Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Бата беру – жақсы тілек білдіру.  Сері



Pdf көрінісі
бет141/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

Бата беру – жақсы тілек білдіру. 
Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі жігіт.
дәулеткерей Шығайұлы 
(1820–1887) – сазгер-күйшi, Кiшi жүздiң сұлтаны 
Шығайдың ұлы.
Бронислав Залесский (1820–1880) – поляк суретшісі. 1848–1849 жылдары 
А.И. Бутаков басқарған Арал экспедиясына суретші ретінде қатысқан. 1853 жыл-
ғы Ресей империясы әскерінің Ақмешітке (Қызылорда) жасаған жорығында да 
болған. Оның осы кездегі қазақтар жөнінде көлемді этнографиялық очеркі бар. 
«Қырғыздардың (қазақтардың) ерекше қабілетке ие екендігінде еш күмән 
жоқ. Бұл халық бүгінгі күні өзінің бірегейлігін сақтап қалған. Халық 
шығармашылығының үлгілері: мақал-мәтелдер, ән-күй, ертегілер, жұмбақтар, 
тарихи әңгімелер т.б. туындылар ха лықтың бай тарихының бар екенін айғақтап, 
бо лашақ дамуының кепілі болып табылады. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылу, 
кішіпейілділік, білімге құмарлық – қырғыздарға (қа зақ тарға) тән қасиеттер...»
Васильев А.В. Татарлар мен қырғыздардың (қазақтардың) өзара қатынасы 
туралы сипаттау материалдарына алдын ала қысқаша очерк. Орынбор, 1898, 
28–29-беттер. 
*
Т. Шевченко. Қазақ 
қызы Катя
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


166
1. Автор қазақ халқының бірегейлігін қалай байқаған? 2. Зерт те уші
А. Ва сильев қазақ халқының қандай қасиеттерін ерекше бө ліп көр сетеді?
1. «...Қазақ әншiлерiнiң арасында әндi ғажап орындайтын талантты жандар 
бар. Олар әннiң айтылу мәнерi мен әсерiн өздерiнше күшейтiп жiбере ала ды. 
Мұның өзi жай ғана ән салу емес, әндi на қы шы на келтiріп, артистiк шебер лiкпен 
орындау болып табылады. Қазақ халқы әндерiн өңдеп, көркемдiк қасиетiн арт-
тырудан жа лығып көрген емес. Соның арқасында қазақ әндерi өзiн ше бөлек, 
әсем болып келедi. Оның әуенiн ести бастағаннан-ақ қазақтардың әлдебiр өзiндiк 
ғажайып ортасына енiп кеткендей сезiнесiң. Қазақ да ласының бiрде аптап ыстық 
ауасын, бiрде жерiнiң ғажайып сұлу көрiнiсiн көз алдыңа елес теткендей, тiптi 
дала өсiмдiктерiнiң аңқыған хош иiсiн сезiн гендей бо ласың...»
Потанин Г. Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005,
3-том, 116-бет.
1. Г.Н. Потанин қазақтың әншiлерi мен сазгерлерiн қалай сипаттаған?
2. Ғалымның қазақ әндерiне деген көзқарасы қандай?
§45-46.
Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен 
ағарту ісінің даму ерекшеліктерін, Жәңгір ханның ағартушылық қызметін 
талқылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет