Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет72/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.10-сурет
) екі 
қаптамамен (вкладыш) жабдықталған, ол роторға саусақтар көмегімен шарнирлі 
бекітілген. Саусақтар екі диаметрлі перпендикуляр жазықтықтарда орналасқан 
(Гук шарнирі принципі негізінде), ал КГК-100-ң қозғалмалы айналғышының 
бағыттауыштары бұрғылау мұнарасының кронблок астындағы рамаға шарнирлі 
ілінген.
7.10-сурет. ВМБ-5 теңіз бұрғылау бұрандасы (айналғышы);
1 – станина; 2 – ротор; 3 – сыртқы қаптама; (вкладыш); 4 – ішкі 
қаптама; 5 – саусақтар; 6 – беріліс қорабы; 7 – электрқозғалтқыш; 
8 – рельсті жолдар; 9 – жүргізуші төртгранды штанга; 10 – остік 
жүктемені қабатбұзушы құрылғыға (ұңғыма түбіне) беретін құрылғы
Аталған конструкциялармен айналмалы бұрғылау тәжірибесі көрсеткендей, 
теңіздің 2 баллдан жоғары тербелуі кезінде түпке берілген остік жүктеме 
берілмейді, өйткені ВМБ-5 роторда, ал КГК-100 қозғалмалы айналғышы – 
бағыттауыштарда тіреліп қалады. Осы айналғыштармен бұрғылаған кезде 
бұрғылау тізбегі әдетте жүзбелі бұрғылау қондырмамен тығыз бекітілген лебед-
ка тросында ілулі тұрғандықтан, оның шайқалуы бұрғылау снарядының түптен 
жиі ажырауына әкеп соқтырады, кернді бұзады және қабат бұзатын құрылғыға 
қажетті осьтік жүктемені ұстап тұруға мүмкіндік бермейді.
Осындай қиындықтар теңізде күрделі гидрогеологиялық жағдайларда 
бұрғылау тізбегінің айналуы үшін қолданылатын күштік вертлюгті қолданған 
кезде туады. Бұның схемасы КГК-100 айналғышының бұрғылау схемасына 
ұқсас.


153
Айналмалы тізбектегі айналдырғыштар.
Оларды жасап шығару тығыз 
сазды және құрамында жоғары дәрежеде щебень мен галька бар жыныстар-
ды бұрғылау кезінде шегендеу тізбегінің тереңдеу жылдамдығын жоғарылату 
мақсатында жасалған. Рычаг типті стабилизаторы және айналғыштың гидро-
приводы болатын бұрғылау станогының тәжірибелі түрі жасалған, ол диаметрі 
0,127, 0,168, және 0,219 болатын құбырлардың айналу жиілігін реттеуге 
мүмкіндік береді (
7.11-сурет
).
7.11 -сурет. Құбырлардың колоннасындағы бұрғылау айналдырғыштары
1 – стойка; 2 – каретка; 3 – кесе көлденең штанга; 4 – каретка; 
5 – көлбеу штанга; 6 – жұмыс аумағы; 7 – станина; 8 – жылдамдықтар 
қорапшасы; 9 – гидромотор; 10 – арқан; 11 – редуктор; 
12 – қысқыш оқ; 13 – бұрғылау құбырлары; 14 – құбырбұрғыш оқ
Станок үстінде станина (7) орналасқан тікбұрышты жұмыс жазықтығынан 
(6) тұрады, станинаға труборазвороттың қозғалмайтын патроны (14) мен 
айналғыш бекітілген. Айналғышта приводты гидромотор (9), жылдамдық 
қорабы (8) және тегіс шығу валы мен зажимді патроны (12) бар бірсатылы ре-
дуктор (11) бар.
Патрондар (12, 13) әртүрлі диаметрлі құбырларды ұстап қалатын ауыстыр-
малы плашка (13) комплектісімен жабдықталған. Станок салмағы шамамен 
1300 кг және жұмыс лебедкасының төрт тросымен (10) ЖБҚ вышкасына ілінеді.
Осы кезде рективті момент станоктан ЖБҚ-ға рычагты тұрақтандырушы 
құрылғы арқылы беріледі, ол шайқалу кезінде кареткада (2, 4) еркін қозғалатын, 
дөңгелек қималы тік (3) және көлденең (5) штангіден тұрады.
Көлденең штанга жұмыс алаңының екі кронштейнінде берік бекітіледі, 
ал тік штанганың бір соңы каретка корпусына тік жазықтықта тұрақты (1) 
бұрала алатындай бекітілген. Тұрақ (1) жүзбелі бұрғылау қондырғысы палу-
басында орнатылған. Бұранда жүзбелі бұрғылау қондырғысының еңкіштігі 7
0

көлденең шайқалу (дрейф) 1,2 м-ге және тік шайқалу 0,7 м-ге
дейін
болғанда 


154
айналу жиілігін 0-50 және 82-118 айн/мин және айналу моменті 5,20; 3,25; 2,25 
кН·м шегінде қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибелі сынаманы тәжірибеден өткізу 
кезінде бірқатар конструктивті кемшіліктер табылды. Оларды ескере отырып, 
станоктың жаңа түрі жасалды, онда бұранданың түйіндерінің компоновкасы 
өзгертіліп, жылдамдықтар қорабы алынып тасталды, алайда бірсатылы редук-
тор екісатылыға ауыстырылып, зажимді патрондардың конструкциясы қайта 
жасалып, орны ауыстырылды. Тұрақтандырушы құрылғысында екі каретка 
да орналастырылып, көлденең штанга тұраққа шығарылды, ілу жүйесіндегі 
тростар берік траверспен ауыстырылды. Бұның бәрі станок конструкциясын 
қарапайымдап, оның беріктігін күшейтіп, салмағын 500 кг-нан көп азайтып, ай-
налу моментін 5,8кН*м-ге дейін жоғарылатты. Алайда бұл бұранда да өте үлкен, 
ал оның тұрақтандырушы құрылғысы ыңғайсыз және жұмыста сенімсіз болып 
шықты. Осындай бұранда орнатылған шегендеу құбыры ұңғыманы бұрғылау, 
жуумен бұрғылау кезінде тұрақсыз. Ал құрғақ бұрғылаудың тиімділігі төмен әрі 
үлкен қуатты қозғалтқышты қолдануды қажет етеді.
Айналмалы шегендеу құбырларында орнатылатын бұрандалардың ортақ 
кемшілігі – әр рейс кезінде бұранданы жұмыс жағдайына келтіріп, ұңғымадан 
алынатын шегендеу құбырларының резьбалы байланыстары айналмалы 
бұрғылау кезінде қатты тартылатындықтан, оларды босатуға кететін уақыт пен 
еңбек шығынының көп болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет