Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің мәдени-ағар-



Pdf көрінісі
бет144/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

3. Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің мәдени-ағар-
ту саласындағы қызметі. Хан өзiнiң қол астындағы 
халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениетi мен бiлiмiн 
ен гiзу, өлкеде ислам дiнiн дамыту саласында қыруар 
жұ мыстар ат қарды. 1835 жылы Жәңгiр хан ның 
тiкелей нұсқауы бойынша мешiт ашылды. 
1841 ж
ылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша, 
алғашқы зайыр лы 
мек теп ашылды. Мектепте орыс, 
араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, гео-
графия, тарих, дiнтану пәндерi де оқы тыл ды. Ол 
И. Гаспринский
Жәңгiр хан 
Медреселерге қарсы 
Ресей үкіметі қандай 
шектеулер қойды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


169
Жәңгір ханның 
мәдени-ағарту сала-
сындағы қызметі
Мешіт ашылды 
Зайырлы мектеп 
ашылды 
Қазақ балаларын 
Ресейдің оқу орын-
дарында оқытуға көп 
күш-жігер жұмсады 
Ісқағаздарын жүр-
гізу тәртібін енгізді, 
мұрағат қызметін 
құрды 
Аурухана және
дәріхана ашылды 
Қару-жарақ
палатасы ашылды 
Ағаш отырғызу
ісіне көп көңіл 
бөлді 
Мал тұқымын
асылдандыру ісі 
жолға қойылды 
мектептiң бүкiл шы ғынын өз қаржысының есебiнен 
өтеген. Жәңгiр хан қазақ балаларының Ресейдiң оқу 
орындарында білім алуын қолдап қана қойған жоқ, 
балаларды Санкт-Петербургта, Мәс кеуде, Аст ра ханда, 
Саратовта, Қазанда және Орынборда оқы ту ға жеке өзi көп күш-жi гер 
жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қо л астында ғы халықтың бала ла рын оқыту 
үшiн Орын бор да ғы Неплюев кадет корпусы нан 10 орын берiлуiне қол 
жеткiзген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бiрқа та ры кейiнiрек 
көрнектi инженерлер, орманшы лар, әскери қызмет шiлер, ғалымдар ретiнде 
даңққа бөлендi.
Жәңгiр хан барлық жерде
 iсқағаздар жүргiзу тәртiбiн енгiздi, же ке 
өзiнiң 
мұрағат қызметiн құрды. Денсаулық сақтау саласында хан  жұқ-
палы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Оның күш-жi гер жұмсауы 
арқасында Iшкi Ордада 
аурухана және дәрiхана ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет