Көмiрсутектерiн өндiрудi дамыту
Республикада құрлықта мұнай өндiрудi бес облыста орналасқан 100-ден
астам кен орындарында 33 мұнай өндiретiн компаниялар жүзеге асырады.
Өндiрудiң негiзгi өсiмi Теңiз, Қарашығанақ, Өзен және басқа да кен орындарын-
да қамтамасыз етiледi.
Жүргiзiлген зерттеулер Қазақстанда көмiрсутегi шикiзатының алына-
тын қорлары мен оны өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн KTҚC-ның ресурста-
ры есебiнен күтуге болатынын көрсетедi. Бұрын көрсетiлгендей, алдын ала
бағалаулар бойынша, КТҚС-нан алынатын көмiрсутектер ресурсының көлемi
шамамен 8,0 млрд.т. КТҚС-ның жоғары перспективалылығын бәрi бiрдей өнiмдi
болған 6 ұңғыманы барлаулық бұрғылаудың алғашқы нәтижелерi растайды.
Мұның нәтижесi Қашаған және Қаламқас-теңiз екi кен орнының ашылуы бол-
ды. «Лукойл» компаниясы жүргiзген осыған ұқсас жұмыстар Каспий теңiзiнiң
ресейлiк секторындағы құрылымдардың жоғары перспективалылығын көрсеттi.
КТҚС-дағы көмiрсутектерiнiң анықталған болжамдық ресурстары
болашақта КТҚС-ның кен орындарынан мұнай өндiрудi жылына 100 мил-
лион тоннаға дейiн жеткiзуге және оны осы деңгейде 25-30 жыл бойы ұстап
тұруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, Солтүстiк Каспийдегi Қашаған кен орны-
нан бастапқы алынатын мұнай қорлары 1,7 млрд. тонна шамасында болады.
Қашаған кен орнынан мұнай өндiрудiң жылдық көлемi: 2005 жылы - 0,5 млн.
т, 2012 жылы - 22 млн. т. және 2015 жылы – 60 млн.т.-ны құрайтын болады.
578
Алғашқы кезеңнiң басқа блоктарында өндiру 2013-2014 жылдарда бастала-
ды деп күтiлуде. Барлау жұмыстарын жүргiзу мен болжанған қорлардың рас-
талуына байланысты болатын белгiсiздiктi ескере отырып, бастапқы шарттар
ретiнде стандарттық әдiстемелер мен «QUESTOR OFFSHORE» компьютерлiк
бағдарламасын пайдалана отырып қорлар мен өндiрудi болжамдық бағалаулары
алынды. Есептеулер табу ықтималдығының түрлi деңгейлерi үшiн үш нұсқада:
- 15% (ең төмен нұсқа);
- 25% (орташа нұсқа);
- 35% (ең жоғары нұсқа) орындалды.
КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiндегi тұзасты кенiштерiнiң айырмашылық
ерекшелiгi – мұнайда жоғары дәрежеде 30% шамасында ерiген газдың болуы.
Қашаған кен орнының мұнайында ғана Қарашығанақ кен орнында алына-
тын газдың мөлшерiндей болады деп күтiлуде. КТҚС-ның орталық бөлiгiнiң
құрылымдарында құрлықтағы Қаламқас кен орнындағы сияқты газ факторы
онша көп табылмайды деп күтiлуде. КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгiнде мұнай ғана
емес, газ кен орындарын да ашу көзделiп отыр. Сөйтiп, тұтастай алғанда КТҚС-ы
бойынша көмiрсутек баламасында газ өндiру өндiрiлетiн мұнай көлемiнiң 60%-
iн құрайды деп күтуге болады.
Республиканың iшкi қажеттiлiктерiн мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету
– КТҚС-ның даму шеңберiнде ғана емес, тұтастай алғанда, ел экономикасын
тұрақты дамыту тұрғысында да бiрiншi дәрежелi мiндеті.
Негiзiнен, отандық мұнай өндiру зауыттарындағы (МӨЗ) мұнай өңдеудiң
нақты көлемi iшкi рыноктың мұнайға қажеттiлiгiнiң 70%-iн ғана қамтамасыз
етедi. Мұнай өнiмдерiнiң iшкi өндiру жетiспеушiлiгi негiзiнен Ресейден келетiн
импорт есебiнен жабылады.
Iшкi рынокты мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн қазақстандық МӨЗ-
ын шикiзатпен қажеттi және болжамды жүктеу есебi жүргiзiлдi. Есеп негiзгi
мұнай өнiмдерi – бензиндi, авиациялық керосиндi және дизельдiк отынды 2000-
2002 жылдар iшiнде iшкi тұтынуды талдау негiзiнде, сондай-ақ экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң республикадағы ЖIӨ-нiң болжамды өсуi
туралы деректер негiзiнде орындалды.
Бұл болжам деректерi бойынша республиканың мұнай өнiмдерiн iшкi
тұтынуды қамтамасыз ету үшiн 2011 жылға қарай – 9,5 млн.т. дейiн, 2012 жылға
қарай – 14, 8, млн. т. дейiн, және 2015 жылға қарай – 18,6 млн. тоннаға дейiнгi
көлемде ұлғайта отырып мұнай өңдеу қажет етiледi.
Қазiргi кезде ҚР МӨЗ-да құрлықтағы кен орындарында өндiрiлетiн (Теңiз
және Қарашығанақ кен орындарындағы өндiрудi есепке алмағанда) мұнайдың
30% шамасында қайта өңделедi.
КТҚС-ның кен орындарынан мұнай бiрiншi кезекте жаңғыртуды 2014 жылға
қарай аяқтау көзделiп отырған Атырау МӨЗ-на (АМӨЗ), ал кейiннен Шымкент
(ШНОС) және Павлодар (ПМӨЗ) қалаларындағы МӨЗ-ға жеткiзудi жүзеге асы-
ру қажет.
579
ҚР МӨЗ-на мұнай жеткiзу жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қолданыстағы
келiсiмшарттардың шарттарына сәйкес, ал жаңасы бойынша ҚР заңдарына
сәйкес көзделедi.
Болашақта КТҚС-ның кен орындарынан мұнайды Шымкент МӨЗ-на екi
маршрутпен:
- Атырау-Самара мұнай құбырымен (өзара айырбас/сату-сатып алу) Ре-
сей Федерациясы арқылы, одан әрi Омбы-Шымкент мұнай құбырымен;
- Өзен-Атырау, Атырау-Кеңқияқ (керi айдау мүмкiндiктерiн де ескере
отырып), одан әрi жобаланып отырған Кеңқияқ-Арал-Құмкөл мұнай
құбырымен жеткiзу көзделедi.
КТҚС-ның кен орындарында өндiрiлетiн мұнайды тасымалдау үшiн пайда-
ланылуы мүмкiн қазiргі тасымалдау әлeуeтi мыналарды қамтиды:
- магистралды мұнай құбырлары мен газ құбырларын;
- көмiрсутектерiн сақтау мен тиеу-түсіpу үшiн теңiз порттары мен порт
құрылыстарын;
- көмiрсутектерiн тасымалдау үшiн жалданатын шетел кемелерi (мұнай
құятын танкерлер);
- көмекшi кемелерді;
- темiр жол мұнай құятын және газ толтырғыш терминалдары;
арнаулы жылжымалы темiр жол құрамы (цистерналар).
КТҚС-ның кен орындарынан көмiрсутектерiн:
- Еуропа рыноктарына жiберiлетiн мұнайды Самара және Новороссийскiге
мұнай құбырымен;
- Александров Гай мен Солтүстiк Кавказға – газ құбырымен;
- Каспий теңiзi порттарына – теңiз жолымен;
- өңдеу немесе тиеу-түсiру пункттерiне дейiн – темiржол маршруттары-
мен экспортқа тасымалдау көзделедi.
Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Арал – Құмкөл мұнай құбырларының құрылысы
Батыс, Ақтөбе және Шығыс оқшауланған магистралдық мұнай құбырларын
бiрыңғай жүйеге бiрiктiредi, мұның бұл Каспий өңiрiнен Қазақстанның
солтүстiк, орталық және оңтүстiк аймақтарына, ал кейiннен Қытай Халық Ре-
спубликасы (ҚХР) бағытына тасымалдауға мүмкiндiк бередi.
КТҚС-ның мұнай кен орындарын игеру дәрежесiне орай көмiрсутектерiн
әртүрлi бағыттарға жеткiзудi әртараптандыру қажеттiгi пайда болды, осыған
байланысты алда мыналар тұр:
- перспективалық нұсқаларды айқындау және басым экспорттық марш-
рутты таңдау;
- экономикалық тартымды жағдай иемдену үшiн транзит елдерiмен
келiссөздер жүргiзу;
- қазақстандық мұнай өндiрушi ұйымдардың құбыр салу жөнiндегi
жобаларға үлестiк қатысуын қамтамасыз ету қажет болады.
580
Шаруашылық қызметтiң түрлi субъектiлерiнiң құбыр тасымалы объектiлерiн
салуы мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн және қаражатты тиiмдi пайда-
лануды ecкepe отырып жүргiзiлуге тиiс, бұл орайда қосалқы маршруттар мен
құрылыстар салуға жол берiлмеуге тиiс.
Экспорт маршруттарын жетiлдiру көмiрсутектерiн мультимодальды тасы-
малдауды көздейдi, онда құбыр, темiр жол және теңiз көлiгiнiң қуаты ұтымды
ұштастырылады.
Төменде КТҚС-ның кен орындарынан көмiрсутектерiн тасымалдаудың
жұмыс iстеп тұрған негiзгi және перспективалық экспорттық маршруттары
аталған. КТҚС-ның мұнай-газ кен орындары мен құрылымдарын болжанып
отырған қарқынды жайғастыруды ескере отырып, кешендi және жеткiлiктi
өткiзу қабiлетi бар жағалау инфрақұрылымын құру КТҚС-ын игерудiң сыни
факторы болып табылады. Инфрақұрылымның ұтымды және уақтылы дамуын
қамтамасыз ету үшiн арнаулы жағалаулық қолдау базасының жүйесiн кезең-
кезеңмен құру қажет. КТҚС-ның солтүстiк және орталық бөлiктерi үшiн –
Түпқараған шығанағы ауданы және КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгi үшiн – Құрық пор-
ты ауданы жағалаулық қолдау базаларын орналастырудың неғұрлым ыңғайлы
пункттерi болып табылады. Сонымен бiрге алда жағалаулық қолдау базалары,
қайта өңдеу кәсiпорындары, теңiз құбырларын құрлыққа шығару аймақтары,
қалдықтарды қауiпсiз сақтау және жер қойнауын пайдаланушыға қажеттi басқа
да объектiлер үшiн ұсынылып отырған пункттердi айқындай отырып, КТҚС-
ның жағалау жолақтарын дамытудың кешендi жоспарын әзiрлеп, жүзеге асыру
тұр. Қажеттiлiгi теңiз мұнай операцияларының жандана өсуiмен айқындалатын
инфрақұрылым объектiлерi екi санатқа бөлiнуi мүмкiн:
- өз операцияларын қолдау үшiн негізiнен мұнай компаниялары пай-
даланатын объектiлер мен қызметтер болып табылатын тiкелей
инфрақұрылым (теңiз қолдау базасы, өнеркәсiптiк жарақтандырудың
базасы, теңiз танкер терминалы, экспорттық құбыр және т.б.);
- мұнай-газ объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз етiп қана қоймай,
сондай-ақ өнеркәсiп пен қоғамның басқа да салаларын қолдау және
жұмыспен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын iлеспе инфрақұрылым
(энергиямен қамтамасыз ету жүйесi, жолдар, темiр жол қызметi, сумен
қамтамасыз ету, тұрғын үй қоры және басқалар).
Инфрақұрылым объектiлерi мен қызметтерiнiң даму серпiнi осы объектiлер
мен қызметтердегі қажеттiлiктiң үнемi өзгерiп отыратын ауыспалы жағдайын
бiлдiредi. Бiр кезеңнен екiншi кезеңге көшу барысында неғұрлым кең көлемдi
қызмет көрсетулер ұсынуға қабiлеттi инфрақұрылымның қосымша қызметтерi
мен объектiлерiне қажеттiлiк туындайды.
Жағалаулық қолдау база жобаларын әзiрлеу Каспий теңiзiнiң табиғи
жағдайларын (Каспий теңiзi деңгейiнiң ауытқуы, қуаты мол жел, жағалау және
су түбi жер қабатының сапасы және т.б.) тиiстi есепке ала отырып, Түпқараған
шығанағын дамыту тәжiрибесiне және Қазақстан Республикасында бар
581
құрылыс материалдары мен технологиялар негізiнде iске асыру мүмкiндiктерiне
сүйенетiн болады. Жағалаулық қолдау базалары жүйесi теңiз операцияла-
ры инфрақұрылымының негiзi ретiнде арнаулы теңiз флотына тиiмдi қызмет
көрсетудi, жүктерді тиеу-түсіруді ұйымдастыру мен теңiз конструкцияларын
монтаждау алдындағы әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
Басқа елдердегi мұнай-газ инфрақұрылымдарын құру тәжiрибесiн зерделеу,
бұрын жүргiзiлген зерттеулер мен жобаға дейiнгi әзiрлемелер бойынша құрылыс
материалдары мен рудалық емес шикiзаттардың минералдық-шикiзаттық сала-
сы, құрылыс ұйымдары, жұмыс істеп тұрған инфрақұрылым объектілері мен
оқу орталықтары бойынша деректердi жинау мен жүйелендiру инфрақұрылым
қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары мен оны дамытудың кезеңдерiн бөлiп
көрсетуге мүмкiндiк бередi:
- түрлi техникалық, экономикалық, экологиялық, сейсмологиялық,
санитарлық-гигиеналық, бiлiм беру бойынша зерттеулер ұйымдастыру
мен өткiзу және оны қалыптастыру мен дамытудың басқа да проблема-
лары;
- инфрақұрылым құруға қатысатын тараптардың мүдделерiне келiсiм
бiлдiру және iс-әрекеттерiн үйлестiру, жалпыға ортақ (ұжымдық) пай-
далану объектiлерiн құру кезегiнiң басымдықтары мен негiздемелерiн
белгiлеу;
- жұмыс iстеп тұрған инфрақұрылым объектiлерiн жетiлдiру, қайта
жабдықтау және қайта құру;
- мамандар оқыту;
- теңiзде барлау қызметiн одан әрi дамыту мен тұңғыш мұнайды өндiрудi
қамтамасыз етуге қабылеттi жаңа объектiлер жобалау және құрылысын
салу;
- қазiргi бар және құрлық пен теңiзде көмiрсутегiн өндiрудiң ең көп
деңгейiне жетудi, олардың тиiмдi өңделуiн және тасымалдануын,
соның iшiнде экспортқа тасымалдануын қамтамасыз ететiн қайтадан
құрылатын объектiлердiң мүмкiндiктерiн барынша пайдалану үйлесiмi.
Республикалық және жергiлiктi басқару органдарының, сондай-ақ
ұлттық компанияның назарын инфрақұрылымды дамыту проблемаларына
шоғырландыру:
- КТҚС-ын дамытудың кешендiлiгi мен жылдам игеруге бағыттылығы;
- объектiлердiң талап етiлуiне қарай оларды күнiлгерi тұрғызуды;
- тiкелей және iлеспе инфрақұрылым объектiлерiн қатар құруды;
- жұмыстарды, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қауiпсiз
жүргiзудiң қазақстандық және халықаралық стандарттарын сақтауды
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бepeдi.
Жалпыға ортақ жер бетiлiк коммуникацияларды дамыту жағалау
қолдауындағы базалар арқылы iркiлiссiз жүк тасымалын қамтамасыз етуге
бағытталатын болады. Бұл үшiн жағалаулық қолдау базалары мен магистралдық
582
жолдарды жалғастыратын автомобиль жолдары мен темiржол тармақтары
құрылысы көзделуде.
Ақтау, Баутино және Құрық порттарын дамытумен қатар отандық теңiз сау-
да, техникалық және қызмет көрсету флотын құру да ерекше назар аударатын
аймақтар болады. Сауда операцияларының, теңiз мұнай-газ операцияларының
және теңiз кемелерiне порттық қызмет көрсетудiң ауқымына сәйкес флотты
кезең-кезеңмен құру көзделуде.
Техникалық флот барлау жұмыстарын жүргiзу үшiн қазiрдiң өзiнде даяр
болуға тиiс. Кемелердiң бiр бөлiгi жалға алынуы немесе Каспий теңiзiнiң
бассейнiнде жасалуы мүмкiн. Жетiспейтiн кемелер су жолдарымен, соның
iшiнде, құрастыруға арналған блок түрiнде келуi тиiс. Барлауға арналған
техникалық флоттың құрамына:
- баржаларды тасымалдауға арналған жетектер, кессондар мен зәкiр за-
водкалары;
- жарақтандыру кемелерi;
- көлiктiк баржалар (қадаға, тiреуге, бетон блоктарына арналған тегiс па-
лубалы);
- құрылыс баржалары (кранмен жарақталған);
- ұсақ тастар мен құм тасуға арналған баржалар;
- топырақ аршу жарағы;
- қайық-баржалар (қалдықтар мен жарақтарды тасымалдауға арналған);
- зерттеу кемелерi (батиметрикалық);
- отын тасуға арналған баржалар;
- азаматтық авиацияның әуе кемелерi талап етiледi.
Кен орындарын пайдалануға әзiрлеу барысында құрылыс пен монтаж
жұмыстары үшiн қосымша кемелер, сондай-ақ:
- танкерлер;
- вахталық катерлер;
- құбыр қалаушы кемелер (соның iшiнде қайраңдамайтын);
- құбырлар тасымалдауға арналған баржалар;
- ауа қысымындағы көпшiктi кемелер қажет болады.
Теңіз операцияларын жүргізу кезінде үнемдеу мақсатында шағын кен орын-
дарын игеру мен қызмет көрсетуде арендаға және жалға алынған кемелерді
пайдалану көзделедi. Ұзақ циклмен игерiлетiн iрi кен орындары үшiн кеменiң
толық құрамын жеткiзуге арналған лизингтiк келiсiм болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасында өз қызметiн жүзеге асыратын немесе жүзеге
асырғысы келетiн кеме иелерi – ұйымдарының қызметiн қалыпқа келтiру үшiн
кемелердi тiркеу мен сыныпқа бөлу мәселелерiн шешу, олардың мемлекеттiк ту
астында жүзу шарттарын айқындау көзделедi.
Порттарды дамыту порт қызметiн басқарудың схемасын жетiлдiрудi,
порт ғимараттарының құрылысын салу мен қайта жаңғыртуды, кемелерге
қызмет көрсету мен оларды жөндеу индустриясын дамытуды, навигацияларды
583
жетiлдiру мен қамтамасыз ету флотын құруды қамтиды. Қамтамасыз етуші флот
кемелерiне деген бiрiншi кезектегi қажеттiлiктер мыналарды қамтиды:
- порт тұрақтарындағы жұмыстарға арналған жетектер;
- отын құюға және су соруға арналған бункерлiк кемелер;
- акваторияны бақылау катерлерi;
- өрт сөндiргiш кемелер;
- табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге арналған кемелер;
- Каспий теңiзi акваториясындағы өрттердi сөндiруге арналған азаматтық
авиация әуе кемелерi.
Теңiз операциялары адам өмiрiнiң, қоршаған орта мен теңiз объектiлерi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек екендiгiн ескерсек, онда кеме экипаж-
дарын қоса алғанда, мамандар оқытуды халықаралық конвенциялар мен
стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізу қажет.
Каспий өңiрi аймағында теңiз операцияларын кеңейту жұмыс күшiнiң келуiн
туғызады, бұл еңбекке қабiлеттi халықтың елеулi көшi-қоны мен әлеуметтiк
даму проблемаларын оның iшiнде:
- келушiлердi уақытша орналастыруға үйлердiң жетiспеушiлiгiн;
- ауыз су және азық-түлiкпен тұрақты қамтамасыз етiлмеуiн (қолайлы
баға бойынша);
- жоғары бiлiктi мамандардың үнемi жетiспеушiлiгiн;
- көшiп келушiлердiң жұмыс және тұрмыс-тiршiлiк шарттарымен
жеткiлiксiз хабардарлығын;
- отбасы мүшелерiн жұмыспен қамту проблемаларын туындатады.
КТҚС-ның әлеуметтiк инфрақұрылымы үш негiзгi бағыт бойынша дамитын
болады:
- КТҚС-дағы мұнай операциялары мен қосалқы жұмыстардағы
қызметкерлер үшiн еңбек, еңбек қорғау және тұрмыстық гигиена,
тұрмыс-тiршiлiк және тамақтану жағдайларын қамтамасыз ету;
- аймақтардың темiр жол, автомобиль, авиация және басқа да
инфрақұрылымдарын дамыту (автомобиль жолдарының, темiр
жолдардың, әуе жолдарының бұған дейiн белгiлi маршруттарын
күшейту).
Энергиямен қамту, сумен қамту, канализация және қалдықтарды қайта
өңдеу объектiлерi мен қызметтерiн қайта құру мен кеңейту жөнiндегi жұмыстар
коммуналдық шаруашылықты дамытудың негiзгi мiндеттерi болады. Климаттық
ерекшелiктердi ескере отырып, сауда және тұрғын-үй шаруашылығы ұйымдарын
санитарлық бақылау қызметiн нығайту қажет болады.
Әлеуметтiк инфрақұрылым құру өндiрiстiк емес қызмет көрсету салала-
ры үшiн жұмыс күшiнiң негiзiн құрайтын отбасы мүшелерiн жұмыспен қамту
мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi. Теңiздегi жұмыстың негiзiнен вахталық
сипатына, сондай-ақ қысқы кезеңде теңiз операцияларының маусымдық
584
қысқаруына байланысты аймақта тынығу демалысы мен уақытша қызмет үшiн
жағдай жасау талап етiледi.
Каспий өңiрi халқының өмiр сүру деңгейiн жақсарту, жан-жақты және
үйлесiмдi әлеуметтiк дамудың жағдайын қамтамасыз ету үшiн:
- тұрақты тұрып жатқан халықтың еңбекпен қамтылуын және жаңа
жұмыс орындарын құру жолымен жеке кiрiстердiң өсуiн;
- еңбектiң әртүрлi негiздеулерiн қалыптастыру негiзiнде (лайықты
еңбекақы және персоналды оқыту мүмкiндiгi) Каспий өңiрi аймағы
жұмысшыларының әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етудi;
- қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек шарттарының
сақталуын қамтамасыз етудi;
- қамтамасыз ету нормаларына сай қажетті мөлшерде тұрғын үй салуды;
- Каспий өңiрi аймақтарын өз ресурстары есебiнен газдандыруды;
- халықты су және энергиямен тұрақты қамтамасыз етудi;
- емдеу-сауықтыру мектеп және мектепке дейiнгi, санитарлық-курорттық,
спорттық-жаттығу және туристiк мекемелер құрылысын салу мен қайта
жаңғыртуды;
- жер қойнауын пайдаланушылардың денсаулық сақтау, бiлiм бepу, көлiк,
байланыс, коммуникация және қызмет көрсету мәселелерi бойынша
жергiлiктi атқару органдарымен ынтымақтастығын;
- өндiрiстi, тұтыну мен қызмет көрсету салаларын дамытуды;
- автомобиль жолдарының желiсi мен елдi мекендерде қоғамдық көлiк
жұмысын жақсартуды көздейтiн шаралар кешенiн жүзеге асыру қажет.
КТҚС-ның ресурстарын игеру «Қазақстан Темiр жолы» Ұлттық компания-
сы» ЖАҚ-ның вагон-цистерналары паркiн одан әрi көбейтудi және жаңалауды,
мұнай құю терминалдарының, сондай-ақ темiр жол вокзалдарының құрылысын
салуды және қолданыстағыларын қайта құруды талап етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |