Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет28/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

3.6 Технологиялық жабдықтар
Теңіз 
ұңғымаларын 
бұрғылаудың 
құрлықтағы 
ұңғымалармен 
салыстырғандағы айырмашылығы шамалы (ерекшелігі тек су астындағы 
жабдықтарын қолдану). Сондықтан теңіз бұрғылау қондырғыларын жинақтау 
үшін құрлықтағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын сериялы, стан-
дартты түйіндермен жабдықтарды пайдалануға болады. Жүзбелі бұрғылау 
қондырғыларында қолданылатын технологиялық жабдықтардың негізгі 
ерекшеліктері:
1. Бұрғылау қондырғысының шайқалу кезінде, теңселумен байланысты, 
құрлықтағыдай жуу сұйығының ашық айналым жүйесін қолдануға бол-
майды. Жуу сұйығының айналымы жабық жүргізілуі тиіс.
2. Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында толқын әсерінен пайда болған 
тік теңселуді теңелту үшін, арнайы бұрғы мұнарасында орналасқан 
қозғалмалы крон блокқа немесе тәл блогы мен ілмек арасында 
орналасқан, ауысымды құрылғы компенсатор қондырылады.
3. Көтеріп-түсіру операциялары кезінде негізінен кассетті түрдегі 
механикаланған текшелер (стеллаждар) қолданылады.
4. Барлық механизмдерге жетектеуші ретінде электроқозғалтқыш 
қолданады.
5. Тайыз ұңғымаларды қазғанда бұрғылау тізбегі ретінде шлангалы кабель 
қолданылады. Мұндай құбырлардың иімділгіш қасиеттеріне байланыс- 
ты, аспаптың теңселуі мен орын ауыстыруы тиісті шешімін табады.
Теңіз ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде, суас- 
ты сағалық жабдықтарды орнату қажет. ЖБҚ бұрғылау нүктесіне орнатылғаннан 
кейін, одан теңіз түбіне бағыттаушы арқандармен уақытша суасты негіз түсіріледі. 
Суасты негіз төрт бұрышты қорапқа ұқсас пісірілген конструкция. Оның орта-
сына, жоғарғы жағы конус тәріздес төлке орналасқан. Негіз бұрыштарына қысқа 
таяқшалар бекітілген, олар арқылы бағыттаушы арқандар өткізіледі. Негізді ар-
найы қондырғы аспабымен бұрғылау тізбегі түсіріледі. Отырғызу кезінде, негіз 
астындағы металл пластинкалары ысырылғанда, байонетті қосылысты боса-
ту мүмкіндігі туады. Онан кейін, бағыттаушы арқандар арқылы суасты негізгі 
бағыттаушы құбырлар тізбегінің орнын қазу үшін, бұрғы қашауы түсіріледі. 
Қашау үстіне екі кронштейіні бар қашауды енгізгенде кронштейіндер ашыла-
ды және арқандар мен құрылғы жоғары көтеріледі. Егер бағыттаушы құбырлар 
тереңдігі бір рейсте қазылып өтілмесе, кронштейндер бірнеше рет пайдалануы 
мүмкін. Егер теңіз түбіндегі жыныстар өте жұмсақ болса, онда бағыттаушы 


59
тізбектер бұрғылау құбырларымен түсіріліп, оның астындағы аралық, гидромо-
ниторлы сығындамалармен жабдықталған аспаптармен өтеді.
Бағыттаушы тізбекті орнатқаннан кейін, бағыттаушы арқандардың тұрақты 
түйінін жинақтайды. Бұл түйін төртбұрышты қырлары бар тегіс рамадан тұрады, 
оның қырлары сфераға сәйкестелініп егелген. Бұл жағдай тізбекті конусқа ор-
нату кезінде теңіз түбінің тегіс болмауынан пайда болатын суасты негізінің 
көлденең ауытқуын теңестіруге мүмкін береді. Рама бұрыштарына арқан бой-
лай өтетін тілегі бар бағыттаушы өзектер орналасқан, оның орталық бөлігіне 
бағыттаушы тізбектің жоғарғы құбыры бекітіледі. Бұрғылау құрылғыларын 
бағыттаушы тізбектен ажыратқаннан кейін, оларды ЖБҚ-на көтереді, сонан 
кейін ашылатын бағыттаушы кронштейінді пайдаланып, сағалық құбырлар 
орнын қазуға арналған қашау түсіріледі. Сағалық құбырлар орнын қазғанда 
бұрғылау сұйығы сораптармен бұрғылау тізбегіне айдалып, су асты қадаушасы 
арқылы кемеге қайта оралады.
Бұл жағдайда ұңғыма сағасына САСЖ орнатылады. САСЖ құрамына 7-14 
МПа қысымға есепелген әмбебап превентор, оның үстіне топсалы қосылғыш 
түйіні қондырылған. Қосылғыш арқылы САСЖ-пен суасты қадаушасының 
төменгі шеті жалғанады. Сағалық тізбекті түсіргеннен кейін, оны гидравликалық 
сынаудан өткізеді. Сағалық тізбектің астын бұрғылау мақсатында, ұңғыма 
сағасын негізгі превонторлық жабдық жинағымен герметизацияланады. Мұндай 
жинақтың массасы 227 т дейін жетеді.
Оның құрамына төрт қыстырмалы және екі әмбебап превентор кіреді. 
Қыстырмалы превенторға құбырлық, тұтас және құбырларды кесіп, онан кейін 
ұңғыманы герметизациялайтын кескіш қыстырмалар орнатылады. Топсалы 
қосылыс суасты қадаушасының, превенторларға салыстырмалы ауысуын әр 
бағытта 10 шегінде қамтамасыз етеді.
Теңіз мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясының құрлықта 
қазылатын ұңғымалардан негізінен айырмашылығы жоқ. Бірақ теңіз жүзбелі 
бұрғылау қондырғыларынан (БК, ЖБЖБҚ) ұңғыманы бұрғылаудың өзіндік 
ерекшеліктері бар.
Бұрғылау кезінде ұңғыманың үстіне орналасқан және теңіз түбіне бекітілген 
бұрғылау кемесі, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын саға жабдықтарын 
біршама қозғап тұрады. Бұрғылау тізбегінің тік ауысуын жою үшін, тәл бло-
гы мен ілмек арасына арнайы құрылғы тік ауысуларды теңелту компенсаторы 
қойылады. Кеменің көлденең қозғалыстары, су астындағы атқылауға қарсы 
қолданылатын жабдықтар мен қондырғы палубасының арасына орнатылған, су-
дан бөлектейтін тізбек (қадауша) арқылы жойылады.
Бұрғылау мұнарасы – бұрғылау кезінде және ұңғыманы қазумен аяқтап басқа 
жаңа нүктеге көшкенде де, шайқалыстан пайда болатын қосымша динамикалық 
күштердің әсерінен де болады.
Ұңғыманы жуу айналым жүйесінде, бұрғылау ерітіндісін тазарту және да-
йындау жабық және тұйық жағдайда орындалады. Өйткені ашық науа жүйесін 


60
қолдану, кеменің шайқалуының әсерінен қиындыққа түседі. Технологиялық 
жабдықтарды монтаждап, орналастыру үлгісінің де, құрлықтағыдан өзгешелігі 
бар. Бұрғылау кемесінде технологиялық жабдықтарды есеппен орналастыру, 
ұңғыманы қазған кезде бұрғылау кемелерін жобалағанда, оларға қойылатын 
технологиялық талаптарды (жүзуге жарамдылық сапасы, беріктігі, ашық теңіз 
акваторияларында қауіпсіз жүзу және жұмыс жүргізу, сонымен қатар теңізде 
өндіріс жұмыстарын жүргізуді басқарып отыратын жауапты органдардың 
басқа талаптарына сәйкес болуы) қамтамасыз етуден туындайды. Бұрғылау 
жабдықтарының басқа түйіндері, құрлықтағымен ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет