203
Қазақ халқының фольклоры бай және алуан түрлі. Ол батырлық
жырлармен, жыраулар (дала ақындары) мен суырып салма ақындардың
мұраларымен, сонымен қатар басқа да жанрлардың: ертегілердің,
аңыздардың, мақал-мәтелдердің көптеген санымен ұсынылған. Осы
рухани мұраның көбісі біздің күнімізге дейін дәстүрлі ауызша
поэтикалық үлгіде жеткендігі есте қаларлық. Ежелден бері халықтың
рухани байлығын жеткізушілер және өздерінің шеберліктерін ән-
поэзиялық жарыстар-айтыста көрсетіп келе жатқан халық ақындары
ерекше құрметке ие болған. Бір де бір ірі іс-шара олардың қатысынсыз
өтпейтін болған, себебі оларға маңызды оқиғаны бағалаудағы құрметті де
жауапты роль жүктелетін болған. Айтыстардың кезінде ақындар
әлеуметтік, саяси және мәдени салалардағы халықтың өмірлік
мәселелерін көтереді. Орындаушылар өз әндерін ежелгі музыкалық
аспаптар-домбырада немесе қобызда ойнаумен сүйемелдеп отырған.
Халық арасында «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Едіге батыр», «Қыз Жібек» және
т.б. сияқты ежелгі эпикалық дастандар кеңінен танымал. Жаугерші
жыраулар Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберділердің; ежелгі
жыршылар-Кетбұғы,
Асан
қайғы,
күйшілер-Қорқыт
ата,
Құрманғазылардың жекелеген туындылары біздің күнімізге дейін жеткен.
Халықтың рухани қалыптасуында оның ұлы өкілдері әл-Фарабидің, М.
Қашқаридың, Ж. Баласағұнның, М.Х. Дулатидың, Ахмет Иасауидың,
Абайдың, М. Өтемісовтың, М. Әуезовтың және т.б. мұралары бүгінгі күні
үлкен рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: