Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет266/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

су көлiгi
КТҚС-ғы мұнай ресурстарын игеру аймақта су көлiгiн дамытумен қатар 
жүредi. «Қазтеңiзтрансфлот» Ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы» ЖАҚ 
12000 тонна дедвейттi үш мұнай құю кемесiн жобалау және жасау жөнiндегi 
жұмыстарды жүргiзуде. 
Каспий теңiзiнде пайдалануға арналған жүк көтерiмдiлiгi 5000-5500 тонна-
дан кем емес екi құрғақ жүк кемесi жасалатын болады. Олардың Ресейдiң iшкi 
су жолдарына шығу мүмкiндiктерi де жоққа шығарылмайды.
Сонымен бiрге, теңiз тасымалдарының жоспарланып отырған 
қарқындылығын ескере отырып, құтқарушы, экологиялық, өрт сөндiргiш 
кемелердiң, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудың алдын алатын функциялар-
ды орындаушы кемелердiң болуы талап етiледi.


585
Кеме қозғалыстарын басқару жүйесi.
Қазiргi уақытта КТҚС-да теңiз көлiгiнiң қозғалысы реттелмеген. Солтүстiк 
Каспийде «ерте мұнайды» барлау бұрғылауы кезiнде пайдаланылатын 90-
нан астам кеме жүзедi. Мұнай өндiрушi компаниялардың бағалауы бойын-
ша кемелердiң саны 2-2,5 eceгe өседi. Кемелердiң қозғалысына бақылаудың, 
қадағалаудың және басқарудың жоқтығы кемелердiң соқтығысу қаупiн тудыра-
ды және тұтас алғанда теңiзде жүзу мен кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiне терiс әсер 
етедi.
Қорықты жерлердегi, сондай-ақ КТҚС-ындағы ерте мұнайды барлау 
бұрғылауы бойынша жұмыстар қоршаған ортаның ластануын болдырмау 
жөнiндегi халықаралық конвенциялардың талаптарын орындауға айрықша 
көзқарасты көздейдi. Осыған байланысты, кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiне жетудi 
және Кемелердi қауiпсiз пайдалануды басқару және ластануды болдырмау 
жөнiндегi халықаралық кодекстiң (ҚБХК) орындалуын қамтамасыз ететiн 
Халықаралық теңiз ұйымының (IМО) талаптарына сәйкес кеме қозғалысын 
басқару жүйесiн құру қажет.
Қазақстанның Каспий өңiрi аймағын дамытуға байланысты және Атырау 
портына кемелердiң кедергiсiз өтуi үшiн Жайық-Каспий каналын қайта жаңарту 
жөнiнде жұмыстар жүргiзу қажет.
Қазiргi уақытта Жайық-Каспий каналы кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiк талапта-
рына кеме жүрiсi габариттерiнiң сәйкес келмеуiнен кемелер қабылдауға дайын 
емес. Каналды кеме жүрiсiнiң жағдайында ұстап тұру үшiн жыл сайын түбiн 
тереңдету және топырақ аршу жұмыстарын өткiзiп отыру қажет.
Теңiз мұнай операцияларын тауарлармен және қызмет көрсетулермен 
қамтамасыз ету жөнiндегi отандық өндiрушiлердiң мүмкiндiктерi мынадай 
негiзгi факторлармен шектелген:
- тиiстi өндiрiстердiң болмауы;
- бiрқатар тауар позициялары бойынша баға бәсекелестiгiне қабiлетсiздiгi;
- бiрқатар тауар позициялары бойынша тасымалдаудың тым қашықтығы 
мен мерзiм ұзақтығы;
- жалпы танылған стандарттарға (ISO, АРI және басқалары) сәйкес 
келмеуi;
- сертификаттау жүйесiнiң жетiлмеуi;
- отандық тауар өндiрушiлердiң әлсiз қаржылық жағдайы;
- негiзгi қорларының ескiруi;
- технологиялық қалыс қалуы.
Теңiз мұнай операцияларының қажеттiлiгiне арналған материалдар, 
жабдықтар мен қызмет көрсетулер отандық өндiрiсiнiң өсуi ендiгi жерде 
отандық өндiрушiлер шығаратын өнiмдердiң сапасын халықаралық стандарт-
тар деңгейiне дейiн көтеру, отандық жеткiзушiлердiң жоба операторларымен 
өзара ынтымақтастығы негiзiнде ассортименттi кеңейту, қазақстандық тау-
ар жеткiзушiлер мен қызмет көрсетушiлердi теңiз мұнай келiсiмшарттарын 


586
іске асыруға тарту, жоғары технологиялық тауарлар, жабдықтар және қызмет 
көрсетулер өндiрiсiн дамыту үшiн салық режимдерi жөнiндегi артықшылықтарды 
қоса алғанда, қажеттi экономикалық жағдай құру, сондай-ақ импортерлерге және 
отандық өндiрушiлерге тауарларды, жабдықтарды және қызмет көрсетулердi 
өндiру және жеткiзу жөнiнен салық салудың тең жағдайын ұсыну арқылы 
қамтамасыз етiлуi керек.
Құрлықтағы мұнай жобалары бойынша импорт орналастыруды 
дамытудың қазақстандық тәжiрибесi отандық өндiрушiлердiң үлесi пайда-
лану шығындарында 80-90%-ға дейiн, күрделi шығындарда 50-60%-ға дейiн 
жеткiзiлуi мүмкiн екенiн көрсетiп отыр. Машина жасау мен сервистiң көптеген 
отандық ұйымдары бәсекеге төзiмдi тауарлар мен қызмет көрсетулер шығаруға 
кiрiсiп кеттi.
Осыған байланысты, мұнай операцияларын жүргiзуге арналған қазақстандық 
тауарларды жеткiзу жөнiнен келiсiмшарт стратегиясын әзiрлеу, сондай-ақ жер 
қойнауын пайдалану келiсiмшарттарында импорт алмастыру және табиғи моно-
полистерден басқа қазақстандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары 
мен қызмет көрсетулерiн кеңiнен қамту айқындамасын нығайту қажет.
Теңiз мұнай-газ операцияларын iске асыруға қазақстандық кәсiпорындар 
мен ұйымдардың тиiмдi және жоспарлы өсiп отыратын қатысуы жағдайын құру 
үшiн мынадай iс-әрекеттер алынатын болады:
- тендерлiк ресiмдерде адал бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн әлеуеттiк 
мердiгерлердiң барлығына тең жағдай жасау;
- қазақстандық өндiрушiлердi қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес әкелiнетiн тауарларды мiндеттi 
сертификаттауды енгiзе отырып, олардың өнiмдерi мен қызмет 
көрсетулерiнiң бәсекелестiгiн арттыру;
- тендерлік ресiмдердiң тегiс қамтитын мониторингін ұйымдастыру;
- жабдықтар мен қызмет көрсетулердi жеткiзудiң жасанды монополиясын 
болдырмайтын жағдайларды қамтамасыз ету;
- теңiз мұнай операцияларына қазақстандық қатысуды дамытудың 
перспективалық бағыттары бойынша зерттеу жүйелерiн ұйымдастыру;
- мұнай өнеркәсiбiнiң қажеттiлiгiне арналған өндiрiстi құруға қатысуға 
жоғары техникалық және жоғары санаткерлік шетелдiк мердiгерлердi 
тарту үшiн жағдай жасау;
- қазақстандық өнiмдер мен қызмет көрсетулер үшiн тендерлік рәсімдер 
ұйымдастырушылардың алалау режимдерiне барабар мән беру;
- тендерлік рәсімдерді реттейтiн тұрақты және ашық нормативтік 
құқықтық базаны дамыту және қалыптастыру;
- тұтынатын өнiмдердiң халықаралық стандарттар сапасы мен 
экологиялық қауiпсiздiгiн реттейтiн функцияларды құқықтық тұрғыдан 
бекiту;


587
- әлеуеттi мердiгерлерге сапа мен ISO халықаралық стандарттардың та-
лаптарына сәйкестiктi қамтамасыз ету саласында көмек көрсету. 
КТҚС-ғы барлау құрылыс және пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн 
түрлi жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын технологиялардың әртүрлi 
болуы, инфрақұрылым мен сервистi қолдаушы ұйымдардың тарапынан 
сұраныс Каспий өңiрi аймағында бәсекелестiгi, ең алдымен шалғай аудандарда 
өнiмдермен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету қиындықтарына байла-
нысты болатын шағын және орта кәсiпорындардың пайда болуына алғышарттар 
жасайды.
Теңiз мұнай операцияларын технологиялық қолдаудың негiзгi мiндеттерi:
- машина жacaу және металл өңдеудiң жекелеген ұйымдарын мамандан-
дыру үшiн инвестициялар тарту (негiзгi қорды жаңа технологияларды 
пайдалана отырып жаңғырту, айналым капиталын толықтыра түсу);
- қызмет көрсету саласында бiрлескен өнеркәсiп құруды ынталандыру 
(бұрғылау және ұңғымаларды жөндеу жөнiндегi операциялар, сейсмо-
барлау және геофизикалық ақпараттарды пысықтау, инфрақұрылым 
объектiлердiң қызмет көрсетулерi және т.б.);
- инвесторлардың қазiргi технологияларды, лицензияларды, «ноу-хаулар-
ды» беруiн қамтамасыз ету;
- тауарлар мен қызмет көрсетулердi стандарттау мен сертификаттау 
жүйелерiн жетiлдiру;
- ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң сапасын рыноктық 
бәсекелестiк рөлiн көтеру есебiнен арттыру;
- мұнай-газ теңiз операцияларын жүргiзу аудандарында бәсекелестiк 
қабiлеттi жаңа өндiрiстер орналастыру;
- мұнай келiсiмшарттарын iске асыруға жергiлiктi мердiгерлiк 
компаниялардың барынша қатысуын қамтамасыз ету.
Теңiз операцияларына арналған импорт тауарларына сұраныста үшжақты 
және көпжақты келiсiм жасасу жолымен қазақстандық өндiрiстiң шикiзаттары 
мен жартылай фабрикаттарын экспорттауды арттыруға пайдаланылуы мүмкiн. 
Жеткiзудiң осы тәртiбi Қазақстан Республикасында белгiлi бiр өндiрiстер 
болмаған жағдайда ұсынылады. Атап айтқанда, Қазақстаннан шығатын металл 
өнiмдерi КТҚС-ғы теңiз операцияларына арналған бұрғылау жабдықтарын, 
құбырлар, теңiз кемелерi мен платформаларын дайындау кезiнде жақын ше-
телдерде кең көлемде пайдаланылуы мүмкiн. Каспий теңiзi бекiре балығының 
дүниежүзiлiк тектік қоры шоғырланған солтүстiк бөлiгi мен оған құятын 
өзендердiң экологиялық жүйесiнiң бiрегей қасиеттерімен айқындалатын 
планетамыздағы ең бiр өнiмдi балық шаруашылық су қоймасы болып табы-
лады. Каспий теңiзiнiң бiрегейлiгi оның географиялық және биохимиялық 
параметрлерiмен айқындалады. 
Каспийдiң солтүстiк және солтүстiк-шығысындағы суы таяз қайраңды 
аймағы негiзiн бентостық организмдердiң жүздеген түрiнен және планктон-


588
дар мен су түбi балдырларының ондаған түрлерiнен тұратын азықтық қор 
құрайтын балықтар мен құстардың табиғи өсiп-өнуiнiң бай ареалы болып та-
былады. Сондықтан Каспий теңiзi балықтарының барлық түрлерi, соның iшiнде 
бекiрелер, Каспийдiң қазақстандық суларында және Едiл мен Жайық өзендерiнiң 
атырауларында мекендейдi.
Каспийдiң солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi аралдарда каспий тюленi 
мекендейтiн негiзгi орындар бар. Сулы-сазды алқаптарда құстар мекендейдi, 
ал келу-кету кезiнде миллиондаған су құстары уақытша тұрақтайды, олардың 
үштен бiрi қыстауға қалады.
КЭБ бiрiншi фазасын iске асыру шеңберiнде Каспий теңiзi мен оның 
жағалауындағы аймақтың проблемасын трансшекаралық диагностикалық 
талдау жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi. КЭБ халықаралық және ұлттық 
сарапшыларының қатысуымен трансшекаралық диагностикалық талдауды 
әзiрлеу процесiнде аймақтың мынадай экологиялық проблемалары анықталды:
- жағалау аймағы мен теңiз суының ластануы, қоршаған орта жай-күйiнiң 
жалпы нашарлауы;
- жағалау ландшафтарының шөлейттенуi және көрiксiзденуi, жағалау 
ареалдары мен инфрақұрылымдарының бүлiнуi;
- биоресурс қорларының, соның iшiнде бекiрелердi қоса алғанда, 
балықтардың кәсіптік түрлерінің азаюы;
- халық денсаулығының нашарлауы;
- мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп қызметiнiң нәтижесiнде техногендiк апат-
тар ықтималының артуы, жағалау аймағы мен теңiз суының ластануы.
Каспий теңiзi экологиялық жүйесiнiң жай-күйi көбiне құрлық пен жағалау 
сулары акваториясын қамтитын жағалау аймағындағы экологиялық жағдайға, 
сондай-ақ теңiзге құятын өзендер ағыстарының экологиялық жағдайына байла-
нысты.
КТҚС-ның жағалау аймағындағы қазiргi экологиялық жағдай тұрақсыздық, 
оның iшiнде табиғи және антропогендiк факторлар жиынтығынан туындаған 
табиғи ортаның азып-тозуының үдей түсуiмен сипатталады.
Су басу және су астында қалу салдарынан, түрлi тасымал және желiлiк 
құрылыстарды, өнеркәсiп объектiлерiн, мұнай кәсiпшiлiктерiн (40 мұнай 
ұңғымасы), елдi мекендердi, геологиялық ресурстар мекендейтiн ареал-
ды, рекреациялық және басқа да объектiлердi қоса алғанда, жағалаулық 
инфрақұрылым бүлiнiп, пайдаланудан шықты.
Сондай-ақ жағалау аймағы экожүйесiнiң бұзылуы, жерасты сулары 
деңгейiнiң көтерiлуi, жағалаулық аймақ топырағының сортаңдануы, жануар-
лар мен балықтардың мекендеу ортасының нашарлауы, ареалдың өзгеруi, 
азықтық қордың қысқаруы орын алды. Өзендер арналары мен түбiнiң тайызда-
уы кәсiпшiлiк балықтарының табиғи өсiп-өну мекенiне өтуiне кедергi туғызды.
Каспийдiң солтүстiк-шығыс бөлiгiне тән апатты тасу-қайту құбылыстардың 
салдарынан орасан зор жағалаулық аумақтардың оқтын-оқтын су астында 


589
қалады, тасқын құрлыққа ондаған километр дендеп кетедi. Бұл құбылыстар 
балықтардың, бинтос және су өсiмдiктерiнiң құрлыққа шығып қалуымен, 
биоресурстардың жойылуымен қатар жүредi, ал су қайтқанда (шегiнгенде) 
теңiзге мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын және басқа да ластаушы заттарды ала 
келедi.
Каспий теңiзi бассейнiндегi көмiрсутегi ресурстарын кең ауқымда 
игеру, сондай-ақ мұнай мен газды өңдеу жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк 
инфрақұрылымды дамытумен және жаңаларын құрумен тығыз байланысты. 
Бұл қоршаған ортаға техногендiк ауыртпалық деңгейiн әлденеше рет еселейдi.
КТҚС-ын игеру жөнiндегi жоспарланып отырған кең ауқымды 
операциялардың қоршаған ортаға техногендiк әсерлерiнiң мүмкiн болатын апат-
ты салдарларының алдын алу үшiн белгiленген қызметтен болатын техногендiк 
ауыртпалықтың шектi деңгейi анықталатын және қоршаған ортаға әсерiн 
(ҚОӘБ) бағалау жүргiзiлетiн болады.
Мұнай операцияларының бастапқы кезеңiнде экологиялық және санитарлық-
эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға 
орын алып отырған техногендiк ауыртпалықтарды елеулi түрде азайту жөнiндегi 
стратегиялық мiндеттердi шешу қажет.
Бұл шаралар биологиялық және ландшафтық алуан түрлiлiктi сақтау мен 
теңгермелi пайдалану үшiн нeгіз, сондай-ақ трансшекаралық жағалау аймағын 
кешендi және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жағдайлар туғызады. 
Сөйтiп, экологиялық ахуалды едәуiр тұрақтандыруға қол жеткiзiлетiн, Каспий 
теңiзiнiң қоршаған ортасын сауықтыру және халықтың қауiпсiз өмiр сүруiн 
қамтамасыз ету үшiн негiз қаланатын болады.
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн 2003-2015 жылдар барысында басым ша-
раларды жүзеге асырудың мынадай кезеңдерi белгiленедi:
- қоршаған ортаның өндiрiстiк көздерден ластануын барынша төмендету 
жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
- ескiрген су және жағалау экожүйесiн, балықтардың қоректенуi мен ұрық 
шашатын жерлерiн, сондай-ақ кәсiпшiлiк жан-жануарлар мекендейтiн 
ортаны қалпына келтiру;
- Каспий теңiзi мен оның жағалау аймағының биологиялық ресурстарын 
сақтау және теңгермелi пайдалану үшiн тиiмдi тетiктер құру;
- халықтың экологиялық ахуалдан хабардар болуын арттыру және 
жұртшылықтың шешiмдер қабылдауға қол жеткiзуiн (ҚОӘБ-тi, 
қоғамдық тыңдауларды даярлауға қатысуын және т.б.) қамтамасыз ету.
КТҚС-дағы мұнай операцияларының зиянды әсерiн барынша азайту 
мақсатында қосымша шектеу шараларын қабылдау қажет:
- тәжiрибе-өнеркәсiптiк пайдалану технологиясынан, ұңғымаларды сы-
нау мен авариялық жағдайлардан туындайтын қысқа мерзiмдi және 
қатаң шектелген кезеңдердi қоспағанда, газ жандыруды жүргiзуге ты-
йым салу;


590
- теңiз акваториясының шегi мен шегiнен тыс жерлерде сұйық 
қалдықтарды көмудi жер қойнауы учаскесiне мемлекеттiк сарапта-
ма және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзгеннен кейiн ғана 
жүзеге асыру.
Қазiргi кезде Каспий өңiрi облыстарында мұнай компаниялары мұнай 
өнеркәсiбi аумағын жерге сiңген мазуттан тазарту жұмыстарын жүргiзуде. 
Бұрынғы ластануларды жою және ағымдағы ластанудың алдын алу жөнiндегi 
iс-шараларды дер кезiнде жүзеге асыру табиғи ортаға қазiргi техногендiк 
ауыртпалықтарды елеулi түрде азайтуға, соған сәйкес, аймақтағы экологиялық 
ахуалды тұрақтандыруға әкеледi.
Едiл мен Жайық өзендерi атырауларының арналарындағы гидроме-
лиорациялық түптi тереңдету жұмыстарын жүргiзу бекiре балықтарының 
уылдырық шашатын жерге өтуiне мүмкiндiк бередi, осы арқылы уылдырық ша-
шатын табиғи орындар қалпына келтiрiлетiн болады.
Өнеркәсiпте қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi технологияны қолдану, 
сондай-ақ халықаралық экологиялық және гигиеналық сапа стандарттарына 
көшу қазiргi ластану деңгейiн едәуiр азайтуға мүмкiндiк бередi.
Бұл шараларды жүзеге асыру нәтижесiнде қоршаған ортаны сауықтыру 
және су мен жер бетiндегi биоресурстардың мекендеу ортасын қалпына келтiру 
үшiн негiз құрылатын болады.
KTҚC-да жоспарланып отырған сейсмикалық зерттеулердiң көлемiн ұлғайту 
кезiнде теңiз жобаларын табысты орындау үшiн қазақстандық геофизикалық 
компанияларды техникалық жаңалау қажет. Осының нәтижесiнде Каспий 
теңiзiнiң болашақтағы құрылымдарына Д
3
жазықтық сейсмобарлау сейсмикалық 
зерттеулердi орындауға мүмкiндiк туып тұр. Техникалық қайта жарақтандыру да 
отандық сервистiк қызмет көрсету ұйымдарының бәсеке қабiлетiн жақсартады, 
олардың сапалы қызметi КТҚС-ның геологиялық құрылымын неғұрлым 
егжей-тегжейлi зерттеуге және перспективалы мұнай-газ құрылымы қорларын 
толықтыруға мүмкіндік бередi.
КТҚС-ның көмiрсутектi ресурстарын игеру кезiнде бiртұтас ғылыми-
техникалық саясат жүргiзу үшiн:
- республикада елiмiздiң мұнай-газ кешенiнiң озық дамуын қамтамасыз 
ететiн әлемдiк деңгейдегi мұнай-газ ғылыми-технологиялық мектебiн 
құру;
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ ресурстарын кешендi иге-
ру жөнiндегi бiртұтас ұлттық жүйенiң құрамындағы сараптамалық 
және ғылыми-технологиялық орталық ретiндегi Қазақ мұнай және газ 
институтының қалыптасуын қамтамасыз ету;
- мұнай-газ саласын, мұнай-газ өңдеушi өндiрiстердi, республика мұнай-
газ кешенiнiң көлiк және сервистiк инфрақұрылымдарын теңдестiре да-
мыту жөнiндегi қазiргi заманғы ғылыми-технологиялық схемалар мен 
кешендi бағдарламаларды әзiрлеу мен енгізу;


591
- Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз 
ету мақсатында кен орындарын кешендi игерудiң барлық сатыларында 
инвестициялық жобаларды ғылыми-технологиялық сүйемелдеу мен са-
раптауды жүзеге асыру және бiрiншi кезекте жоғары экологиялық және 
технологиялық стандарттарды сақтау көзделедi.
КТҚС-на көмiрсутегiн барлау және өндiру үшiн учаскелер беру кезiнде жер 
қойнауын пайдалану келiсiмшартында жаңа технологияларды беру жөнiндегi 
мiндеттемелердi бекiту қажет.
КТҚС-да мұнай операцияларын жүргiзу, Қашаған кен орнынан 2005 жылы 
«ерте мұнай» алу, сондай-ақ мұнай өндiру деңгейiн 2010 жылы жылына 40 
млн. тоннаға және 2015 жылы – 100 млн. тоннаға жеткiзу болжамы жеткiлiктi 
күрделi қаржы мен инвестиция тартуды талап етедi. КТҚС-ның көмiрсутектерi 
ресурстарын игеру кезiндегi мұнай-газ секторының дамуына қажеттi инвести-
цияларды талдау осындай жобалар нормативтерi мен шығындар практикасына 
сәйкес жүргiзiледi. 2015 жылға дейiнгi күрделi және операциялық ең төменгi 
шығындарды бағалау көмiрсутектерiн табудың 15% ықтималдығын негiзге ала 
отырып орындалды, шығындардың ең жоғарғы деңгейi Солтүстiк-Каспий жоба-
сы даму бюджетiнiң алдын ала деректерi бойынша және Дүниежүзiлiк Банктiң 
2015 жылға дейiнгi кезеңдегi болжамдарының негiзiнде анықталды.
Каспий теңiзiндегi мұнай-газ ресурстарын игеру үшiн кең ауқымдағы күрделi 
құрылыстар салу аймағы еуразиялық континенттiң ортасында орналасқанын
қажеттi құрылыстар, жабдықтар мен материалдарды жеткiзу қиындығын еске-
ре отырып, КТҚС-ын игерудегi инвестиция болжамының базалық деңгейi 
үшiн күрделi және операциялық шығындардың ең төменгi және ең жоғарғы 
деңгейлерiнiң орташа өлшемдi көрсеткiшi қабылданды. Инфрақұрылым 
объектiлерiнiң құрылысы жекелеген келiсiмшарттармен айқындалады, олардың 
негiзiнде инвестор салынған инвестицияны қайтару мен рентабельдiлiктiң әдiл 
нормасын алу үшiн жеткiлiктi уақыт кезеңi iшiнде құрылысты қаржыландырады, 
өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға бередi және техникалық қызмет көрсетудi 
қамтамасыз етедi. Содан кейiн өндiрiстiк объектiлер мемлекет меншiгiне өтедi.
Мұнай мен газ өндiрудi арттыруды қамтамасыз ету үшiн болашақта 
мұнай-газ операцияларынан түсетiн түсiмдермен қамтамасыз етiлетiн жер 
қойнауын пайдаланушылардың бағалы қағаздарын шығару және сату жолымен 
қазақстандық көздерден қосымша қаржы ресурстары тартылуы мүмкiн. Бағалы 
қағаздардың сатып алушылары отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары, 
екiншi деңгейдегi банктер, басқа да қаржы ұйымдары, жеке тұлғалар болады.
КТҚС-ын игерудiң бiрiншi кезеңiнде теңiз мұнай-газ операцияларынан 
мемлекеттiк бюджетке тiкелей түсiмдер қол қойылған бонустар төлемдерi, 
Қашаған кен орыны бойынша коммерциялық табу бонусы, кен орындарын бар-
лау және инфрақұрылым объектiлерiн әзiрлеу жөнiндегi күрделi қаржыны игеру 
есебiнен алынатын болады.


592
КТҚС-ын игерудiң екiншi кезеңiнде теңiз операцияларынан мемлекеттiк 
бюджетке тiкелей түсiмдер бiржолғы төлемдердiң қысқаруы салдарынан азаяды. 
Сонымен бiрге, инвестициялар, импорт алмастыратын тауарлар мен қызметтердi 
өндiрудiң, теңiз операциясы инфрақұрылымы қызметi көлемiнiң өсуi күтiлуде.
Көмiрсутектерiн өткiзуден түсетiн кiрiстердiң негiзгi бөлiгiнiң түсiмi 
игерудiң бiрiншi және екiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн басталады. Үшiншi 
кезеңде мемлекеттiк бюджет теңiз операцияларынан елеулi түсiмдер алатын бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет