3.8 Бұрғылау ерітіндісін дайындау және тазарту жүйесі Қазіргі ұңғымаларды бұрғылау технологиясы бұрғылау ерітінділеріне және
олардың сапасына ерекше талаптар қояды:
а) тазалау жабдықтары ерітіндіні қатты фазалардан сапалы тазарту, ара-
ластыру және оны салқындату, сонымен қатар ерітіндінің газсыздануын
қамтамасыз етеді;
ә) дайындау жабдықтары ұнтақ тәрізді материалдар химиялық реагенттер
бұрғылау ерітінділерінің сапасын, оларды дайындауды механикаландыру, соны-
мен қатар ерітіндінің параметрлерін жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Бұрғылау ерітіндісін тазарту жабдықтарының кешеніне: екі тербелмелі
електер, бұрғылау ерітінділерін сақтайтын сыйымдылығы 62,62 және 66 м
3
үш
жұмыс цистерналары кіреді. Екінші және үшінші цистернада екі араластырғыш,
өнімділігі 63 л/с дегазатор, 6 циклоннан тұратын құм айырғыш, ауыспалы полиу-
ретанды сұғындамалары бар 16 циклоннан тұратын тұнба айырғыш орнатылған.
Бұрғылау сораптары қондырылған бөлімде бұрғалау ерітіндісін сақтайтын
сыйымдылығы 82 м
3
екі цистерна, әрқайсысының сыйымдылығы 55 м
3
екі ци-
стерна, бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған сыйымдылығы 20 м
3
ыдыс,
химиялық реагент сақтайтын сыйымдылығы 20 м
3
ыдыс орналасқан. Бұрғылау
ерітіндісін сақтауға арналған төрт сыйымдылыққа: сегіз араластырғыш, бұрғылау
ерітіндісін және химиялық реагенттерді дайындауға арналған ыдыстардың әр
қайсысына екі-екіден араластырғыштар қондырылған. Сусымалы материал-
дармен толтырылған қаптарды сақтайтын қоймада, барит пен бентонит үшін
екі араластырғьпп бункерлер орналастырылған. Химиялық реагенттері бар екі
араластырғыш бункерлер қаптар қоймасында, химиялық реагенттер дайындай-
тын ыдыстан жоғары орналасқан.
Цистерналар үстіне: бір бункер баритке, бір бункер химиялық реагентке
және екі бункер бұрғылау ерітіндісі үшін орнатылған.
Қондырғыға орнатылған барлық электр жабдықтары жарылу қауіпсіздігін
ескеріп жасалған.
Ұнтақ тәрізді материалдар (саз ұнтағы, цемент, химиялық реагентгер)
көлемі шамамен 45-46 м 12 бункерлерде сақталады, ол сусымалы материалды
сақтайтын қоймалардың оң және сол жағында орналасқан. Жүйеде сонымен
қатар, контейнер
бөлімінде екі қостекшелі теңестірмелі бентонит пен цементке
арналған бактар, барит сақтайтын бір бак жұмыс цистернасы үстінде бұрғылау
ерітіндісімен бірге және бір бак бұрғылау сораптары бөлімінде орналасқан.
Барлық төрт бактар масса өлшегішпен қамтылған.
Бүкіл кұрғақ цементті, барит және бентонитті тасымалдайтын құбырлар
кеме құбырларына қойылатын талаптарға сәйкес орындалған (жапсарсыз
құбырлардан АSАВ 36710 талаптарына сәйкес, бөлім 40, сапасы АРІ5L В кла-
сына сәйкес).
Бентонитті, баритті және цементті құрғату үшін кемеде ауа құрғатқыштары
қондырылған (ұнтақ тәрізді материалдарды тасымалдау үшін, сыйымдылығы
64
2500 л кысымы 0,5 МПа бір ауа баллоны бұрғылау сораптары бөлімінде
орналасқан). Қаптарды сақтайтын қоймада көпірлі кран қондырылған.