212
керек делінеді, ал мәдениетсіздіктің негізгі себептеріне надандық,
жалқаулық және мақтаншақтық жатқызылады.
«Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз,-дейді Ыбырай
Н.А. Мазохинге жазған хатында,-бұл менің айтып отырған ақылым емес,
атақты философ-педогог Коменскийдің ақылы. Ол кісі: «Қолындағы
барын қанағат ете білетін адам, шын бақытты адам және біз өзіміздің
адал тіршілігімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам шын бақытты
адам»,-деген екен; ал тағы бір араб философы бақыттылық пен байлық
неде дегенде-«ынсаптылықта»,-деп жауап берген екен; міне осы ақылды
алыңыз».
Өзгерістер
жағдайында
қазақтың
әдеп
мәдениетін
трансформациялауға шақырған тұлғалар ағартушылар болды. Ыбырай
Алтынсариннің мына жолдарында бұл ой анық айтылып тұр:
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жас өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
«Өнер-жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен, достарым
Сіздерге
бердім батамды (Қазақ даласының
ойшылдары. 4-ші кітап/ред. Нысанбаев Ә.-Алматы: ФСИ, 2001.-274 б.).
Шын мәнісінде, Шоқан мен Ыбырайдың қызметі мен шығар-
машылығы кейін XX ғ. Қазақстан жеріндегі большевизмге емес,
керісінше ұлт-азаттық қозғалысына демеу болды.
Достарыңызбен бөлісу: