Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 суасты саға жабдықтарының кешендері



Pdf көрінісі
бет89/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.3 суасты саға жабдықтарының кешендері
Ұңғымаларды жартылай батырылатын ЖБҚ мен бұрғылау кемелерін пай-
даланып бұрғылау үшін, теңіз түбіне қойылатын суасты саға жабдықтары 
кешендері кеңінен колданылады.
Мұндай орналасу жүзбелі құралдардың ұңғыма центрінен, ең үлкен жылжу 
мүмкіндігін туғызады және теңіз түбінде орналаскан жабдықты механикалық 
зақымнан барынша сақтайды.
Суасты саға жабдықтарының атқаратын міндеті:
- ұңғыманы бұрғылау барысында толқын мен ағыстың әсерінен козғалып 
тұрған, батырылатын ЖБҚ немесе бұрғылау кемесі мен теңіз түбінде 
орналасқан - суастындағы саға арасында икемді жабық технологиялық 
байланысты қамтамасыз ету:
- ұңғымаға бұрғы аспабын түсіру, жуу сұйығының жабық айналымын 
қамтамасыз ету, ұңғыманы бұрғылау кезінде басқару және т.б. опера-
цияларды жүргізу;
- ұңғыманы бұрғылау барысында, апаттық жағдайларда, ұңғымадан қабат 
сұйығының атып кету қаупін болдырмау мақсатында немесе теңізде 
тулаған үлкен толқындар кезінде – бұрғылау қондырғысын сағадан 
ажырату жағдайында ұңғыманы берік жабу керек.
Әр түрлі теңіз тереңдігіндегі (50-1800 м) ұңғымаларды сенімді қазу үшін 
колданылатын су асты саға жабдықтарының бірнеше құрылмалары бар.
Суасты саға жабдықтарын үлкен тереңдікке орнату – оның беріктігіне
тербеліске беріктігіне, үлкен сыртқы қысымға төзімділігіне, герметикалық және 
алыстан сенімді басқару қабілетіне жоғары талаптар кояды. Кешен түйіндерінің 
құрылмасы – жабдықты құрастыру және ажырату кезінде түйіндерді түйістіру 
дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Түйістіру жоғары сапалы, Суасты саға 
жабдықтарының әдеттегі жағдайдағы жұмыс басқаруын қамтамасыз етуі керек.
Байланыс механизмдерінің орналасуына ерекше көңіл бөлінеді: жартылай 
батпалы ЖБҚ немесе бұрғылау кемесінде орнатылған керу құрылғыларына 
толқынның, ағыстың және желдің әсерлерін ескеру.
Суасты саға жабдықтарының теңіз түбінде орналасуының кемшілігі – 
басқару, пайдалану және өңдеу күрделілігі.
Суасты сағасы бар ұңғымалардың екі типтік құрылмалары бар. 
I құрылма (терендігі 5-6 мың м ұңғылар үшін) төменгі тізбектерден тұрады: 
а) фундаменталдық тізбек (бағыттаушы құбырлар) – диаметрі 762 мм;
ә) саға құбырлар тізбегі - диаметрі 508 мм;
б) I аралық құбырлар тізбегі – диаметрі 340 мм; 
в) II аралық құбырлар тізбегі – диаметрі 245 мм;
г) пайдалану құбырлар тізбегі – диаметрі 178 мм.
II құрылма (терендігі орташа ұңғымаларды бұрғылауда қолданады) – ұңғыма 
құрылмасы қарапайым:
а) фундаменталдық құбырлар тізбегі – диаметрі 762 мм;


184
ә) саға тізбегі – диаметрі 406 мм;
б) аралық тізбегі – диаметрі 273 мм;
в) пайдалану тізбегі – диаметрі 178 мм.
Бұрғылау жұмыстары тәжірибесінде бір блокты немесе екі блокты 
су асты сағалық жабдық кешендері қолданылады. Суасты сағалық кешен 
судан бөлектейтін құбырлар тізбегінен (теңіз қадаушасынан), көп каналды 
шлангілерден, коллекторлардан, қыстырмалы превенторлардан, тіректі - 
бағыттаушы негізден, тіректік тақтадан, бағыттаушы арқандардан, жоғарғы 
және төменгі гидравликалық муфталардан, шар тәрізді (бұрыштық компенсатор) 
қосылыстан теледидарлық камерадан, телескоптық компенсатордан және басқа 
түйіндерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет