Мұнай-газ кешенiн дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету Мұнай-газ кешенiндегi салааралық және құрылымдық тепе-теңдiктi:
- технологиялық тiзбекте – iздеудi, барлауды, өндiрудi, тасымалдауды,
ұқсатуды, өткiзудi;
- мұнай және газ технологиялары арасындағы;
- өндiрiстi ұйымдастырудың iрi, орташа және шағын түрлерi арасындағы;
- игерудiң әр түрлi сатысындағы кен орындарының арасындағы;
- табиғат пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
молайтудың арасындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етедi.
Әлемдiк деңгейдегi өз ғылыми-техникалық және өндiрiстiк инфрақұрылым
қалыптастыру Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенiнiң бәсекелестiк
қабiлетiн, iшкi рыноктың қажеттiлiгiн кепiлдi түрде қанағаттандыруды және
сыртқы рыноктың көптеген және қандай түрдегi де талаптарына барабар әрекетi
қамтамасыз етедi.
Теңiз операцияларын ұйымдастыру теңiз блоктарын зерделеу дәрежесiне
қарай ерекшеленедi. Барлау жүргiзудi қажет ететiн блоктар бойынша жер
қойнауын пайдаланушылармен (“ҚазМұнайГаз” ҰK” ЖАҚ үлестiк қатысуымен)
зерттеу нәтижелерiне қарай теңiз блоктарын зерделеуге қатысты тараптардың
бұдан былайғы құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын жұмыстардың тиiстi
кешенiн жүргізуге келiсiм жасалатын болады.
Барлау мен өндiрудi жүргiзу көзделiп отырған блоктар бойынша ұлттық
компанияның мiндеттi түрде қатысуымен тиiстi ұйымдар құру көзделедi. Жер
қойнауын пайдалануға арналған шарт жасасу кезiнде келiсiмшарттардың алуан
түрлерi қолданылатын болады.
593
Мазмұны KІPІCПЕ ..........................................................................................................................3 1-ТАрАу. ТЕҢІЗ ҚАЙрАҢЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІруДІҢ КЕЗЕҢДЕрІ МЕН ЕрЕКШЕЛІКТЕрІ