205
10. XVIII-ХIХ ҒҒ. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
МӘДЕНИЕТІ
Мақсат:
Қазақ мәдениетін алғашқы зерттеген мәдениеттанушы
ғалым-Шоқан Уәлиханов, қазақ білімінің
негізін салушы-Ыбырай
Алтынсарин, қазақ философы және ақыны-Абай Құнанбайұлының
рөлдерін айқындау
10.1. Зарзаман мәдениеті. Қазақ билері
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі индивидуалдық және қауымдық
факторлардың арақатынасын қарастырғанда, оларды органикалық
тұтастық немесе адамдық ынтымақтасудың көшпелілік тәртібі деп
анықтауға болады. Хандық дәуірде бұл тәртіп
қазақ қоғамының болмыс
бітіміне сәйкес болғанымен, кейінгі трансформацияларда өзінің
үйлесімдіруші
функцияларынан айырылып қалды. Өйткені XVIII
ғасырдан бастап қазақтың әлеуметтік мәдениеті ішкі қисындылықтан гөрі
сыртқы әсерлер ықпалымен түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұл әсерлер
(Ресей отаршылдылығы, Қытай мен Орта Азия мемлекеттерінің
экспансиясы, жоңғар шапқыншылығы) қазақтың
әлеуметтік мәдениетін
шайқалтып жіберді.
Атамекеннің тарылуы қазақтың кісілік негіздерін шайқалтатын,
жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс қылықтардың
көбеюіне әкелді. Біз бұл жерде бодандық психологиядан тарайтын
жасқаншақтық, үрей, жағымпаздық, ұлт мүддесін сату сияқты
құбылыстарды айтып отырмыз. Қауымшыл кісінің (ынтымақтастық
құндылығы мағынасында) орнын «пысық» пен «масыл» басты.
Қазіргі
замандағы әдеп пен мәдениеттен тыс пысықтар («крутойлар») мен
алыпсатарлық «масыл буржуазиямен» оларды салыстыруға болады.
Бодандық адамның типтік ерекшеліктерін XIX ғасырда өмір сүрген
қазақ ақындары көркем суреттеген. Мысалы, Дулат Бабатайұлы бодан
пысықтарды былай шеңейді:
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады-ай.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады-ай,
Алдында түсіп топаңдай.
Жарлылардың торпағы,
Бір торпаққа он болып
Пысықтардың ортағы,
Қара шығын алымы-
Бай-кедейге бірдей боп
Шаңыраққа салығы,
Ел ұйытқысы шайқалып,
206
Төгіліп судай аққандай (Бес ғасыр жырлайды. 2-
ші том.-Алматы: Жазушы, 1985.-280 б.).
Дәстүрлі әдептен айырылу тек отаршыл әкімшілікпен байланысты
«жаңа қазақтарды» ғана емес, оған қоса бұрынғы дәстүрлі тұлғалардың
болмысын құлазытып жіберді. Дулат ақыннан тағы бір үзінді келтірейік:
Мынау азған заманда
Қарасы-антқор, ханы-арам;
Батыры көксер бас аман;
Қырсыға туды қыз балаң;
Нары-жалқау, кер табан;
Құсы-күйшіл, ат-шабан;
Жырғалаң жоқ, жобалаң,
Ебі кеткен ел болды (Бес ғасыр жырлайды. 2-
ші том.-Алматы: Жазушы, 1985.-280 б.).
Қазақ мәдениетіндегі қауымдық ынтымақтастықтың шайқалып,
кісілік
қасиеттер өрістей алмай, теріс қалықтардың көбейгенін тек
сыртқы факторлармен түсіндіру біржақтылыққа жатады. Тарихта
мынандай бір қағида бар: өзі бодандыққа көнгісі келмеген елді ешкім
бағындыра алмайды. Мысалы, палестиналықтарды Израил қаншама
қысқанымен, олар ел азаттығы үшін күресін тоқтатқан жоқ.
Отарлық қысым жағдайындағы қазақ мәдениетінде тұлғалық пен
қауымдық ынтымақтастықты, ел мен ер абыройы және намысын қорғауға
бағытталған үдерістер де болды. Тарихшылар атап көрсеткендей, отарлық
езгіге қарсы күрес қазақ мәдениеті өрісінде
бірнеше дараланған кісілік
типтердің қалыптасуына себеп болды. А. Сейдімбек отаршылдарға қарсы
300-ге жуық көтерілістер мен қақтығыстардың болғанын атап өтеді.
Құлдықты көтермейтін тәкаппар ерлер мен осы тұйыққа тірелген
жағдайдан шығу үшін жол іздеген ел даналарын жаңа мәдени
қаһармандар деп қарастыруға болады. Сондай тұлғалардың бірі-Мұрат
Мөңкеұлы еді. Ә. Қодар атап өткендей, Дулат пен Шортанбай сияқты
Мұрат сатқын қандастарын әшкерелеп, азаттық
туын жеке-дара көтеру
арқылы желбіретті.
Отарлық езгімен бірге келген орыстандыру саясатының халықтың
адамгершілік қасиеттерін жұрдай еткендігіне налыған ақын «қоңсыдан
туып би болған», «қара кісі хан болған», «асылзада баласының құл
болып», «асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл болғанын» батыл
сынайды. Оның пікірінше, халықты текті тұқымнан шыққандар ғана
басқаруы тиіс, «құлдан туған төрені, ақсүйектер ұлы деп», оған ел тізгінін
ұстау «адыра қалғыр заманының белгісіне» жатады. «Діні басқалардың ел
билеуін» бар пәленің бастауы деп есептеген Мұрат ақын, бекерден-бекер
жылай бермей, «кейінгі туған бала үшін», кейінгі ұрпақтың «сауабы
үшін», «күндердің күні
болғанда, обалы маған» болмас үшін «дулығалы
қара нарларды» атқа қонуға шақырады. Осындай ерлердің арасында
207
Кенесары хан ерекше орын алады. Абылайдың немересі Кене хан ұлт
азаттығы үшін күрестің рәміздік тұлғасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: