Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет88/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.6-сурет. Теңiз ұңғымасының суасты саға жабдығы (САСЖ)


181
Екіблокты конструкцияның артықшылықтарына оны күрделі конструкциялы 
терең ұңғымаларды бұрғылауда қолдану мүмкіндігі, тастандыға қарсы жабдықтың 
әрбір блогының салмағының салыстырмалы төмендігі және еркін блокты жөндеу 
мүмкіндігі, ал кемшіліктер қатарына ұңғыманы бұрғылау үдерісінде біріншіні 
демонтаждау мен екіншіні орнату мен монтаждауға кеткен уақыт шығынын
жұмыс істемейтін блокты сақтау үшін қосымша орынның қажеттілігі жата-
ды. Қазіргі уақытта шетелде суасты саға жабдықтарының диаметрі 476,24 мм 
өтпелі саңылауы бар бірблокты конструкциялары қолданылады, олар күрделі 
конструкциялы терең ұңғымаларды бұрғылауды қамтамасыз етеді. 
Шетелде монтаждау түрі мен технологиясына байланысты суасты саға 
жабдықтарының түрлі кешендері қолданылады. Суасты саға жабдықтарының 
кейбір түрлерінің айырмашылық сипаттары ең бірінші шахталық бағыттың кон-
струкциясымен және оны орнату әдісімен байланысты. Кейбір ЖБҚ-да суас-
ты кешенінің табаны – теңіз түбіне орнатылатын және кемемен арқан арқылы 
байланысқан монолитті плита. Теңіз түбінің тегіс емес және әртекті болуына 
байланысты мұндай табандарды көлденең орнату және шахталық бағыттың тік 
болуын қамтамасыз ету қиын. 
8.6-суретте
ЭБСЗООО/150 жобасында қолданылған, шетелдік суасты 
кешеніне ұқсас және негізінде конструктивті бірдей безендірілген түйіндері бар 
суасты саға жабдықтары кешенінің барлық элементтерімен бірге конструкциясы 
көрсетілген. 
Суасты саға жабдықтың кешенi жинақы түрде: суасты саға жабдықтары, 
су бөлетiн бағана (колонна), кеменің өзіндегі жабдық сияқты негiзгi жүйеден 
тұрады.
Суасты саға жабдықтары (
8.6-сурет
) мыналардан тұрады: су асты жабдықтың 
грунтына жүктеменiң берiлуi үшiн тiрек тақта 1 (плита), және саға басы (го-
ловка) (2) байлам және барлық шеген құбыр тiзбектерiнiң герметизациясы үшiн 
және атылуға қарсы жабдығын (3) жалғау үшiн, төменгi бiрiктiрме қосылыс (4), 
СГ-2 типті тез ажырымалы жалғау (5) және су бөлетiн бағана (6) су бөлетiн 
бағананың аяғында ГС-406 немесе ГС-305 типті жіңішке жалғау (7) орнатылған, 
ол бағана төменгi аяғының қатты бiтеуiнен құтылуға мүмкiндiк береді.
Тақтаның формасы алтықырлы, оған үш бағана бекітілген, оның ішінен трос 
(8) жүргізіледі және оны жүкшығыр (лебедок) (20) арқылы кемемен тартуға бо-
лады. Осы бағыттаушы бағаналар бойынша кемеге керекті құрал-жабдықтарды 
бағыттаушы үшқырлы рама (10) арқылы түсіреді және көтереді.
Бұрғылама кемеде су бөлетін бағанамен бірге тік тербелістің компен-
саторы (12) бар, компенсатор тiкелей кемеге бекiтілген және ЖБҚ-ның тік 
тербелісі кезінде су бөлетiн бағананың созылуы немесе қысылуы болмас 
үшiн қызмет көрсетеді. Теңiздегi толқу шарттарындағы су бөлетiн бағананың 
жұмыс жағдайларын жақсарту үшiн арнайы керiп кигiзiлген құрылым (18) 
қызмет етеді, ол қарсы (ауырлық) салмақтардан (14) тұрады және кронштейн-


182
дерде (17) арқандардың (15) көмегiмен блоктан (16) жүкшығырлар (9) арқылы 
компенсатордың сыртқы құбырын тартады. Роторның бiлiгi бар су бөлетін 
бағанасының центрге келтiру үшiн турелдерге (18) орналасқан центратор (19) 
қызмет көрсетедi.
Барлық монтаждық жұмыстар су асты жабдығының құрастыру және бұзу 
монтаждық құрылғысы көмегiмен орындалады, ол турелдегі саңылаудың 
үстiнде орналастырылған монтаждық арқалықтан және тiрек тақтадан тұрады.
Суасты саға жабдығымен басқару (11) бұрғылама кеменiң палубасынан 
солқылдақ шлангтердiң жүйесi арқылы iске асады. Шлангтер кеменің палу-
басында турел маңайында орналасқан арнайы жүкшығырларды барабандарға 
орайды. Бұдан басқа, кеме палубасында басқару жүйесiне және басқару пультiне 
сұйықтық беру үшiн құбырды жөндейді, ол бұрғышының басқару орнының 
маңайында орнатылған.
«Шелл» фирмасының ЖБҚ «Блю Вотер» ұңғыманың негiзі үш бағыттаушы 
бағаналар мен үш бағыттаушы арқандары бар металлоконструкцияны көрсетеді. 
Суасты саға жабдықтарының дистанциялы гидравликалық басқаруы және 
ұңғыманың бес бағаналы конструкциясы бар және фундаментті тақта бiрiншi 
бағанада (508 мм) орнатылған және бұрғылаудан кейiн бөлшектей алады.
«Атлантик Рефайнинг» қондырғысында бiрнеше өте жақсы конструкция-
сы болады. Бұл жерде қолданудың негiзі ретiнде – барлық құрастырылған саға 
жабдығындағы түптiң үстiнде бiрнеше ондаған метрлерге көтеретін бiрiншi ше-
ген құбыр тiзбегi (914 мм). Қондырғымен басқару – дистанциялы гидравликалық. 
Мұндай конструкция, сүңгуiр қызмет көрсету аймағында сағаны орналастыруға 
және саға жабдығын бақылау үшiн телекамералардың жұмысын жақсартуға 
мүмкiндiк бередi.
Шетелдік тәжірибеде Америкалық мұнай институты /АМИ/ бұрғылау 
компанияларының көп жылдық жұмыс тәжірибесін қорытындылап, АРІ 
RР-53 лақтырындыға қарсы жабдығын (противобыбросное оборудование) 
ұңғыма сағасының су асты орналасуымен жер үсті және теңізде бұрғылауда 
пайдаланудың тәжірибелік ұсыныстарын жасады. Оқпандық бөліктің торапта-
рын белгілеу үшін арнаулы код қабылдынды: А – әмбебап превентор, G – ай-
налмалы превентор, R – бір контурлы плашечті превентор, R$ – екі корпусты 
плашечті превентор, Я – үш корпусты плачешті превентор, Х – әмбебаб плачешті 
превентор, S – крестовина, C – блоктың превенторын колонна ілгішімен немесе 
САСЖ-ның оқпандық бөлігінің жалпы құрастырылуындағы жекелеген торап-
тардымен жалғастыратын жоғары қысымды муфта, C – теңіздік тік құбырды 
блок превенторымен қосатын төменгі қысымды муфта.
Жұмысшы қысымына қарай лақтырындыға қарсы жабдықтар екі топқа 
бөлінеді: олар жұмыс қысымы 14-21 МПа және жұмыс қысымы 35, 70 және 105 
МПа.


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет