208
бар. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты мынандай тұжырым айтуға
болса: болыс әкімшілдік тұлға болса, онда би-мәдени тұлға. Ұлыс билері
көпшілікке бағыну керек деген тәлім айтпаған. Бұл саясат қана, ол
ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Би төбеде қаралуға тиісті
мәселелер қаралып болып, шешілетін мәселелер
шешімін тапқан соң
дәстүрлі ойын-сауық думаны өткізілетін. Бұл ойындар ақақу-сықақу деп
аталатын.
Этнографиялық
деректер
билердің
көріпкелдікпен
айналысқанын да дәлелдейді. Мысалы: түс жору, түс-көрінген елес, оның
қандай мәнісі бар екенін шамалау-жору делінеді. Жора-халық пікірін
жинаушы билер. Би-би төбеге әр рудан сайланған алқалар. Халықтың қақ
ортасында жұмыс жүргізушілер. Халық пікірін бас алқаға жеткізушілер.
Халықтың қандай ой-пікірі, жағдайы бар, оны ары дамытудың немесе
нашар жағдайларды болдырмаудың жолдары, бұрынғы заң ережелердің
өмірге сәйкеспейтін, өзгертуге қажетті тұстары талқыланды. Демек, би
жиынына баратын, онда ру атынан сөз алатын адамға жатады.
Мәселе
талқылауға қатысып, пікір білдіретін кісі, жиында қабылданған заң-
ереже, қағида, жөн-жолдарды қайтып халыққа жеткізуші және соны іске
асырып орындаушы. Халыққа басшылық етуші. Халықтың өз ішінен
тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен қатарынан озған, сынақтан
өткен адам».
Қазақтың дәстүрлі қауымдық мәдениетіндегі
әлеуметтік-мәдени
тұлғалар мен құрылымдарды кейінгі өзгерген формалармен теңестіріп,
басқа мәдени контекстіде алған дұрыс емес. Мысалы, «барымта» түсінігін
алайық. Көшпелшілік шаруашылық-мәдени тип күйзеліске ұшыраған
жағдайда барымтада деструкциялық мақсаттар басым болған. Дәстүрлі
қазақ қоғамындағы оның мәнісі басқа еді. Барымтаның алуан түрлі
себептері бар. Біреудің ақ баталы жесірі яки некелі әйелі кетсе, біреу кісі
өлтіріп, кісі өлтірген жағы тиісті құн төлеуден бас тартса, біреудің қорық
жерінде малы жайылып, бүлдірсе; қыс қыстауына, жаз жайлауына
біреулер рұқсатсыз қоңса; ортаға түскен олжадан тиісті сыбаға берілмесе;
тойға шақырылмай елеусіз қалдырылса; арнап келіп түскен қонаққа тиісті
қонақасы берілмесе т.б. салт-сана, әдет-ғұрып қағидалары бойынша
барымталаушы ісі заңды деп саналатын. Әсіресе, кісі өлімі үстінде тиесілі
құны
мөлшерінде барымталап, мал қуып алса да ерсі болмайтын. Оның
әлі де болса шексіз, ретсіз қолданылуына Тәуке бірталай тыйым салды.
Ресей империясы құрамына енгеннен кейін және дәстүрлі әлеуметтік
реттеу өзгергеннен соң барымта бастапқы мағынасын жойып, заңсыздық
аймағына кетті. Әрине, өзгерген заман жағдайында ескі әлеуметтік
құрылымдарды қайтадан қалпына келтіруге шақырудың теріс жақтары
айтпаса да түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: