Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет92/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.3.3 Теңіз тұрағы 
Теңіз тұрағы (8.9-сурет)
 
жалпы суасты саға қондырғысының негізгі және 
жауапты бөлшегінің бірі болып саналады. Бұрғылау жұмыстары кезінде теңіз 
тұрағы өте күрделі жағдайларда пайдаланылады. Тәжірибеде белгілі, мұндай 
жұмыс жағдайында пайдалану бірнеше жеке тармақтардың бұзылуына әкеледі.
8.9-сурет. Теңіз тұрағы
1 – дөңгелек компенсаторы және арын бұрғышы бар жоғарғы секция
2 – телескопиялық компенсатор; 3 – тарту арқандары; 4 – аралық сек-
ция; 5 – дөңгелек және гидравликалық қосқышы бар төменгі секция.


189
Теңіз тұрағының бұзылу себептері, ол – күрделі теңіз жағдайлары ұзақ уақыт 
әсер етуі, үлкен тығыздықты бұрғылау ерітінділерін қолдану, қосылулардың 
сенімді емес тармақтарын қолданудың дұрыс жұмысын бақыламау т.с.с.
8.4 суасты саға жабдығы кешенін монтаждау
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысын бұрғылау нүктесіне 
зәкірлегеннен кейін, платформаның жоба бойынша нақты нүктеге қатысты 
орналасуын және ертерек жүргізілген инженерлік іздеулерден алынған 
мәліметтердің теңіз табаны жынысының беріктігіне сәйкестігін анықтап, су- 
асты саға жабдықтарын түсіруге және ұңғыманы бұрғылауға кіріседі.
Ұңғыма құрылысын бастау және суасты саға жабдықтарын құрастыру-
ажырату (монтаждау-демонтаждау) сатылары төмендегідей:
- фундаменттік тақтаны (5) (
8.9-сурет
) кран арқылы шахтаның 
қайырмалы жармасына орнатады. Тақтаға кесілетін саусақшалар арқылы 
бағыттаушы арқандарды (2) жалғастырады. Тақтаға бекітілген деңгей 
көрсеткіш (6), тақтаның көлбеу ауытқуын көрсетеді. Элеваторға түсіру 
аспабын (4) іледі және ротор сыналарын алып, аспапты ротор тесігі 
арқылы өткізіп, элеватормен роторға отырғызады. Одан кейін, түсіру 
аспабына телескопты компенсатор (1) жалғастырылады да, бұрғылау 
құбырларымен жалғап, бұрғылау тізбегін (9) монтаждау алаңшасына 
дейін түсіріп, тіректі тақтаға бекітеді. Түсіру аспабының жоғары жағына 
бағыттаушы белдеуше /штанга/ (3) жалғастырылады, оның төлкелері 
бағыттаушы арқандармен байланыстырып, диагональді жағдайда орна-
ластырылады. Содан кейін тіректі тақтаны көтеріп, шахтаның жармала-
рын ашып, оны түсіріп теңіз табанына отырғызады. Одан кейін, түсіру 
аспабын көтеріп, оны ауырлатылған бұрғылау құбырлары арқылы 
диаметрі 914 мм бұрғылау қашауымен, 762 мм фудаменттік тұғырлық 
тізбек орнын қазуға кіріседі (
7.10-сурет
).
Орнықсыз тау жыныстарын қазғанда алдымен кіші диаметрлі қашаумен 
бұрғылап, сонан кейін керегінше кеңейткішпен кеңейтіледі. Ұңғыма ашық ай-
налымда, теңіз суымен бұрғыланады. Бұрғылап болғаннан кейін бұрғылау аспа-
бын көтеріп, тіректі-бағыттаушы негіз (6) арқылы (
8.11-сурет
) диаметрі 762 мм 
фундаменттік тізбек (2) түсіріледі. Ол үшін тізбектің бірнеше секцияларын жи-
найды, қажет ұзындығын жалғайды, оның ішінде берік орналандырғыш түйіні 
болады. Бұл түйінді тіректі-бағыттаушы негіз арқылы өткізеді. Онан кейін 
тіректі-бағыттаушы негіздің екі жағын жалғайды, тізбекті түсіреді және оны 
тіректі-бағыттаушы негіздегі тізбектің ұшына асып қояды.
Цементтеуші жасырын құбырды (хвостовик) (2) жинап (
8.11-сурет
), оған 
телескопты компенсатор (5) (
8.12-сурет
) жалғастырады. Бұрғылау құбырларын 
жалғау арқылы тізбекті монтаждау алаңшасына дейін түсіреді және түсіру аспа-
бын сағалық ұшпен жалғастырады. Түсіру аспабы мен телескопты коменса-


190
тор арасына бағыттаушы белдеуше (3) орналасады да, оның шеткі төлкелеріне 
бағыттаушы арқандарды (7) жүргізеді. Сонан кейін бұрғылау құбырларын 
жалғап, тізбекті тақтаға дейін түсіреді және тізбек тақтаға отырғаннан кейін, 
түсіру телескопы компенсатордың таңдалған жарты жүрісіне дейін жалғасады.
Телекамераның көмегі арқылы тіректі-бағыттаушы негіздің тік жағдайы 
тексеріледі. Жобаланған тереңдікке дейін тізбекті түсіріп, сағаға дейін цемент-
теп, бұрғылау тізбегін көтереді және ажыратады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет