Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында қолданылатын



Pdf көрінісі
бет34/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

3.11 Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында қолданылатын 
технологиялық жабдықтар
Теңіз ұңғымаларын бұрғылаудың құрлықтағы ұңғымалармен салыстырғанда 
айырмашылығы шамалы (ерекшелігі тек су астындағы жабдықтың 
қолданылуында). Сондықтан, теңіз бұрғылау қондырғыларын жинақтау үшін 
құрлықтағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын сериялы, стандарт-
ты түйіндер мен жабдықтарды пайдалануға болады ЖБҚ-да қолданылатын 
технологиялық жабдықтың негізгі ерекшеліктері:
1. Бұрғылау қондырғысының шайқалу кезінде, теңселуімен байланысты, 
құрлықтағыдай жуу сұйығының ашық айналым жүйесін қолдануға бол-
майды. Жуу сұйығының айналымы жабық жүйеде жүргізілуі тиіс.
2. ЖБҚ-да толқын әсерінен пайда болған тік теңселуді теңелту үшін, ар-
найы бұрғы мұнарасында орналасқан қозғалмалы кронблокқа (немесе 
таль блогы мен ілмек арасында орналасқан) ауысымды құрылғы ком-
пенсатор қондырылады.
3. Көтеріп-түсіру операциялары кезінде негізінен кассетті түрдегі 
механикаланған текшелер (стеллаждар) қолданылады.
4. Барлық механизмдерге жетектеуші ретінде электр-қозғалтқыштар 
қолданылады.
5. Таяз ұңғымаларды қазғанда бұрғылау тізбегі ретінде шлангокабель 
қолданылады. Мұндай құбырлардың иілімділік қасиеттеріне байланыс-
ты, аспаптың теңселуі мен орын ауыстыруы тиісті шешімін табады.
Теңіз ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде, су-
асты сағалық жабдықты орнату қажет. ЖБҚ бұрғылау нүктесіне орнатылғаннан 
кейін, одан теңіз түбіне (
3.4-сурет
) бағыттаушы арқандармен (2) уақытша суасты 
негізі (тұғырнама) түсіріледі. Суасты негізі төртбұрышты қорапқа ұқсас пісірілген 
конструкция. Оның ортасына, жоғары жағы конус тәрізді төлке (3) орналасқан. 
Негіз бұрыштарына қысқа таяқшалар (5) бекітілген, олар арқылы бағыттаушы 


69
арқандар өткізіледі. Негізді арнайы қондырғы аспабымен (негізбен, байонетті 
қосылыспен жалғасқан) бұрғылау тізбегімен түсіреді. Отырғызу кезінде негіз 
астындағы металл пластинкалары ысырылғанда, байонетті қосылысты босату 
мүмкіңдігі туады. Онан кейін, бағыттаушы арқандар (2) арқылы суасты негізге 
бағыттаушы құбырлар тізбегінің орнын қазу үшін, бұрғы қашауы (6) түсіріледі. 
Қашау үстіне екі кронштейні (тіреуіші) бар бағыттаушы құрылғы (7) орнатылған. 
Су асты негіздің конусына қашауды енгізгенде кронштейндер ашылады және (9) 
арқандармен құрылғы жоғары көтеріледі. Егер бағыттаушы құбырлар тереңдігі 
бір рейсте қазып өтілмесе, кронштейндер бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін. 
Егер теңіз түбіңдегі жыныстар өте жұмсақ болса, онда бағыттаушы тізбек 
бұрғылау құбырларымен түсіріліп, оның астындағы аралық, гидромониторлы 
сұғындамалармен жабдықталған аспаппен өтіледі.
3.4-сурет. Теңіз ұңғымасын бұрғылауға арналған алғашқы қашауды түсіру
1 – суасты негіз; 2,9 – арқандар; 3 – төлке; 4 – конус; 5 – қысқа 
таяқшалар; 6 – қашау; 7 – бағыттаушы құрылғы; 8 – кронштейндер


70
Бағыттаушы тізбекті орнатқаннан кейін, бағыптаушы арқандардың тұрақты 
түйінін жинақтайды. Бұл түйін төртбұрышты қырлары бар тегіс рамадан 
тұрады, оның қырлары сфераға сәйкестендіріліп егелген. Бұл жағдай тізбекті 
конусқа орнату кезінде теңіз түбінің тегіс болмауынан пайда болатын суасты 
негізінің көлденең ауытқуын теңестіруге мүмкіндік береді. Рама бұрыштарына 
арқан бойлай өтетін тілігі бар бағыттаушы өзектер орналасқан, оның орталық 
бөлігіне бағыттаушы тізбектің жоғары кұбыры бекітіледі. Бұрғылау құбырларын 
бағыттаушы тізбектен ажыратқаннан кейін, оларды ЖБҚ-на
 
көтереді, сонан 
кейін ашылатын бағыттаушы кронштейндерді пайдаланып, сағалық құбырлар 
орнын қазуға арналған кашау түсіріледі. Сағалық құбырлар орнын қазғанда 
бұрғылау сұйығы сораптармен бұрғылау тізбегіне айдалып, су асты қадаушасы 
арқылы кемеге қайта оралады.
Бұл жағдайда ұңғыма сағасына САСЖ орнатылады. САСЖ Құрамына 7-14 
МПа қысымға есептелген әмбебап превентор, оның үстіне топсалы қосылғыш 
түиіні қондырылған. Қосылғыш арқылы САСЖ-пен суасты қадаушасының 
төменгі шеті жалғанады. Сағалық тізбекті түсіргеннен кейін, оны гидравликалық 
сынаудан өткізеді. Сағалық тізбектің астын бұрғылау мақсатында, ұңғыма 
сағасын негізгі превенторлық жабдық жинағымен герметизациялайды. Мұндай 
жинақтың массасы 227 т.
Оның құрамына төрт қыстырмалы және екі әмбебап превенторлар кіреді. 
Қыстырмалы превенторларға құбырлық, тұтас және құбырларды кесіп, онан 
кейін, ұңғыманы герметизациялайтын кескіш қыстырмалар орнатылады. Топса-
лы қосылыс суасты қадаушасының, превенторларға салыстырмалы ауысуын әр 
бағытта 10
0
шегінде қамтамасыз етеді.
Сағалық тізбектің жоғарғы жағына шегендеуші тізбектерді асуға арналған 
тізбектік ұш орнатылады. Мұндай тізбектік ұштары 3; 5; 7,0; 14; 35; 70 МПа 
ішкі жұмыс қысымына есептелген және өту қималары әр түрлі диаметрлі 
түрде өндірісте шығарылады. Бұл тізбектік ұштар екі немесе үш шегендеуші 
тізбектерді асуға мүмкіндік береді.
ЖБҚ-лардан бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде суасты қадауша 
конструкциясының маңызы зор. Әдетте, қадауша жоғары шеті жүзбелі 
қондырғыға бекітілген және теңіз түбіндегі ұңғыма сағасына дейін түсірілген 
үлкен диаметрлі, ұзын қуыс құбыр. Бұрғылау кезінде қадаушадағы созылу 
күшінің төмендеуін теңелту үшін (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет