Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата29.01.2017
өлшемі5,06 Mb.
#2986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қожаның адам аттары, ат қою туралы ойы мен ұлттық ат қою дәстүрінде 
сабақтастық бар ма? 
2. Жаңа туған нәрестеге ат қоюға  қандай халық дәстүрлері бар? Сол 
ғұрыпқа қатысты сөздер мен сөз орамдарын жазыңыздар.
3. Ат қоюдағы Қожа айтқан «әділетсіздіктер» туралы не айтасыздар? 
4. Өз аттарыңыз, оның беретін мән­мағынасы туралы білесіздер ме? 
Өздеріңізге қандай атты лайық деп есептейсіздер...
5. Сөйлеу, әңгімелеу тілінің көркем әдебиеттегі қолданысының қандай 
ерекшеліктері бар?
6. Үлкендер сөйлеу тілінен балалар тілінің өзгешелігі қандай?
41-жаттығу. Мәтіннің сөйлеу ырғағын келтіріп оқыңыздар. Қарамен 
жазылған сөздерге лексика­грамматикалық талдау жасаңыздар.
1)  –  Ассалаумағалейкум!  –  деймін  қашаға  мінген  күйі 
айқайлап.
– Әлексалам, молда бол балам, а­а­а, – дейді. «А­а­а» демекші, 
Тоқа шал не өзі әңгіме айтып отырып, немесе өзгені тыңдап оты­
рып өз­өзінен «а­а­а» деп мұрнын тартатын. Мұрнын тартатын 
себебі, бала кезден бергі әдет аурудан жаман қалмай келеді екен. 
Шал болған шағында мұрнын тартқаны біздерге ерсілеу көрінетін, 
амалы не үйреніс қой... үйреніс...
– Ата, бүгін қорықшылыққа бармадыңыз ба?
–  Баламды  жібердім,  а­а­а.  Сен  не  ғып  тауықша қашаға 
қонақтап отырсың. Қораның тезегін неге тазаламайсың, әлде сіздің 
үйдің сиыры бітеу ме еді.
– Жоқ, ақсақал, қайта сізден сұрайын деп едім. Қашан көрсек 
те жылы қораңыздың көңі бұрқырап, үнемі бір құп­құрғақ бо­
лып жатады. Біздің қарасандар астын көк тайғақ, үсті­басын 
саталақ­саталақ қылып сар жамбас болып жүргені. Немене, ата, 
сиырларыңызды қораға қамар алдында балаша тосып аласыз­ау 
деймін.
Тоқа мәз болып күледі:

58
– Оның әдісі бар, бірақ айтуға болмайды, а­а­а (О. Бөкей).
2)  Шай  ішіліп  болған.  Дастарқан  шетінде,  есікке  таман 
мосқалдау бір бөтен әйел отыр. «Ана қыздың шешесі болар».
– Қонақтарың бар екен ғой...
– Қырыққа келгенше бір шүйкебас ала алмай жүрген сен 
емессің ғой, біз! Күнде қонағымыз болып тұрады.
– Ағамыз бар ... алып беретін шығар біреуді.
– Мен саған кімнің қызын айттырмадым! Біріне жоламадың 
ғой.
– Сен әкесін айттырып келесің. Мен қызын айттыр деймін.  
Ағасы мен інісі азырақ қалжыңмен алды да, жеңбей­жеңілмей 
тоқырағандай болды.
– Мырзажігіт, шай қояйын ба, сорпа-суымыз пісіп тұр еді, 
соған қараймысың.
– Шайды сорпа­суыңнан кейін де ішуге болады ғой.
– Шіренуін көрдің бе?
– Е, қойшы сен, өтірік ұрыспай... Мына кісі шын екен деп қалар. 
Жаңаша самауыр, дастарқанын жинап әкете бастады 
(Ғ. Мүсірепов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтіндерді рөлге бөліп оқыңыздар.
2. Кейіпкерлердің сөздерінен олардың мінез­құлқын, эмоциясын білуге 
бола ма? Егер болса, әр кейіпкер сөзі арқылы қандай мінездері ашылған?
3. Мәтіннен сөйлеу тілінің сипатын төмендегі үлгімен  айтыңыздар.
а) сөз қолданысы:
ә) сөйлем құрылымы:
б) сөз мағынасының, дыбыс өзгерістерінің ерекшеліктері.
Жұрт алдында сөйлеу 
Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу бо­
лып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым­қатынаста 
жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірне­
ше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт 
алдында сөйлеу:

59
– баяндамашы, лекторлар;
– түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;
– құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден 
құралады. Баяндамашылар мен лекторлар тілінің басқалардан 
ерекшелігі  белгілі  бір  мәтінді  дайындап,  нақты  тақырып 
аумағынан шықпай сөйлеу болса, әр түрлі орындарға айтылар 
тілек, мадақ  сөздер мен той үстіндегі құттықтау, көңіл айту, 
сүйінші сұрау, көңіл сұрау дәстүрлеріне қатысты сөздер көбіне­
көп көркем, бейнелі, әрі қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері­
нен, кейде сөйлем деңгейіндегі тұрақты сөздерден құралады. 
Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, өз ойын тыңдаушыға 
жеткізу тәсілі әр қилы болса да, ортақтығы – айтуда қажетті тіл­
дік орфоэпия заңдылықтарды меңгеру және сақтау. Жұрт алдын­
да сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен 
сөйлеу техникасын меңгеру. Айтар ойын жеткізуде сөйлеуші 
өз сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым­ишара, 
әр қимыл­қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің 
тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, 
байланыстыруымен бірге оның сөзін құлақпен естіп, қимылын 
көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Сөйлеушінің  ым­ишара,  қимыл­қозғалысының  екіжақты 
қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткіздің көмекші құралы болса, 
екіншіден орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына  
кері әсер етеді. Қандай жағдайда болсын ым­ишара, сезім, қимыл­
қозғалыстың көмекші құрал екенін ескіріп, айтылатын тақырып 
мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек
Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:
–  дауыс  ырғағына,  интонациясына,  дауысты  сан  түрлі 
құбылтуға;
–  сөйлемнің эмоционалды бояуына;
– сөйлеу темпіне; 
– дауыс күшіне;
– сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға; 
– қимыл­қозғалыс, ым­ишараны орнымен қоя білуге назар ауда­
рылу керек.

60
1.  Жұрт  алдында  айтылатын  сөз  жазбаша  сөзден  құрылысы 
жа ғынан  ықшам болады.
2. Қаратпа, қыстырма сөздер жиі қолданылады.
3. Тыныс белгілері дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы бай-
қалады.
42-жаттығу. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып оқыңыздар. 
Осындай үлгіде ұ, ү, ө, г, ғ дыбыстарының үндестік заңына ыңғайлана өзгеру 
ерекшеліктеріне мысал келтіріңіздер. Сөз ішіндегі дыбыстар әсеріне тал­
дау жасаңыздар. 
Айтылуы
Жазылуы
Құлұн
Құлын
Жүрөк
Жүрек
Сөшшең
Сөзшең
Ауышша
Ауызша
Такаппар
Тәкаппар
Тәңертең
Таңертең
Шегара
Шекара
43-жаттығу. Өлеңді мәнерін келтіріп, дауыс ырғағына сай оқыңыздар.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп­тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы...
Өлеңге әркімнің­ақ бар таласы,

61
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін,
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім­ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген, жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме көп жамандап.
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын,
Шықпаса, мыңнан біреу талғап­талғап.
Мал жиып арамдықпен ұрлап­қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса­соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Ынсап­ұят, ар­намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
44-жаттығу.  Берілген  тақырып,  жоспар  бойынша  баяндама  әзір­
леңіздер.
Баяндаманы оқып, жұрт алдында сөйлеу мәдениетінің шартта­
рының орындалуына талдау жасаңыздар.

62
1­тақырып. Бүгінгі жастар және ұлттық әдеп
1) Бүгінгі жастар мәселесі; аға ұрпақ дәстүрі мен жастар  
мәдениетінің, сабақтастығы.
2) Жастар және ұлттық әдеп орталары.
3) Жастар – ұлттық дәстүрді, әдепті жалғастырушылар.
2­тақырып. « ...Өз тіліңді құрметте» (Қ. Мырзалиев) 
1) Ана тілім – ата­бабам мұрасы. 
2) Қазақ тілі – қазақтың жаны.
3) Тіл – ұлттың ұлт болып сақталуының белгісі.
Сөйлеу  кезінде  сөзіміздің  құлаққа  жағымды,  әуезді  болуына 
дыбыстар  үндесуінің  ыңғайына  қарай  сөздердің  екі-үштен 
топтанып,  бір  ырғақпен  айтылуының  мәні  бар.  Бұларды 
ырғақты топ деп атайды.
Мысалы: Барса игі еді – барсигеді, айта алмады – айталмады, 
т.б.
45-жаттығу. Бір ырғақпен, топтала бірігіп айтылатын сөздер мен сөз 
тіркестеріне мысалдар жазып, орфоэпиялық нормаға келтіріп оқыңыздар.
46-жаттығу. Қай тұста бірге, қай жерде бөлек жазылатынын анық­
таңыздар. Көшіріп жазыңыздар.

63
47-жаттығу. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін кестеге толтырыңыз дар.
Ат шаптырым, бие сауым, таяқ тастам, көзді ашып­жұмғанша, 
мұрнын көкке көтеру, қара қылды қақ жарған, салы суға кету, беті 
бүлк етпеу, қоян жүрек, асқар тау, алма мойын, ас та төк, тілі орам­
ды. Сырдың суы сирағынан келмеу, шаш ал десе бас алу, қас пен 
көздің арасында, ет пісірім, сөзі түйеден түскендей, соқырға таяқ 
ұстатқандай, қырғи қабақ болу.
Уақыт Қашықтық
Адам мінезі, 
қасиеті
Қимыл­
әрекет
Басқа 
мағына
48-жаттығу. Сөздерді тұрақты сөз тіркестерімен  ауыстырып жазы­
ңыздар.
Үлгі: анық – тайға таңба басқандай.
Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, 
қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.
Сөз қолдану мәдениеті
Бұған дейін біз ауызекі тілде сөйлеудің түрлері, ерекшеліктері 
туралы айттық. Ауызша сөйлеудің қажеттілігі, қолданылатын 
орындарына қарай маңызды екені белгілі.
Бүгінгі ғылым қарқын алған  қоғамда сонау өткен­өткен ға­
сыр лардан бері қарай ауызша сөйлеудің шаруашылық, тұрмыс 
пен мәдениетте, жалпы адамзат дамуы үшін жеткіліксіз екені 
байқалды. 
Қазақ қоғамында жазу мәдениетін болмады деген пікір дұрыс 
емес екенін бәріміз де білеміз. Бірақ көшпелі мәдениетті даму 
негізі санаған қазақ ұлты үшін ауызша сөйлеу, әдеби, рухани мұ­
раны жатқа білу есте сақтау қабілетін күшейтіп, сөз құдіретін та­
нуға әсер етіп, сөз киесінің сөйлеуші мен тыңдаушыға неғұрлым 

64
тегеу рінді жетуіне ықпалын жасады. Ауызекі тілде сөйлесу  қарым­
қатынасты жасаушы,  ұлтты ұйытушы, бірлік, ынтымағын жара­
стырушы болды, әлі де сол қызметін жоққа шығара алмаймыз. 
Жазу адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндікті 
молырақ береді.
 Жазбаша сөздің, қарым-қатынастың ерекшеліктері:
 сөйлем құрылымы қалыптасқан үлгіден көп ауытқи бер-
мейді  (стильдік өзгешеліктерді болмаса);
 емле ережесі ортақ, оны өзгертуге болмайды; 
 сөздердің жазылуының орфографиялық ұстанымдары 
сақталуы тиіс;
 қаратпа, қыстырма, одағай сөздер ретсіз көп қолданыл-
майды (стиль өзгешелігіне қарай ғана).
Қазақ халқы үш түрлі жазу жүйесін қолданған. 1929 жылға 
дейін мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына байланыс­
ты араб әліпбиін пайдаланады. Кеңес өкіметі кезіңде 1929 жылдан 
латын жазуына көшсе, 1940 жылдан бері орыс жазуын қолдануда. 
Қазақ тілінің емле ережесі 1957 жылы, 1983 жылы (2003 жылы) 
жаңа толықтырулар мен өзгертулер негізінде түзетіліп отыр­
ды. Сөздердің дұрыс жазылуы «Қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігіне» сүйене отырып қадағаланады.
49-жаттығу. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіздер.
1. Қазір, кәзір, қазыр, хазыр.
2. Қата, қате, хата, хате.
3. Бейіл, пейіл, пиғыл, пиығыл, быйғыл.
4. Әлдеқашан, алдақашан, әлдеғашан, алдағашан.
5. Әлдегім, әлденім.
50-жаттығу. Әр қатарды тапсырмасы бойынша сөздермен  толықты­
рыңыздар.
1. Екінші буында ә әрпі бар сөздер:
2. Екінші буында ұ, ү әріптері бар сөздер:

65
3. И және у дыбыстары қатар келетін сөздер:
4. Ж ж әрпі сөз соңында келетін сөздер:
5. Қай дыбыстар түбірдің сөз соңында қолданылмайды?
51-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
«Ңөң»
(үзінді)
Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», –  деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң» деді.
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.

66
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде – 
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Кең,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «ңөң» дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
 Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де! 
(О.Әубәкіров)

67
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлеңдегі «өң», «дөң», «жең», «сең», «тең», «таң», «төң», «көң», «кең» 
сөздермен сөйлем құраңыздар.
2. «Сең», «ңөң», «дөң» сөздерінің дыбыстық ұқсастығы мағыналық 
байланысқа қатысты деп ойлайсыздар ма?
3. Өлеңнің соңғы 2 шумағындағы автор ойы туралы не айтасыздар?
52-жаттығу.
Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен 
университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен 
кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет 
істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педа­
гог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме 
ерек ше мектеп деп бағалаймын. Себебі чуваш мынадай екен­ау, 
қырғыз мынадай болады екен­ау деп ойланасың. Ана халық ана­
дай дәстүрін қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен­
ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл, ішінде қарамағымда болған 
үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жа­
нын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері­іштерінен 
шыққан  балалары – менің алақанымда болды. Отан үшін өз басым­
ды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. 
Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намы­
сын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу 
үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым 
үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. 
Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: 
«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» 
дегенмін... Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей 
алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз 
халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды 
құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын (Б. Момышұлы).
Сөздік:
садаға – жанын құрбан ету
пида – құрбан болу, өлімге бас тігу

68
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қарамен жазылған сөздердің синонимін жазыңыздар
2. Асты сызылған сөздердің омонимін көрсетіңіздер.
3. Жазушының «Мен өзге ұлтты құрметтеуші, өз ұлтың сүюші адаммын», 
 деген сөзін қалай түсінесіздер?
4. Б. Момышұлы туралы, ерліктері мен шығармашылығы туралы не 
білесіздер?
5. Мәтінді пайдаланып, «Ер туған жерінде» деген әңгіме құрасты­
рыңыздар.
6. Әңгіме қандай түрде берілген (ауызша, жазбаша)? Дәлелдеңіздер.
53-жаттығу. Сөздердің бірге не бөлек жазылатынын анықтаңыздар. Жа­
зылуына қарай оқыңыздар.
54-жаттығу
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті 
ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде­кім 
ата­анасын ардақтаса, сол ата­анадан бірге туған бауырлары­
мен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап 

69
қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке­шешесін 
ардақтамаған, өзгенің ата­анасын құрметтемейді. үйде бауырмал 
болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын 
сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы 
көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен ша­
тастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажыра­
та білуі шарт.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке­шешесін сыйлаған бала 
да ғана намыс болады. Оларды ұялтпайтын, сүйегіне таңба 
түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата­анамды, ағайын­жұртымды 
жерге қаратпайтын дейді. Ер жігіттің елі – ата­анасы, Отаны – 
өз үйі.
Патриотизм – «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға 
әзірмін» деп құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Ол – формализм. 
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. 
Ата­анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, 
тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ә. Нұршайықовтың Б. Момышұлы туралы жазылған «Ақиқат
пен аңыз» кітабынан үзінді берілген.
2. Төмендегідей талдау жасаңыздар.
2.1. Әңгімелесіп отырып, өткенді еске алу.
2.2. Өткенге бүгінгі күнмен баға беру.
2.3. Әңгімелесушілердің жан­сезімін, көңіл­күй, ішкі әлемін, сырт бей­
несін, ой көзқарасын ашудағы диалогтің орны.
2. Б. Момышұлы жастарға Отанды сүюді, намысты да патриот болуды 
өсиет етеді, ал оның бастауы неде?
3. Мәтіндегі пікір­ой, көзқарасты дәлелдеудегі:
а) танымға, түсінікке, ойдың нақтылығына;
ә) қажетті сөздерді таңдай білуіне;
б) стильдік ерекшелікке;
в) ой­қисынына талдау жасаңыздар.

70
55-жаттығу.
Бір күні ауылдың даңғой жігіттерінің бірі тұзды әбден мақ­
тапты.
– Тұз – жеті қазынаның бірі, онсыз еттің де, нанның да дәмі 
болмайды, – дей беріпті әлгі жігіт.
– Бір нәрсені айтпай кеттің, – дейді сонда шешен, – тұз сөздің 
де дәмін кіргізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шешеннің тұз бен сөзді салыстыруында қандай қисын бар?
2. Сөздің дәмін келтіретін (тұз) не деп ойлайсыздар?
3. Жеті қазынаға не жатады? Жетіні қазақ халқы неге қазына – байлық 
деп есептейді?
56-жаттығу.
Ауылдас біреу мынадай әңгімесін айтады:
– Түн ортасында бір атты адам үй тұсына келіп, «кім бар­ау, 
құдайы қонақпыз» деді. Нешеусің деп едім, «үшеуміз» деді. Кейін 
білдім, әлгім ит ерткен бір­ақ адам екен. Үшеуміз дегені несі?
– Оның үшеуміз дегені, өзіме бір аяқ ас, атыма бір бау шөп, иті­
ме сүйемдей бір сүйек керек дегені екен, – деп түсіндіріпті пайым­
шыл ауылдасы аңғал көршісіне.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мәтіннен айтылар ойларыңа қажет мәліметтерді тауып алыңдар:
а) қонақ жайында қандай мәліметтер бар?
ә) әңгімелеуші ертеңінде қонақ туралы не білді?
2. Әңгімедегі ауызекі тіл стилінің ерекшеліктерін көрсетіңіздер.

71
2.1. Сөз қолданысы.
2.2. Сөз мағынасының өзгеруі, жаңа мағыналық реңк алуы.
2.3. Сөз құрамы мен сөйлем құрылысы.
57-жаттығу.
Кекеш Әбет
Көрші екі рулы елдің басты адамдары жиналып, ел арасындағы 
дауды сараптамаққа билер кеңесінің өтетін жерін, уақытын бел­
гілейді. Бұл жиынға өз аулының адамдарына атқосшы болып жас 
Әбет те келеді. Енді жұрт кеңесті ашайын десе, Әбет қосшылық 
еткен топтан Арықбай дейтін белді би келмеген болып шығады. 
Бір уақытта ...  Арықбай келіп жетеді. Осы кезде қарсы жақтың 
адамдарының бірі Арықбайды менсінбей: «Қарға адымды адам 
екен, аталы сөз шықпас бұдан» деп салыпты. Мұны естіп қалған 
Әбет тұтыға сөйлеп: «То­тоқтай тұрыңдар, то­то­тоқтай тұрыңдар, 
билер. Біздің Арекең ... шошаладай (оқалақ) болар, сіздер үлкен 
болғанда атан өгіздей боларсыздар. Шошала тигенде бір қора өгіз 
быт­шыт болмай ма? Біздің Арекең шошала ғой», ­ депті.
Ұялған ана жақтың адамдары қас болса да Әбеттен кешірім 
сұрапты. Арықбайдың шешіміне жиналған жұрт разы болып та­
расыпты.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздерді қойып жазыңыздар.
2. Әңгімеде шешендігі кеңірек ашылған кім деп ойлайсыздар: Арықбай 
би ме, Әбет пе? Дәлелдеңіздер.
3. Әбеттің сөзінің ойының дұрыс екендігі мәтінде қалай тұжырым­
далған?
4. Әңгімеден сөз дәлдігіне қажет элементтерді (ой, түсінік, қисын, сөздер) 
табыңыздар. Керекті сөздер:
а) атан түйедей, ұзын бойлы; көзге қораш, шағын денелі, орта бойлы, 
тығыршықтай;
ә) кішкентай болғанда, үлкен болғанда, таудай болғанда.

72
58-жаттығу.
1. Он жасымда сүт емген 
қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған 
лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада 
сылақтаймын, 
Отызда ағып жатқан 
бұлақтаймын. 
Қырқымда қынаптағы 
қылыштаймын,
Елуде әр жұмысты 
жұмыстаймын,
Алпыс жаста тай жеген 
бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген 
теріздеймін.
Жетпістен сексен жасқа 
келген шақта
Артымнан кейін 
кеттім кері деймін.
(Шал Құлекеұлы)
2. Ұстаз айтыпты: 
– Он бесімде 
оқуға келіп еттім,
Отызымда 
кәмелетке жеттім.
Қырықта 
күмән­тұманнан
арылдым, 
Елуде аспанның 
әмірін таныдым, 
Алпыста 
құлағым ашылды, 
Жетпісте 
жүрегімнің 
қалауын таптым.
Бар ісім 
байыпқа түсті 
(М. Мағауин 
«Мен», Алматы, 1999).
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адамның жасы туралы Шал ақын мен қытай философы Конфуцийдің 
ойларын салыстырыңыздар:
а) екі мәтіндегі адам жасына қатысты көзқарастардың ұқсастығын, ерек­
шелігін;
ә) Шал ақын өлеңінің ойнақы, бейнелі, қозғалмалы, сөз қолданысын;
б) Конфуцийдағы тоқтамалы, бірқалыпты ой қисынын;
в) бірінші мәтіндегі күш­қуат, тегеурінге;
г) екінші  ақыл, тәсілге бағындырыла жүйеленген ойға қажет сөздердің 
таңдалып алынғанына талдау жасап, мысалмен дәлелдеңіздер.
2. Адам жасы, ерекшелігі туралы өздеріңіз не айта аласыздар.

73

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет