179
Суасты саға жабдықтары кешені:
- ұңғыманы бұрғылау кезінде толқындар мен БК немесе ЖБ ЖБҚ
ағыстарының әсерінен теңіз түбіне орнатылған жылжымайтын, суас-
ты сағасының арасында иілгіш тұйық
технологиялық байланысты
қамтамасыз етуге;
- ұңғымаға бұрғылау аспабын бағыттауға, бұрғылау ерітіндісінің
тұйық циркуляциясын қамтамасыз етуге,
бұрғылау кезінде ұңғыманы
басқаруға және т.б.;
- апатты жағдайларда немесе теңіздің қатты толқындануында бұрғылау
қондырғысының істен шығу кезіндегі ұңғымадан тастандылардың
шығуын болдырмау мақсатында бұрғыланушы ұңғыманы сенімді жабу
үшін арналған.
Қазіргі уақытта кең қолданылатын суасты саға жабдықтары
конструкцияларының ерекшеліктері:
1. Ұңғыма сағасын су астына теңіз түбіне немесе суасты жағдайда арнайы
платформаға (құбырға) орнатады.
2. Суасты сағасы кемемен арнайы субөлгіш бағана мен бағыттаушы
арқандар (колонналар) көмегімен байланыстырылған.
3. Суасты кешенін басқару қашықтықтан
негізінде гидробасқару
көмегімен кемеден жүргізіледі.
4. Суасты жабдығының бөліктерін, солардың ішінде субөлгіш
бағаналарды да бөлу мен жалғау арнайы қысқыштарды қолдану
арқылы ЖБҚ-мен жүргізіледі.
5. ЖБҚ тік ауытқуларының әрекеттерінің компенсациясы үшін субөлгіш
және бұрғылау бағаналарында арнайы
ауытқу компенсаторларын
қолданады.
6. Ұңғыманы бұрғылау, сондай-ақ, шахтаасты бағыттау құбырлық және
роторлы әдістермен жүргізілуі мүмкін.
7. Барлық шегендеу колонналарын теңіз түбінде
орналасқан сағалық
басқа іледі.
Суасты саға жабдықтарының 50-1800 м және одан артық теңіз
тереңдіктеріндегі ұңғымаларды бұрғылауға мүмкіндік беретін бірнеше кон-
струкциялары бар.
Суасты саға жабдықтары қондырғысының үлкен тереңдігі оның беріктігіне,
дірілдерге, сенімділігіне, үлкен сыртқы қысымдарды
ұстап тұру қабілетіне,
герметикалық және сенімді қашықтықтан басқарылуына жоғары талаптар
қояды. Кешен түйіндерінің конструкциясы түйіндердің монтаждау кезінде
түйісу дәлдігін және демонтаждау кезінде ажырауын қамтамасыз етуі, түйісу са-
пасы суасты саға жабдықтары жұмысы мен басқарылуын қамтамасыз ететіндей
жоғары болуы керек.
180
Байланыс механизмдерінің орналасуына, яғни: БК
немесе ЖБ ЖБҚ-да
орнатылған, толқындар, ағыстар мен желдер әсер ететін керу қондырғыларына
баса назар аударады.
Теңіз түбінде суасты саға жабдықтарының жеткіліксіз орналасуы – басқару,
пайдалану мен жөндеу қиындығы.
Тәжірибеде теңізде БК және ЖБЖБҚ арқылы бұрғылау жұмыстарында суасты
саға жабдықтарының бірблокты немесе екіблокты конструкциясын қолданады.
Кейбір бірблокты конструкцияларды терең суларда, ұңғымалардың
қарапайым екі- және үшколонналы конструкцияларында және бұрғылаудың
аз тереңдігінде пайдаланады.
Суасты саға жабдықтары бірблокты конструкциясының
артықшылығы
– кешенді орнату мен монтаждау уақытын қысқарту, себебі суасты саға
жабдықтарының орнатылған бірблокты кешені ұңғыманы бұрғылаудың
барлық уақытында қолданылады. Бірблокты
суасты саға жабдықтарының
кемшіліктерінің қатарына массасы шамамен, 80 т екіблоктымен салыстырғанда
оның салмағының ауырлығын (200 т-ға дейін) жатқызуға болады.
Екіблокты конструкцияларды қатты терең емес суларда, ұңғымалардың
күрделі төрт – және бесколонналы конструкцияларында және бұрғылаудың
үлкен тереңдіктерінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: