Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


анықта! Бұқаралық қозға- лыстың азаттық  күреске айналу  себебін көрсет. ойлан!



Pdf көрінісі
бет54/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

анықта!
Бұқаралық қозға-
лыстың азаттық 
күреске айналу 
себебін көрсет.
ойлан!
Көтерілістің алғаш-
қы кезеңін дегі 
негізгі үш оқиғаны 
атап, себебін 
түсіндір.
Сырым Датұлы Кіші жүз 
қазақтарының қандай 
құқықтарын қорғауды 
көздеді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


65
жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кiшi жүзден 
бiр жолата қуылды. Ол ендiгi жерде патша билiгiнiң 
қамқорлығына алын ды. Бiраз уақыт Калмыков 
бекiнiсiнде жасырын тұрды. Уфаға жер аударыл ған 
Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.
3. Көтерiлiстiң жетекшiсi және қоз ға у шы күштерi. 
Көтерiлiстi ха лыққа кеңiнен танымал батыр 
Сырым 
Датұлы басқарды. Ол Кiшi жүз дiң iшiндегi он екi 
ата 
Байұлы бiрлестiгiнiң Байбақты руынан шыққан 
iрi тұлға болатын. С. Дат ұлы өзiн шебер дипломат, 
әскери қолбасшы әрi көрнектi ұйымдастырушы 
ретiнде көрсете бiлдi. Көтерiлiсшiлердiң жетекшiсi әрi 
ше шен, әрi би ретiнде өз даңқын асырған едi. Ас қан 
ақыл дылығы мен тап қыр лы ғының арқасында «Бала би» атанған болатын.
С. Датұлы денелі, күшті, талай ерлік істерімен танылған, қайсар, өрмінезді 
адам еді. Замандастарының арасында ат құлағында 
ойнайтын ша бан доз дығы мен де ерекше ле нетiн. ХIХ 
ғасырдың екiншi жарты сында өмiр сүр ген ағылшын 
журналисi Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: 
«...
Сырым батыр – жiгерлi, терең ойлы, қайратты, 
ба тыл, тап қыр, айлалы ерекше тұлға».
Көтерiлiске қарапайым көшпелi қазақтардың едәуiр бөлiгi, стар-
шындар, билер және батырлар белсене 
қатысты. Олардың бәрi де Кiшi 
жүздегi барлық рулық бiрлестiктердiң өкiлдерi болатын. Көтерiлiс шi лердiң 
арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар едi. Со лар 
дың бірі – атақты 
батырдың жақын серiгi Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре.
Көтерiлiсшiлердiң қойған ең басты талабы – патша үкi метiнiң қа-
зақ жерлерiн тартып алуын тоқтату, сонымен қатар сұлтандардың,
хан ның және олар дың айнала төңiрегiндегiлердiң озбырлығына тыйым
салу еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет