7.3. Түркілердің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
Түркі мәдениетнің әлем мәдениетіне тигізген үлесі мен тарих
сахнасындағы рөлін айқындай келе, қазақ-түркі мәдениетінің заңды
мұрагері, Еуразия даласын байырғы автотхонды тұрғындары, бұл жерде
тарихи маңызды түркі империясының әрекетері орын алып жатты,
сәйкесінше, қазақ мәдениеті мен кодын қарастырғанда оның түркі жалғасы
екендігіне көзіміз анық жетеді. Сондықтан, біз тек қазақты бөліп жарып
қарастырумыз мүкін емес, қазақ-түркі тарихы деп алу маңызды, қазақ өз
баларының барлық мұраларын пайдалануға тиіс, жасаған қателіктерін де
жауапкершілікпен сезінуі міндет.
Л.Н. Гумилев пікірінше, түркілер адамзат тарихында болған «ерекше
құбылыс» болып табылады. (Гумилев Л. Древние тюрки.-М.:ООО
«Издательство АСТ».-С. 5-2). Өз тарихын V ғасырдан бастаған түркілер
Батыс пен Шығыс аралығындағы орасан зор аймақты бақылап, Ұлы Жібек
жолы бойында түрлі мәдениеттер диалогына тікелей мүдделі болды. VI
ғасырда түркі шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте Парсы және
Үндімен, шығыста Қытаймен шектесіп жатты. Осыған орай, аталмыш
мемлкеттердің тарихы мен тағдыры түркі империясымен тікелей
байланысты болды. Түркі қағанатының пайда болуы осы территориядағы
бір-бірінің бар екендігін білмеген халықтардың бірігуі мен дамуына үлкен
серпіліс алып келді. Алып тау сілемдері мен шексіз дала-мәдениеттер
диалогына қол байлау болған тұста, метталлургияны игергенннің
нәтижесінде ауыздық пен үзеңгінің пайда болуы мен арба жетістіктері бұл
аралықты игеріп, көркейтуге басты үлесін қосты. Осы уақытта, түркілер
Батыс пен Шығыс аралығындағы саяси, мәдени, әскери және халықаралық
байланыстарда басты рөл ойнай алды.
Кей зерттеулерде, түркілер батыс пен шығыс арасын жалғаушы
ретінде ғана қарастырады, бірақ түркілердің өзіндік дамыған мәдениетіне
145
мән бермейді, қытай және Парсы мәдениетінен тәуелсіз мәдениет құра
білген түркілер жайлы деректі Гумилев келтіреді: «Орталық Азия
халықтарын тек Парсы мен Қытайдың көршілері ретінде ғана қабылдау
рөлінен босату қажет, олар өз мәдениеттерін өзгелерден тәуелсіз
қалыптастырды, осыны түсінген уақытта ғана олардың қалай қмір сүріп,
дамып және қайтып отырғанын айта аламыз». (Гумилев Л. Н. География
этноса в исторический период.-Л., 1990. с. 115). Оған қоса, бұл жер Д.Неру
мен В.Вернадский пікірлері бойынша өзге мәдениеттердің қалыптасуына
«алғышарт» жасап отырды.
Бұл алғышарттардың негізі келесіде: б.д.д. VIII ғасырда тас дәуірінен
қола және темір дәуірне өту кезеңі болы, дәл осы уақытта, түркілер құдай
Тәңір келіп темір қорытуды үйретті, бұл өзгеріс тек Алтай халықтарынан
бөлек, өзге халықтарға да үлкен өзгеріс әкелді, жалпы темір-ежелгі металл,
онымен Мысыр фараондары, Кавказ бен Кіші Азия тұрғындары таныс,
мәселе тек қолданылатын әдістемеде ғана болды, біріншілер темірден
қажетті бұйымның шикі формасын алса, алтайлықтар оны балқыту арқылы
«болат» шығарып, орасан зор көлемде өндіріс пен өңдеудің жоғары
дәрежесіне шықты. Осыдан бастап түркілік «болат» сөзі сонау ғасырлардың
үні болып табылады. Мысырлық фараондар темірді асыл бұйым ретінде
пайдаланса, түркілер темірді күнделікті пайдаланыс құралына айналдырды.
Л. Гумилев бойынша, «темірді тұрмыстық металға айналдырған түріктер,
Земарх түркілердің саудада темір ұсынуын түсінбеді, өйткені оны алу аса
күрделі болды». (Гумилев Л. Н. Тысячелетия вокруг Каспия.-М., 1993.-с.86).
Бұл жерде, түркілер тек металлургияны дамытып қана қоймай, сапа
мәселесін де қарастырған, құрамында 99,45 % дейінгі таза темірдің болуы-
бұйымның төзімді болуына ықпал етті. Темірден қылыш, айбалтамен
жабдықталған түркілер таңдамалы әрі сапалы әскер құруға мүмкіндік берді,
оларды «бөрі» атауымен тотемдік белгіге байланысты атады. Осыған орайң
көп зерттеушілердің пікірінше, Далада Орталық Азиядан бірініші болып
темір қорытуды толығымен игеріп, Қытай мен Тибеттен тәуелсіз әрекет
еткен түркілер болды. Мәселен, Мұрат Аджи бойынша, Алтайлық
түркілердің темірді күйдіру емес, балқыту арқылы өңдеу технологиясы өз
дәуірінің нағыз ғылыми-техникалық революциясына бастаған жаңалық
болды, ол Қытай мен барлық еуропалық мемлекеттердің дамуына серпіліс
берді. (Аджи М. Азиатская Европа.-М.:АСТ МОСКВА, 2008.-С.190-191).
Ұлы орыс тарихшысы Л.Гумилев пікрінше: «Көшпелі қоғамда
техникалық прогресс болмауы жаңсақ пікір, мәселен, хуннулар мен
түркілердің адамзат баласына берген жаңалықтарының қатарында: алғаш
дамыған шалбар формасы, үзеңгі Орталық Азияда 200-400 жылдардың
өзінде пайдаланылды. Алғаш жылжымалы күйме көшпелілерге таулы және
орманды қыраттарды дереу арада басып өтуіне мүмкіндік берді. Көшпелілер
алғаш ыңғайсыз тік қылыш орнына қайқы қылыш жасады, садақ жебені
серпігенде 700 метр қашықтықты еңсеретіндей етті. Бастысы киіз үй әр
заманда актуальды, экологиялық тұрғыдан таза, ментальды-психологиялық
146
тұрғыдан адамға жақсы әсер етуші болып есептелді. (Гумилев Л. Н. Древние
тюрки.-М.:ООО «Издательство АСТ»,-с.7). Түркілер туралы алғаш жазу V
ғасырдан басталады, әйгілі Бугут жазуы 582-583 жылдары Түркі
қағанатының құрылғаны жайла баяндайды. Онда алғаш рет «түркі» сөзі
қолданылып, Таспар қаған (қағанаттың төртінші қағаны) жайлы ақпар
берілген. Сонымен қатар, орхон-енисей жазбалырнда Білге қаған мен
Күлтегін қолбасшы сынды мемлекет басшылары туралы жазылған. Ондағы
жазудың мазмұны Отанға деген патриоттық сезімнің «рационалды»
қасиеттері көрсетілген. Күлтегіннің, осы тұстағы, «әлеуметтік ақылды»
патриот азамат қажет болды, оған эгоцентрлық қасиеттерден қарағанда,
қоғамдық сана идеалдары маңыздырақ болды. Орхон ескерткіштерінде
халықтық сана мазмұны көптеп көрініс табады. Ортағасырлық Ренессансқа
үлкен үлес қосқан тұлға Қорқыт-ата екені белгілі, бұл бабамыз туралы
қолжазбалар Дрезден мен Ватикан кітапханаларында сақтаулы тұр.
Еуропа мәдениетінің қалыптасуында Шығыс мәденитінің орны
ерекше, әсіресе, түркі мәдениетінің шығыс мәдениетін батысқа
тасымалдауда атқарған орны маңызды. Вернадский бойынша кітап басып
шығару ісіне үлкен рөл береді-адам тұлғасының дамуына, ұрпаққа білім
қалдыру мүмкіндігін туғызды. Кітап шығарудан бастап заманауи техника
дәуірі басталады, мәселен VI ғасырда Қытайда жазба тақтайшалары
қолданылды, бұл жаңалық Еуропаға ХIII-ХIV ғасырда еніп, Гуттенберг
ашылуын күтті. Мәселен, Марко Поло моңғол империясында ақшалай
ассигнация жасалды деген ақпар берген.
Вернадскийдің пікірінше: «Көшпелі халықтырдың жаулап алуы,
әсіресе, моңғол империясының «шапқыншылығы» «жоғары деңгейдегі»
мәдениеттердің тоғысуы мен бірігіуіне алып келді, моңғолдар Еуропаға
қағаз бен бұрғылау қондырғыларның жетуіне әсер етті».
Айтылған
мәліметтер
тізбегіне
атақты
қазақ
философы
А.Х.Қасымжановтың пікірінше түркілер Еуразия даласында айрықша
өркениет қалыптастырды: «бүгінгі Қазақстан кіретін Еуразия даласының
ландшафтында ерекше өркениет құрылды, онда табиғи ерекшеліктерге сай
мал жайылымдары қалыптасты, осыған қоса жоғары деңгейдегі
технологиялық және мәдени жаңалықтар да орын алды, «жылқы мәдениеті»,
темір балқыту, қолөнер, жер өңдеу сынды жетістіктер орын алды.Бұған қоса
әлемдік деңгейдегі империялар құрылды, әлемдік миграция мен демография
процесстеріне де бұл өркениеттің ықпалы жоғары болды». (Касымжанов А.
Х. Самоопределение и духовное наследие//Саясат. 1999. № 3.-С. 23-32).
Бұдан шығатын қорытынды, түркі мәдениеті адамзаттың алдында
метали игеру, жануарды қолға баулу сынды жетістіктері ғылыми-
техникалық революцияның бастауы болды, бұл, өз кезегінде, адамзат
дамуын жылдамдатты. Түркілердің тарихи жетістіктерін ашып көрстекен
француз философы Шарль Монтескье өзінің «Парсы хаттары» атты
еңбегінде: «әлем тарихында ешбір халық татарлар (көшпелілер,түркілер)
сынды ұлы жаулап алушылықтар жасаған халық жер жүзінде жоқ.
147
(Монтескье Ш. Персидские письма//Пер. с франц. под ред. Гунста Е.А.-
Москва: Издательство "ИОЛОС".-С. 45-53). Бұл халық расында да, бүкіл
әлемді билеп-төстеуге жаратылғандай, басқа барша халықтар оның қол
астында болу үшін дүниеге келгендей, бұл халық империя құрушы мен
империя күйретуші болып табылады, ол әр заманда жер бетінде өз билігін
жүргізді, түркі атауына ие болғаннан кейін Еуропа, Азия мен Африкада
жаулап алушылық жорықтар жүргізді, олар осы 3 құрлықтың билеушісі
болды. Егер тарих тамырына бойласақ, бұл халықтың ұрпақтары Рим
империясын талқандауда басты рөл атқарды. Шыңғысханның жаулап алуы
мен Александр Македонскийдің жорықтарын салыстырудың өзі мүмкін
бе»?
Монтескье тұжырымдары өз рационалдық себептеріне ие, тек
Шыңғыс хан жаулап алушылығының өзі ғана аса үлкен 7 еуропалық
қолбасшылардың (Александр Македонский, Ганнибал, Цезарь, швед королі
Кал XII, Ұлы Фридрих, А.В.Суворов және Наполеон Бонапарт) жаулап
алуларынан көп. Моңғол зерттеушісі Жадамбын Энхбаяр пікірі бойынша 7
қолбасшының жаулап алған территорясы 6 900 000 км кв болса, бір
Шыңғысханның жауған жер көлемі 7 770 000 км кв. болды, сәйкесінше,
ешбір қолбасшы көшпелілердің бір қолбасшысымен салыстыруға да тең
келмейді, көшпелілер қалыптастырған мемлекеттер мен тарихта қалдырған
із бойынша тең келер мемлекет жоқ.
Түркі тарихында әлемдік саясат векторы мен тарихына әсер еткен:
Бумын қаған, Иштеми қаған, Білге қаған, Күлтегін және Темір сынды
қолбасшылар болды. Көптеген батыстық көзқарас ұстанған зерттеушілер
түркі жорықтарын тек тонаушылық әрекет деп түсіндірді, көп жерде артта
қалғанның себептерін осымен толтыруға тырысты. Бірақ, Д.Неру бойынша:
«Түркілер Еуропаны тек ойрандап қана қоймай, өркениет те әкелді».
Бір мәдениет екінші бір мәдениеттің дамуына ықпал етуі үшін өзі
жоғары деңгейде дамыған болуы тиіс. Белгілі түркітанушы С.Максудидің
ойы бойынша, түркілердің басты жетістігі-қоғамдық құрым мен мемлекет
құру қабілеті. (Максуди, Садри. Тюркская история и право.-Казань: Фэн,
2002.-с.10).
Түрлі жаулап алулардан кейін орасан зор территорияны игеру және
басқару үшін жоғары деңгейдегі мемлекеттік құрылым қажет болды.
Түркілер өз мемлекеті мен әкімшілік жүргізу құру ісін одан әрі дамыту аса
маңызды еді, жаулап алынған жердегі мелекеттік құрылымдардын әлдеқйда
дамыған жүйе болды. Егер түркілердің жаулаулары туралы ақпарат болса,
олардың мемлекет құру ісі жайлы деректер аз. Бірақ Л.Гумилевпен келіссек,
түркілер өз заманы үшін жоғары дамыған мемлекет құрылымын жасады,
қоғамдық қатынастың дамыған формасын, шен иерархиясын, көшпелі
демократия, салық жүйесін, дипломатия мен кітап басу ісін жасаған.
(Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия.-С. Баку, 1991.-с. 23-28).
Белгілі түркітанушы Р.Рахманалиев бойынша, «түркілер үш
құрлықтағы тақты өз қолдарына алғаннан кейін, олар Пекин, Дели,
148
Исфахан, Дамаск, Бағдад, Каир, Константинополь мен Алжир сынды
қалаларда орналасты, осы тақты ұстап қалу үшін жоғары дамыған басқару
жүйесін қалыптастыруы қажет болды. Яғни, әкімшілік басқару, салық
жүйесі, кеден ісі, сауда жүргізу мен мемлекетте қауіпсіз қарым-қатынасты
қамтамсыз етті, сонымен бірге, дипломатиялық іс пен барлау ісі де дамыды.
Әскери іске келер болсақ, әскери тәртіп пен стратегиялық қорғаныс пен
шабуыл ісінде түкілермен тең келер халық болмады, қайта бұл үлгі әлемдегі
әскери тәртіптің негізі болды, мәселен, орыс әскері осы үлгімен құрылған.
(Рахманалиев Р. Империя тюрков. Великая цивилизация.-М.:РИПОЛ
классик, 2009.-576 с.)
Түркілердің тағы бір үлкен жаңалығы адамзат тарихында
алғашқылардың бірі болып-жазу жүйесінің қалыптасуы, дыбыс негізінде
алфавиттің дамуы, оған жоғарыда айтып өткен Ырқ Бітік жазбалары дәлел
бола алады. Дыбысты-әріппен белгілеу арқылы оқиғаны баяндауға болды.
Түркі жазуларының табылуы үлкен сенсация болды, Эрнст Добльхофер осы
турасында: «Олардың жазуы (түркілер) барлық батыстық мәдениеттерге
өзге ғаламмен тең еді. Азияның жүрегінде пайда болған бұл жазу жүйесінің
иесі жайында ақпарат аз, дәл осы үшін де оларды тану маңызды» деген
ойын білдірді. Сонымен қоса: «Біздің түркі жазуларына немқұрайлы
қарауымыз дұрыс емес. Өзге мәдениеттермен әрдайым қатынаста болған
бұл халық VI ғасырдың өзінде мәдени дамудың биік сатысында тұрды».
(Добльхофер Э. Знаки и чудеса.-М., 1963.-с. 332-333).
Тағы бір маңызды, көңіл қойылмаған, мәселе-әскери тәртіп пен орасан
зор күштен бөлек жаулап алынған халықтарды, мемлекеттерді ұзақ бойы
қол астында ұстауының «құпиясы» неде? Бұл түркі дүниетанымы мен
философиясына байланысты болды. Оғыз жазуында айтылғандай
түркілердің
«шатыры-аспан,
байрағы-күн»
болды.
Олардың
толеранттылығы көршісін бөлек қарастырған жоқ, ортақ жер деп есептеген.
Түркілер әрдайым жаулап алған халықтарды гармоняда өмір сүруге
шақырған, көбінде олардың идентификациясын, тілін, мәдениетін, дінін,
басшысын да қалдырған. Толеранттылықтың тамыры түркілердің
дүниетанымен тікелей байланысты. Таққа аяғы жеткен соң жаулап алған
халықтың пайдалы тұсын бойына сіңіріп, үйренуден жиренбеген, қайта
жаңаны үйрену мен ашық санаға ұмтылған, сәйкесінше, ассимиляция
процессі жылдам жүрген.
Түркі империясы өзінің орасан зор аумағына қарамастан табиғи-
этикалық ақылға қонымды мақсаты болды, бұл мақсат орхон жазуларынан
бері қауіпсіздік, тәртіп пен әділеттілік болды. Түркілер әлемді жаулау
барысында аталмыш қасиеттерді енгізуге тырысты. Осы арқылы олар сауда
және дипломатиялық қатынастарды жоғары деңгейге көтерді. Жаулап
алынған жерлерде бұрын соңды болмаған көркею орын алды, мәселен,
табғаштар тұсында Қытайда, селжұқтар тұсында Иранда, мәмлүктер
тұсында Мысырда, моғолдар тұсында Үндістанда, Осман империясы ислам
149
қылышы мен қалқаны болды. Аталмыш қарапайым тарихи деректердің
өзінен ақ түркілер генофонды мен рухани кодының сипатын көрсетеді.
Аталмыш деректерде алға тарта отыра, түркі идентификациясын қайта
түлету маңызды, түркілік этиканы қайта идеологиялық түрде іске асыру аса
маңызды.
Қазақтың және оның ата-тектерінің әлемдік өркениеттілік дүниесіне
қосқан басты құндылықтарына жататындары:
1.
Еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы
бірінші жетістікке жетті (К. Ясперс атап өткен жылқыны пайдалану).
2.
Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен
шөлейіттерді үйлесімді игере алды.
3.
Еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін
атқарды,
олардағы
миграциялық үдерістер
жаңа
өркениеттердің
қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран; Ғұн мемлекеті, Араб халифаты,
т.т.).
4.
Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер
арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында
дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды.
5.
Қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан,
киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактыларын
алғашқылардың бірі болып енгізді.
6.
Түркілердің әмбебапты дүниетанымдық жүйесі-тәңіршілдік адамдық
ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды.
7.
«Адам бол!» ұстанымы, әлемді Жарық дүние деп түсіну, адамның
көңіл-күйіне мән беру, ғарыш және басқа адамдармен үйлесімділікте болу,
жасы келгендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дәстүрлі әдебінің
құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |