
орналасқан электрлік сораптар қолданылады.
FPSO «Navion Munin» су ерітіндісін – 103 мың тонна, сақтау көлемі –
640 мың баррельді құрайды. Танкерлерде 65
0
С-та мұнай температурасын
қамтамасыз ететін жылытушы элементтер орнатылған. Өнімді дайындау
құралы электростатикалық коалесцерлердің бірінші және екінші деңгейлік се-
параторларды қосады. Кен орнының мұнайында көп мөлшерде парафиндер бар.
Сондықтан іске қосуда су апаруын толығымен қосуда жылудың циркуляция
сызбанұсқасын, сонымен қатар парафинді үлгілерді құрауда райзерлер мен ма-
нифольдтар қызмет етеді.
Бірінші деңгейдегі сепараторда мұнай құрамы 30 мг/л дейін түсетін
гидроциклондарға кететін су бөлінеді. Температура сепараторда 65
0
С болу ке-
рек. Сепаратор мен коалесцер қызып кетуі мүмкін. Бірінші деңгейлік сепара-
тордан мұнай температурасы 95
0
С жететін жылытқышқа түседі. Осылай мұнай
тұтқырлығы төмендейді. Екінші деңгейлік сепаратордан кейін мұнайдан судың
толығымен бөлінуі ООВ 0,5%-ке дейін жететін коалесцерге орта насостармен
533
түседі, ал мұнай келесі сақтағыш үшін 70
0
С-қа дейін суиды. Жағаға мұнай тан-
керлер арқылы жеткізіледі.
Sulzhong 36-1 (Sz36-1) – Бохайвань жағалауында орналасқан. 2005 жылдан
бастап әр жылғы мұнай және газ өнімі жағалауда 20 млн. тоннаға жетіп, бұл
аудан Қытайдың қайраңындағы үш ірі мұнай өндіруші аудандарының қатарына
қосылды.
1993 жылы газдың коммерциялық өндірілуі басталды. Дәлелденген мұнай
қорлары 317 млн баррельді құрайды, ол қайраңдағы ең ірі кен орны болып табы-
лады. Оны екі фазада меңгереді:
1. Екі сағалық платформа және FPSO фазалары;
2. Жеке өңдеуші платформа, 6 сағалық және мұнай тасымалдау үшін
жағаға дейінгі 70 км ұзындықты мұнай құбырлары төселген.
Мұнайдың тәуліктік өнімі – 75 мың баррель.
Pengiai 19-3 – Қытай қайраңдарындағы аса ірі мұнай кен орны. Барланған
мұнай қорлары 750 млн баррель, оны 2002 жылдан пайдаланыла басталды.
Қазіргі таңда өнімді 40 мыңға болжамдаған қалпына келтірудің бірінші фазасы
жалғасуда, 2005 жылы тәулігіне 150 мың баррель мұнай өндіретін екінші фаза
басталды. Сонымен қатар күніне 190 мың баррель, 1,9 млн баррель сақтайтын
жаңа FPSO салынды.
Qinhuangdao (QHD-32-6) – Бохайвань жағалауындағы тереңдігі 20 м-ге
жететін мұнай кен орны. Барланған қоры – 109 млн баррель. Әр жылдың өнімі
20 млн тонна, өнімді дайындау 1 млн баррель көлемді сақтаумен күніне 80 мың
баррель өңдей алатын FPSO “Bohai Shiji” жүзеге асырылады.
Газ.
Газдың көп бөлігі Сычуань провинциясының жағалауында өндіріледі.
Қытай өзінің табиғи газ кен орнын жақын арада қалыптастыра бастады,
сондықтан оны тасымалдануын қамтамасыз ететін капиталдың үлкен көлемді
төлемдері қажет.
Ең ірі қайраңды газ кен орны Yacheng B-1(YOB-1) дәлелденген қорлары
100 млрд. м.куб. Ол Оңтүстік-Қытай теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Газ
өндіру 1996 жылы басталды және жылына 3,4 млрд. м.куб газды құрайды. Бұл
газ 800 км ұзындықта теңіз құбырлары арқылы Сянганға электр энергиясын
өндіруші зауытына дейін тасымалданады. Тағы бірі 100 км ұзындықтағы газ
құбырын кен орынды Хайнань аралығымен байланыстырады.
Bongfang І-І (DF1-1) Оңтүстік-Қытай теңізінің батыс бөлігінде 75 м
тереңдікте орналасқан. Дәлелденген қорлары 3,274 млн. фут.куб. Орнатудың
бірінші фазасы 116 км ұзындықты теңіз құбырын Хайнань аралына дейін созып
өнеркәсіптік зауыт салуды болжауда.
Dinghu кен орны (РН) Шығыс-Қытай теңізінде орналасқан, онда газ
бен мұнай өндіріледі. Пайдалану 1999 жылы басталды. 15 жыл аралығында
1,2 млн. м.куб газ өндірілетіні болжануда. Оның дәлелденген қорлары 14,65
млрд. м.куб газ және 107,8 млн. т мұнай. Кен орнында өнімді дайындауда плат-
формалар орнатылған, мұнай мен газ жағаға құбырлармен тасымалданады.
534
Мұнай құбырының ұзындығы 310 км, диаметрі 10 дюйм, ал газ құбырының
ұзындығы 386 км, диаметрі 14 дюйм.
Достарыңызбен бөлісу: |