Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет31/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

сенің көзқарасың
Ш. Уәлихановтың 
пікірімен келісесің 
бе? Қазақтың қай 
ханын Абылаймен 
теңестірер едің?
ойталқы
Абылай хан шексіз 
билікке қалай қол 
жеткізді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


38
Өзiнiң қол астындағы халықты не ғұрлым жақсы басқару үшiн Абылай 
үш жүздiң әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеушi етiп тағайындады. 
Ол сот билiгiн кү шейте түстi. Сонымен қатар 
белгiлi қазақ билерiнiң, сондай-ақ атақты қазақ 
батырларының беделiне арқа сүйедi. Сондай күштi, 
ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшiсi Бұқар 
жырау  болды. 
Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасын дағы өзара қырқыс, 
алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен ба рымта алуды тоқтатты. Ол 
қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулау мен айналысу-
ына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге 
барынша кө ңiл бөлдi. Ол қазақ даласында темiр ұстаханаларын салудың 
бас тамашысы болды. Абылай хан ақын-жырау, әншi-күйшiлер мен дiни 
қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.
3. Абылайдың сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы сая
саты өзiнiң 
икемдiлiгiмен әрi алыстан болжайтын көреген дi гi мен ерекшелендi. Абы-
лайдың сыртқы саяси қызметi Қа зақстан аума-
ғының ешкiм қол сұға алмайтын тұтастығын 
қам тама сыз ету ге бағытталды. Мәселен, Абылай 
Ре сей мен өзара қарым-қа тына сында тату-тәттi көр-
шiлiк саясатын ұстануға тырысты. Ре сей мемле-
ке тiмен дипломатиялық және сауда байланыста-
рын орнатты. Өз қол астындағы халықты Ресей 
әскери қызметкерлерiнiң орынсыз талаптары мен 
әрекеттерiнен батыл қорғай бiлдi.
Абылай күш-жiгерiн жоңғар шапқыншылығын әлсiретуге бағыттады. 
Бұл ретте Ресей дiң ықпалды әскери көмегi бола ма деген үмiтi ақталмады. 
Жоңғар лар Цинь империясымен бейбiт келiсiм жасағаннан кейiн барлық 
кү шiн батысқа қарай бұрды. Сөйтiп, 1741 жылы қазақтарға қарсы та ғы бiр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет